Сөздік
мақұл - хорошо
шаршап-шалдыгғу - сильно устать
әзер жету - еле дойти
ұйқыға шому - крепко заснуть
дабыр-дұбыр сөйлесу - говорить громко
жалқаулық - леность
айналып толғану - ласкать
ыңғайсыздану - чувствовать неудобство
тағатсыздана күту - ждать с нетерпением
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Сұрақтар:
Малдарға көкесі қандай жұмыс тапсырды?
Ол оны неге орындамады?
Әжесі немересінің жалқаулығын жасырған себебі неде деп ойлайсың?
Малдар өз қателігін сезініп, өкінуінің себебі неде?
Үйге тапсырма. 3-тапсырма. Төмендегі қажетті сөздерді пайдаланып, өлең шумағын құрастырыңдар.
Отбасымда ..., Ата-анамның
... пенен жарастық. Әрқашан да ... .
Қажетті сөздер: сыйластық, достық, тілегі, амандық.
Бағалау
І-тоқсан. 7-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырыбы: Үш ұстаным
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Төмендегі ұстанымдарға көңіл аударыңдар.
Көңіл аудару
Көңіл бәріне керек. Жақсы сөз, жылы сөз отбасыңызға керек. Бұл қиын емес қой!
Кешірім
Кешіре біліңіз және кешірім сұрай біліңіз.
Шыдамдылық
Өмірде қиындық көп кездеседі. Бақыт қиындықпен келеді.
1-тапсырма. Мына сұрақтар бойынша «Менің отбасымдағы үш ұстаным» атты мәтін құраңдар.
Саған отбасында кім көп көңіл бөледі?
Ата-анаң саған қандай жылы сөздер айтады?
Сен ата-анаңа көңіл аударасың ба?
Анаң саған қатты ашуланса, кешіре аласың ба?
Отбасында бір-бірлеріңді кешіре білесіңдер ме?
Отбасыңда болған қиындыққа шыдамдылық білдіре аласың ба?
Неге бақыт тек қиындықпен келеді?
2-тапсырма. Көшіріп жазып, достық не үшін керек екенін түсіндіріңдер.
Достық
Отбасыңызбен дос бола біліңіз. Ата-анадан еш нәрсе жасырмаңыз, дос сияқты сырласыңыз.
4-тапсырма. Үзіндіні рөлге бөліп оқыңдар.
Бала Абай
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек. Бөлек бір дос тапты. Онысы - әжесі. Одан қала берсе - шешесі.
Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып: Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... - деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып: Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... - деп, тағы да әңгімені тілегенін білдіруші еді. Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Сөздерден сөз тіркестерін құраңдар. Үлгі: дене - дене мүшелері
Дене - тело, туловище, ұзару – удлинение, ермек - забава, развлечение, әңгімеші – рассказчик, қажымау - не уставать, не утомляться, жалықпау - не лениться, ынта - усердие, интерес, увлечение
Бағалау
І-тоқсан. 8-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырыбы: Тәрбие тал бесіктен басталады
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Көшіріп жазып, осы тақырыпта білетін мақал-мәтелдеріңд і мысалға келтіріңдер.
Тәрбие
Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл аудару керек. Баланың өмірде түзу жолға түсіп, қоғамда орны бар тұлға болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты екенін ұмытпаған жөн.
1-тапсырма. Әңгімені оқып талдаңдар, әкенің тарбиесі туралы пікірлеріңді ортаға салыңдар.
Жаман ойдың себебі
Әкей жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты ақымақтар ғана істесін» деп өзінен-өзі ашуға бой алдырды. Осыны естіген баласы да «Сабақ күннен-күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, жаман ойда жүреді. Сөйтіп, оқуға салқын қарай бастайды.
3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сөйлем құраңдар.
ашуға бой алдырды - ызаланды
салқын қарай бастайды — жақтырмады
4-тапсырма. Сызбаны толықтырып, сөйлем құраңдар
Менің ата-анам
үйретеді.
Қажетті сөздер: үлкенге құрмет, кішіге ізет, жақсыдан үйрен, бауырмалдық, жаманнан жирен, кешірімділік, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |