Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет32/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, аудару

Мәтінмен жұмыс. Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі тарихи және мәдени мекеме. Мұражай 1987 жылы қыркүйекте ашылған. Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұрады:1.Әуез бөлмесі; 2. Мұхтардың балалық, жастық шағы; 3. Анасының бөлмесі;

«Абай жолы» романы; 5. Мұхтар отбасы; 6. Мұхтар шет елдерде; 7. Мұхтар туған жерінде соңғы рет; 8. Сыйлықтар залы. Барлығы 1000-ға жуық экспонат бар. Оның 610-ы негізгі қорда. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Президенттік мәдени орталық қай қалада орналасқан? Астана қаласында

2.Ол қандай ғимарат? Зәулім, жаңа үлгідегі ғимарат

3.Ол қандай мекемелердің бірігуі арқылы құрылған кешен? Екі Республикалық мекеменің бірігуі арқылы

4.Мұражай қорында қанша бірлік сақталған? 143 223 бірлік

5.Экспонаттар қандай бөлімдерге бөлінген? 3-негізгі қор, ғылыми-қосалқы қор, уақытша сақтау қоры

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Мәтіннен 5 сөз таңдап алып, фонетикалық талдау жаса.

Бағалау

ІІІ-тоқсан. 2-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІІІ модуль. Мұражай экспонаттары

Тақырыбы: Орталық мұражайдағы экспонаттар

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

2-тапсырма. 1)Қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндірме сөздік арқылы анықтап, олардан сөйлем құраңдар.

Ұлы Жібек Жолы, торық, кесеқап, мес, ер-тұрман, жүген, өмілдірік, құйысқан, қамшылар, етік, мәсі, кебіс.

2) Мұражайдың археологиялық қорында сақталған заттарды атап шығыңдар.



Көне түркі руханиятына қатысты (5-8) тас мүсіндер, балбал тастар, ескерткіштер, т.б.

3) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.



1.Қазақ халқы уақыттың басым көпшілігін ат үстінде өткізгендіктен, ердің жасалу түрлеріне көп мән берген.

2.Ерді қайың ағаштан жасап, тұзды суға қайнатып, иленген түйе терісімен қаптайды.

4) Қос сөздердің жасалу жолын анықтаңдар.

Қос сөздер: қару-жарақ, киім-кешектер, ыдыс-аяқтар, тұрмыс-салт, әлеуметтік-экономикалық.

3-тапсырма. «Орталық мұражайдағы экспонаттар» мәтіні бойынша диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер.


  • Орталық мұражайдың археологиялық қорында нелер бар?

  • ..........

  • Мұражай қорында нелер сақталған?

  • .........

  • Этнографиялық мүліктерді атаңдар.

  • .............

  • Қандай әшекей бұйымдар жиналған?

  • ............

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрап келу.

Бағалау

ІІІ-тоқсан. 3-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІІІ модуль. Мұражай экспонаттары

Тақырыбы: Есік Алтын Адамы – мұражай экспонаттарыңы бірі

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

2-тапсырма. Сөйлемдерге мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып жазыңдар.

1)Алтын адамды 1969-1970 жылдары ....................... .

2) Алтын адам киімі 4000-ға жуық .................................. .

3) Бас киімінің ұзындығы .......................... .

4) Алтын адам – Қазақстанның ........................ .

5) Оның тұлғасы Алматы қаласының .......................... .

3-тапсырма. Мәтіннен қос сөздерді теріп жазып, жасалу жолдаын түсіндіріңдер.

1.Алтын адамға сипаттама беріңдер.

2.Қос сөздері бар сөйлемдерді теріп жазып, талдау жасаңдар.


    1. дары археолог Кемел Ақышев тапқан.

Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталады.

  • «Есік Алтын адамы» мәтінін төмендегі мәтіннен және қосымша әдебиеттерден алынған мәліметтерді қосып әңгімелеңдер.

Бұл қабірден 30-дай ыдыс шыққан. Олардың ішінде күміс зереннің сыртына 26 әріптен құралған екі жол жазу жазылған. Бұл жазу «Есік жазуы» деп аталған. Зерттеген ғалымдардың айтуынша, «Есік жазуы» осы уақытқа шейін ғылымға белгісіз (таңбамен) жазумен жазылған. Есік жазуына ерте замандағы Қазақстан тұрғындары бізден 2300-2500 жыл бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалан білгенін көрсетеді.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. Мәтіннен 5 сөз таңдап алып, фонетикалық талдау жаса.

Бағалау

ІІІ-тоқсан. 4-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІІІ модуль. Мұражай экспонаттары

Тақырыбы: Диктант

Мақсаты:

1) білімділік: оқушылардың сауаттылығын тексеру.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ

Алтын адам
Алтын адамның бас киімі кейінгі қазақ киім үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзігі, қамзолы құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Киім үлгісі, жерлеу рәсімі Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

96 сөз

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. Қайталау

Бағалау

ІІІ-тоқсан. 5-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІІІ модуль. Мұражай экспонаттары

Тақырыбы: Тіл дамыту

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді аударма сөздікті пайдаланып түсініп оқып, жоспар құрыңдар. Жоспар бойынша әңгімелеңдер. Мәтінге ат қойыңдар.

Жауап үлгісі: Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражай. Жоспар:

1.Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайда қойылған бұйымдар.

2.Сирек кездесетін экспонаттар.

3. Мұражайдың орналасқан жері.



2-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден диалог құрастыру, жазу. Жауап үлгісі:

1.Орталық мұражайдың ғимараты қай жылы салынды?

2.Мұражайдың басты мақсаты қандай?

3.Орталық мұражайдың қорында не сақталған?



3-тапсырма. Диалог бойынша сөйлесу

- Сен алғашқы мұражай қалай қалыптасқанын білесің бе?


- Иә. Алғашқы мұражай бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени құндылықтарды сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасқан.
- Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды?
- Көне замандағы коллекциялар.
- Ал коллекция ісімен кім айналысқан?
- Аристотель, Рим патшасы, Юлий Цезарь.
- Еуропада мұражайлар қашан пайда болды?
- Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғасырларда пайда болды.
- Алғашқы мұражайлардың қандай түрлері ашылған?
- 1820 ж. Германияда өнер музейлері құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи музейлер құрылды. 19 ғ. этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық музейлер құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж(халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты.
- Ал Қазақстанда мұражай тарихы қашаннан басталады? - 1830 жылдан басталды.
- Рақмет, бүгін мұражайлар туралы көп мәлімет алдым.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Мәтіннен 5 сөз таңдап алып, фонетикалық талдау жаса.

Бағалау

ІІІ-тоқсан. 6-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІІІ модуль. Мұражай экспонаттары

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру.

1.Мұражай қай тілден аударғанда «муза сарайы» дегенді білдіреді?

А.латын тілінен Б.грек тілінен В.парсы тілінен Д.орыс тілінен

2.Мұражайлардың қалыптасуына не негіз болды? А.мәдени құндылықтар Б.қазыналық қор В.көне замандардағы коллекциялар Д.бағалы бұйымдар

3.Ә.Қастеев атындағы республикалық ... А.археология мұражайы

Б.кітап мұражайы В.асыл металдар мұражайы Д.өнер мұражайы

4. Қос сөздерге қандай тыныс белгі қойылады?

А.дефис Б.нүктелі үтір В.қос нүкте Д.қиғаш сызықша

5.«Абай жайлауда» портреті әп-әдемі салынған. Сөйлемдегі қос сөз қалай жасалған?

А.Бір сөздің қайталануы Б.екі түрлі сөздің қайталануы

В.күшейткіш буындардың қосарлануы Д.мағынасыз екі сөздің қайталануы

6.Мұражай ісіндегі ерекше бағыт – инфрақұрылымдар. Сөйлемдегі неологизмді тап.

