Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет26/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

Үйге тапсырма. Қайталау

Бағалау

ІІ-тоқсан. 1-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі

Тақырыбы: Киіз үй

Мақсаты:

1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мына сөздердің аудармасымен танысып, дәптерге көшіріп алыңдар.

Сөздік

шаңырақ — деревянный круг на верхушке юрты; переносное значение — потомство, семья кереге — деревянная решетка, образующая круглые стены

уық - унины (вогнутые жерди, на которых держится верхний купол юрты)

шаңырағың биік болсын - (благое пожелание) пусть будет крепка се­мья! (дословно: Чтобы высоким был шаңырақ)

киіз үй — юрта

жұпұмыр - гладкий, ровный

күн сияқты - как солнце

баспана - кров, приют, жилище

киелі - святой

дәм тату - отведать (попробовать пищу)

сәлем беру - здороваться

2-тапсырма. Мына өлеңді оқып, кездескен этнолингвистикалық атауларды атаңдар.

Сен - қазақсың!

Қазақ, деген ел бөлек.

Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.

Киіз үйі жер сияқты жұп-жұмыр,

Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.(К.Ахметова )

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Жапсырмадағы №5, №6 суреттерге қараңдар.

Киіз үй

Киіз үй - «атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй - тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халқының тұрақ, жайы. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз. Киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мақтанышы деп бағаланды. («Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)

4-тапсырма. Сөйлемдерге сұрақтар құрап жазыңдар.

  1. Киіз үй - ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы.

  2. Оны қастерлсп ұстаған қазақ халқы екенін мақтанышпен айтамыз.

  3. Киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді.

  4. Киіз үй - қазақтың тұрағы, еншісі, баспанасы.

5-тапсырма. Киіз үйдің бөліктерінің сипаттамасын суреттеріне қарап орналастырып, көшіріп жазыңдар.

Киіз үйдің негізгі бөліктері

  • Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады.

  • Уық - кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі.

  • Шаңырақ киіз үйдің күмбез еңсесін құрап, үй сүйегін тұтастырып тұрады. Шаңырақ - киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді дара шаңырақ деп құрметтейді. Қара
    шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген ұғымды да бейнелейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені.


6-тапсырма. Сызбаны пайдаланып, тілек айтып көріңдер.

Керегең ...

Шаңырағың ...

Терезең ...

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 7-тапсырма. С.Мұқановтың шығармасын оқып, кездескен этноатауларға сипаттама беріңдер.

Киіз үйдің шаңырағы өзіндік ерекше мәнге ие. Ол бүкіл бір әулеттің негізгі баспанасы дегенді де білдіреді. Осыдан келіп «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген ерекше статусты білдіретін атаулар қалыптасқан. Бір атаның кенжесі қара шаңырақ иесі бо­лып қалған. Ата-баба аруағына бағыштап, қара шаңыраққа сыбаға әкелу кіші үй келіндеріне міндет саналған. Бұл атаулар - үлкен үй, қара шаңырақ - қазіргі кезге дейін сақталған. (С.Мұқанов)

Бағалау

ІІ-тоқсан. 2-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі

Тақырыбы: Киіз үйдің ішкі көрінісі

Мақсаты:

1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. «Киіз үйдің ішкі көрінісі» мәтінін сөздіктің көмегімен түсініп оқып, киіз үй жабдықтарының атауын көшіріп жазыңдар. Сөздік

бас сұғу - входить, переступать порог

ішкі көрінісі - внутренний вид

таңғалу - удивляться

кестелеу - украшать узорами

тігін тігу - заниматься шитьём

Екі жолаушы келе жатып, даладағы жалғыз үйді көрді. Бұл жалғыз не қылған үй деп қасына жақындады. Бір жолдасы үйге бас сұғып, ешкім жоқ екенін аңғарды. Жолдан шаршаған олар иесі болмаса да, демалмақшы болып, үйге кіреді. Киіз үйдің ішкі көрінісін көріп таңғалады.

Босағадан аттай бергенде, төрде тұрған сандық бірден көзге түседі. Сырты темірмен қапталған, оның үстіне ою түскен. Қасындағы төсекағашта жинаулы тұрған көрпе-төсектер түрлі-түсті, ою-өрнекті. Керегеге ілінген тұскиіз де тоқылып, кестеленіп жасалған. Жерге жайылған алаша үйге ерекше сән беріп тұрғандай. Алашада қызыл, жасыл гүл өрнектелген.

Ыдыс-аяқ қоятын асадал жеңіл ағаштан жасалған. Оның үстіндегі ыдыс-аяқтар да таза, ретімен жиналған.

Киіз үйдің ішкі көрінісін тамашалап тұрған екі жолаушы шаршағанын ұмытып, өздерін мұражайда жүргендей сезінді. Бір жолаушы: «Бұл үйден-ақ азаматының шебер, ал әйелінің қолынан іс келетін, тігін тігетін жан екенін аңғару қиын емес» деп ойлады.

2-тапсырма. Киіз үйдің жиһаздарына берілген анықтамаларды атауымен сәйкестендіріңдер.

Этнолингвистиалық атаулар

Сипаттамасы

Босаға

Екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш

Маңдайша

Түндікті көтерш тұратын ағаштан ши жасалған бөлшек

Табалдырық

Кереует

Күлдіреуіш

Киіз үйдің маңдайшасы мен табалдырығын қосатын және кереге бекітілетін ағаш

Шөміш

Қазанды оттан түсіргенде қолға киетін қолғап тәрізді киіз

Төсекағаш

Екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш

Тұтқыш

Көшкенде ыдыс-аяқ салатын киіз дорба

Ішік

Жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан

Туырлық

Киіз үйдің бөлшегі, шиден тоқылған бұйым

Үзік

Туырлықтың бөлігі

Белдеу

Іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім

Ши

Кереге бойын шаңыраққа дейін жабатын киіз

Дедеге

Кереге басы тұсына оюлап жасалған әшекейлі киіз

Түндік

Атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін арнайы жасалған ер

Мосы

Өгізге жүк артуға не мінуге арналған ағаштан жасалған биік ер

Ыңыршақ

Ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісіретін, үш тағанды темір құрал

Ашамай

Шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз

Аяққап

Ожау

3-тапсырма. 2-тапсырмадағы анықтамалардың ішінен көмекші есімдерді теріп жазыңдар.

4-тапсырма. Берілген атауларды мына бағандарға бөліп жазыңдар.

Киіз үйдің бөлшектері

Үй жиһаздары

Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар










5-тапсырма. Жапсырмадағы №7, №8 суреттерге қарап, мәтін құраңдар.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 6-тапсырма. Берілген қатардағы артық сөзді алып тастап, көшіріп жазыңдар.

  1. Шаңырақ, күлдіреуші, уық, кереге, төбе.

  2. Түндік, ши, қабырға, желбау, белдеу.

  3. Сандық,тоңазытқыш, кебеже, жүкаяқ, жастықағаш.

  4. Бөстек, басарқан, диірмен, асық, әбдіре, көсеу.

Бағалау

ІІ-тоқсан. 3-сабақ



Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі

Тақырыбы: Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет