«Сіз», «біз» деген жылы сөз
«Сіз», «біз» деген жылы сөз,
Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады ип тілектх.
Біреуге бЗреу жақсылық Тілесе ер кез жаны ашып,
Осы бір ШЫрЫН~ТОТ ТіЛіК Тұрмай ма жанға жарасып?!
Баршаға керек жақсылық!
Жақсылық сүйер жанымыз,
Баршаға жетер жақсылық,
К,ызғанбай бөліп алықыз!
«Сіз», «біз» деген жылы сөз - Жақсылықтың метрі.
Бір-біріне болып кез,
Кең болсын адам пейцп!
(0. Тцрманжанов)
Сұрақтар:
Адын адамдар арасындағы сыйластықты қалай берш тұр?
Сендер тмдерге жанашырлыд сөзімдерщді бйццресіңдер?
Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?
тапсырма. Төмендегі қажеттг сөздерді пайдаланып, елен, шумағын құрастырыңдар.
Отбасымда ..., Ата-анамның
... пенен жарастыд. Әрдашан да ... .
ҚажетпгЬ сөздер: сыйластық, достыд, талей, амандыд.
тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.
0КіНііН
Малдаржан, мектептен келген соң, қозыларға шеп орып әкел, - деді көкесі жұмысда кетін бара жатып.
Мадұл, көке.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті.
Біреуге біреу жақсылық
Тілесе әр кез жаны ашып,
Осы бір шырын-тәттілік
Тұрмай ма жанға жарасып?!
Баршаға керек жақсылық!
Жақсылық сүйер жанымыз,
Баршаға жетер жақсылық,
Қызғанбай бөліп алыңыз!
«Сіз», «біз» деген жылы сөз
-Жақсылықтың мейірі.
Бір-біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі!
(Ө.Тұрманжанов)
Сұрақтар:
Ақын адамдар арасындағы сыйластықты қалай беріп тұр?
Сендер кімдерге жанашырлық сезімдеріңді білдіресіңдер?
Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?
Өкініш
Бірақ Малдар мектептен келгенде әкесінің айтқанын ұмытып кетті. Әжесі тамаққа тойдырған соң, далаға шығып, доп қуа жөнелді. Содан күн батуға жақындағанда шаршап-шалдығып үйге әзер жетті. Әжей шөп әкеліп, қозыларды көгендеп қойған екен. Ол қуанғанынан кереуетке құлай кетті де, сол бойы тәтті ұйқыға шомды. Бір кезде дабыр-дұбыр сөйлескен дауыстан оянды. Ақырын көзін ашып қарағанда әке-шешесінің жұмыстан келіп, әжесімен бірге тамақ ішіп отырғанын көрді.
Малдаржан сабақтан келген соң, тамақ ішті ме? - деді көкесі.
Жоқ, қолы тимеді, - деп жауап берді әжесі немересінің жалқаулығын жасырып. - Оқудан келді де, шөпке кетті. Одан соң арқандаулы сиырды суарды. Айналайын, содан шаршап қалған-ау, келді де, тамаққа қарамай ұйықтап кетті.
А? О, азамат болды десеңізші. Міне, міне, жігіт болды деген осы. О, айналайын, жарайды ол.
Көкесі мен шешесі әжейдің сөзіне сеніп, ұлдарын айналып-толғанумен болды. Ал мұның бәрін тыңдап жатқан Малдар олардың өзін босқа мақтап отырғанын біліп, іштей қатты ыңғайсызданды. Осы кезде Малдар сол жұмыстың бәрін өзі істемегеніне өкінді. Онда ол ата-ананың шын қуанышы болар еді-ау!
Малдар таңның атуын тағатсыздана күтті. Себебі ол ертең әжесіне жалған айтқызбайтынына, әке-шешесін шын қуандыратынына сенімді еді. (Д.Исабеков)
Достарыңызбен бөлісу: |