А.мұражай Б.ісі В.бағыт Д.инфрақұрылым

7.Қазақстанда 1913 жылы мұражайдың саны қанша болды? А.3 Б.29 В.25 Д.154

8.М.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды?А.1920 ж Б.1985 ж В.1963 ж Д.1951 ж

9. 1991 жылы 9 қазанда қандай мұражай ашылды?

А.М.Әуезов атындағы мұражай Б.Ғ.Мүсірепов атындағы мемориалдық мұражай

В.Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы Д.Абай-Шәкәрім кешені

10.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы қай қалада?

А.Алматы Б.Ақтөбе В.Астана Д.Қарағанды

Сұрақтарға жауап беріңдер.



  1. Мұражай ісінің негізгі бағыттары қандай?

  2. Еуропада мұражайлар қай ғасырда пайда болды?

  3. 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан қандай мұражай ашылды?

  4. Неолгизмдер тілге қалай енеді?

  5. Қос сөздер қалай жасалады?

  6. М.Әуезов атындағы мұражайда нелер бар?

  7. Мұражай мен көрмелерге барғанда адам өзін қалай ұстау керек?

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Қайталау

Бағалау

ІІІ-тоқсан. 7-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІХ модуль. Радио. Ақпарат құралдары. Журналистика.

Өздік етіс. Лепті сөйлем.

Тақырыбы: «Ақпарат» ұғымы

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, аудару

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, «Ақпарат» ұғымының мәнін аанықтау.

Ақпарат құралдары

Ақпарат (информация) латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, хабардар ету дегенді білдіреді. Бұл сөздің бірнеше мағынасы бар:



  1. Істің жағдайы қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру.

  2. ХХ ғасырдың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы сигналдар алмасуды, тұқымқуалаушылық белгісін бір жасушадан басқа бір жасушаға, бір ағзадан екінші бір ағзаға жеткізуді қамтитын жалпы ғылыми ұғым.

  3. Кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі – ақпарат. Ақпаратты жеткізу, қабылдау, түрлендіру және сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы айналысады. Ақпаратты зерттеуде математикалық статистика әдістері де қолданылады.

  4. Ақпарат оқиғалы, түсініктемелі және іргелі, көркем әрі публицистикалық болуы мүмкін.

Сөздікпен жұмыс

Тұқымқуалаушылық – наследственный

Дерек – сведение

Ағза – организм

Жеткізу – доставка

Қабылдау – прием

Түрлендіру – изменение

Сақтау – сохранение

Іргелі – фундаментальный

Сабақты қорытындылау. 2-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?

  2. Оның басты мағынасы қандай?

  3. Ақпарат ғылымдардың қай саласында кезедесетін ұғым?

  4. Ақпаратты жеткізу, қабылдау, түрлендіру және сақтаудың мәселелерімен қандай теория айналысады?

  5. Ақпарат тағы қандай болуы мүмкін?

Үйге тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құрап келу.

Бағалау

ІІІ-тоқсан. 8-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІХ модуль. Радио. Ақпарат құралдары. Журналистика.

Өздік етіс. Лепті сөйлем.

Тақырыбы: Ақпарат құралдары

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, аудару

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, диалог құраңдар. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.

Ақпарат құралдары – мемлекет тәуелсіздігінің саяси-экономикалық және ғылыми-технологиялық дербестігімен пара-пар басты белгілердің бірі. Ақпарат құралдары кең мағынасында: бұған жұртшылыққа хабар тарататын құралдардың бәрі – газет, журнал, телевизия және радио, ғылыми хабаршылар, бюллетеньдер, пресс-релиздер, ғылыми жинақтар, жарнамалық мәтіндер, таблоидтер жатады.

