Бағалау
І-тоқсан. 11-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырыбы: Нәтиже сабақ
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс
Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер қандай болады?
тұрақты, орнықты б) шашыраңқы
в) тұрақсыз, өзгермелі д) бір-біріне тәуелсіз
Мына сөйлемге сәйкес келетін тұрақты сөз тіркесін табыңдар. Менің әкем ылғи біреудің затын рұқсатсыз алма деп айтып отырады.
көзді ашып-жұмғанша Б) мұзға отырғызып кету
ала жібін аттамау Д) қырғиқабақ танытпау
Отбасындағы жақсы тәрбиеге жатпайтын ұғымды көрсетіңдер.
әдептілік, сыйластық Б) қызбалыққа салыну, үлкенге қарсы келу
жақсыдан үйрену, шыдамдылық Д) кешірімді, дауыс көтерш сөйлемеу
Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты жақсы көр, көзіңнің қарашығындай сақта. Берілген сөйлемдегі тұрақты тіркес қандай мағына беріп тұр?
А) қорғау, аялау Б) қарау В) көңіл бөлмеу Д) аманат ету
5.Қазыбек би өмірде не қымбат екенін айтты?
ақша, дүние б) Отан, әкең, анаң в) ақыл, жүрек, қайрат д) өмір, бостандық
6.Сөйлемді толықтырыңдар: « ... басында болса, бақыт жанында болады».
сана б) ақыл в) ми д) ой
7.Ана тәрбиесі кімге, әке тәрбиесі кімге үлгі?
көрші балаға, досыңа б) атаға, әжеге в)құрбыға, үлкенге д) қызға, ұлға
8.Қуану сөзінің мәнін ашатын тұрақты сөз тіркесін табыңдар.
а)екі езуі екі құлағына жету б) салы суға кету в) көңілі жай таппау д) ішіндегісін ақтару
9.Туыстық атауға қатысы жоқ сөзді табыңдар.
а)ата, әже, бала б) көрші, сырлас, ұстаз в) жиен, бөле, нағашы д) балдыз, құда, жеңге
Сабақты бекіту. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындаңдар.
Тұрақты сөз тіркестеріне тән ерекшеліктерді атаңдар. Мысал келтіріңдер.
Отбасында ұл балаға қандай, қыз балаға қандай істерді үйретеді?
Тұрақты сөз тіркестері сөйлемге қандай мән береді? Мысал келтіріңдер.
Қазыбек бидің нақыл сөзін жаттап алыңдар.
Үйге тапсырма. Қайталау
Бағалау
І-тоқсан. 13-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырыбы: Диктант
Мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың сауаттылығын тексеру.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ
Диктант мәтіні
Ақылыңа ақыл қос
Әкең мен анаң саған өмір сыйлайды. Олардың есіл-дерті - сен бақытты болса екен деу. Екеуінің денсаулығын сақта, бабын тап.
Сенің адал өмір сүруің, еңбексүйгіштігің, оқуда маңдай алды болуың, еңбектегі табыстарың - ата-аналарың үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. Өз үйіңнің бағын жандыра біл.
Анаң сен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, таң атырады. Сондықтан да, анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш нұрын, беймазалық пен әбігершілікті, қиналыс пен кемшілікті көре біл.
Ата мен әке алдында шыншыл бол. Ешкімнің ала жібін аттама! Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсат, ризалығын ал.
(В.А.Сухомлинскийден)
(95 сөз)
Үйге тапсырма. Қайталау
Бағалау
І-тоқсан. 13-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ІІ модуль. Өмірлік өнеге
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырыбы: Балам, білім ізде!
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
|