Қалыптасқан мағынада мерзімді баспасөз телевизия мен радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байланыс жүйелері енеді. Баспасөз, телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарын түсіндіреді. Бұл материалдарына көркемдік түр мен сипат береді. Сол арқылы көрерменнің, тыңдарманның эстетикалық сұранысын өтейді. Ақпарат құралдарына дәл пікірді «Би-би-си» компаниясының тұңғыш бас директоры Джон Рейт берді. Ол хабар тарату саясатынан – «хабарлау, ағарту, көңіл көтеру» секілді үш негізгі ұстанымды бөліп алды. Бұл үш ұстаным бүгінгі таңда радио мен теледидарға айқындауыш ретінде қалып отыр. Осы үш бағыттың ішінде хабарлау теледидардың қызғылықты, жедел, тартымды, көпөрісті, ауқымды болуына және көзқарас пен жария пікірге кең жол ашты.

Сөздікпен жұмыс


Байланыс жүйесі – система связи

Пара-пар – равный

Белгілер – атрибуты

Жұртшылық – общественность

Сұраныс – спрос

Ұстаным – принцип

Айқындауыш – определитель

Көзқарас – мировоззрение



Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма.5-тапсырма.Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді аяқтап, синтаксистік талдау.

Сөйлемнің басы

Сөйлемнің аяғы

1.Ақпарат құралдарына ...
2.Баспасөз, телевизия және радио ...

3.Джон Рейт хабар тарату саясатынан - ...



1. «Хабарлау, ағарту, көңіл көтеру» сияқты үш негізгі ұстамды бөліп алды.

2.Жұртшылыққа хабар тарататын құралдардың бәрі – газет, журнал, телевизия, радио, т.б. жатады.

3.Көпшілікке ұсынылатын материалдарын түсіндіреді.




Бағалау

ІІІ-тоқсан. 9-10-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІХ модуль. Радио. Ақпарат құралдары. Журналистика.

Өздік етіс. Лепті сөйлем.

Тақырыбы: Тіл дамыту. Сұхбаттасу

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген сызба бойынша әңгімелеңдер.

Радиохабар – радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, шұғыл ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат, жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бірі.

Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар, көркем жанрлар. Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалған драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.

2-тапсырма. Сөздерден өздік етіс жасаңдар да, оларды қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңдар. Үлгі: сүрт-ін

Сүрт, жасыр, сайла, сал, жуғ көр, мақта, арқала, толған, тазала, қыр, гүлде, жасыр, сұра.

3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді оқып, сөйлеушінің қандай көңіл күйін білдіріп тұрғанын анықтаңдар. Сөйлемдерді әр түрлі дауыс ырғағына салып оқыңдар.

1.Пай, пай, киелі неткен жер!

2.Құрметті қазақстандықтар және қонақтар!

3.Қазақ жерінің астанадай таңғажайып шаһары болған емес!

4.Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Алматыдан сөйлеп тұрмыз.

5. «Шалқар» радиосынан Роза Рымбаева ән шырқады. Не деген керемет дауыс десеңізші!

6.Қап, тоқтай тұр, мен саған көресіні көрсетемін әлі!



Сөздікпен жұмыс

Үлгі – образец

Қастерлеу – уважать

Жетік – в совершенстве

Зерек – способный

Болмыс-бітімі – натура

Реңк – оттенок

Дауыс сарыны – тембр голоса

Тыныс алу – передышка

Ырғақты кідіріс – оптимистичная пауза

Ділмар – оратор, красноречивый



Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құрап, синтаксистік талдау жасап келу.

Бағалау



ІІІ-тоқсан. 11-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІХ модуль. Радио. Ақпарат құралдары. Журналистика.

Өздік етіс. Лепті сөйлем.

Тақырыбы: Байжанбаевтың дикторлық мектебі

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ.


Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құрап, синтаксистік талдау жасап келу.

Бағалау



ІІІ-тоқсан. 11-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІХ модуль. Радио. Ақпарат құралдары. Журналистика.

Өздік етіс. Лепті сөйлем.

Тақырыбы: Радио

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ.


Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құрап, синтаксистік талдау жасап келу.

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет