Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі


Үйге тапсырма. 5-тапсырма



бет29/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Үйге тапсырма. 5-тапсырма. 4-тапсырмадағы мәтінді көшіріп жазып, сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.

Жауап үлгісі:

Тұрлаулы мүшелер: бастауыш пен баяндауыш.

Бастауыштар: Б.Табылдиев, суреттер, суреттер, өмірі, тұтыну заттары.

Баяндауыштар: безендірген, рухани азық болып келеді, бейнелеп береді, қызықтырады.

Бағалау
ІІ-тоқсан. 12-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

Ү модуль. Қазақстан суретшілері

Қалау рай

Тақырыбы: Тіл дамыту

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды тақырыптар бойынша ауызкі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Қазақ бейнелеу өнері дегеніміз не?

  2. Қазақстандағы 1920 жылы ұйымдастырылған бейнелеу өнерінің студиясында кімдер сабақ берді?

  3. Қалау рай қалай жасалады?

  4. Қалау райға мысал келтіріңдер.

  5. Әбілхан Қастеев салған портреттерді атап шығыңдар?

  6. Ж.Қайрамбаев, Б.Табылдиев туралы не білесіңдер?

2-тапсырма. Тест жұмыстарын орындаңдар.

1.Қазақ бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі.



А.халықтық қолөнер Б.кескіндеме В.графика Д.мүсін өнері

2.Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кімдер тұрды? А.Ә.Қастеев Б.С.Герасимов



В. Ш.Уалиханов Д. А.Пластов

3.19ғ.реалистік кескіндеме мектебін қалыптастырған орыс суретшісі кім?

А. С.Герасимов Б. А.Пластов В. И.Савельев Д. Н.Хлудов

4.Қалау райлы сөйлемді көрсетіңдер. А.Мен болашақта суретші болғым келеді.

Б.Менің әкем суретшілер Одағының мүшесі. В. Жас суретшілер сурет салды.

Д.1928 жылы Семейде бейнелеу өнерінің көрмесі ұйымдастырылды.

5.Қалау райдың жұрнағы? А.-са, -се Б.-ғы, -гі, -қы, -кі В.-да, -де. Д. –қан, -кен

6.Ә.Қастеев кім? А.дарынды ақын Б.халық суретшісі В.әнші Д. қолөнер шебері

7.Мына етістіктердің қайсысына –қы, -кі жұрнағы жалғанады?

А. айт, сөйле Б. жаз, сал В.жүр, көр Д.бар, отыр

8.Ә.Қастеевтің 1937 жылы салған суреті? А. «Бүркітпен аң аулау» Б. «Түріксіб»

В. «Абай жайлауда» Д. «Жамбылдың портреті»

9.1940 жылы 6 наурызда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген кім? А.Б.Табылдиев Б.Ә.Қастеев В. Кәрім Бекенов Д.Ш.Айтматов

10. «Бұл кітаптағы суреттер балалардың бірнеше буынына ... ... болып келеді». Көп нүктенің орнына сөзді қой. А.тұрмыстық тұтыну Б.рухани азық В.әсемдік әлемі Д.өзгеше өрнек

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Қайталау

Бағалау

ІІ-тоқсан. 13-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІ модуль. Сурет галереясы

Қалау рай

Тақырыбы: Портрет деген не?

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларға портрет туралы түсінік беру.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау

Сөздікпен жұмыс

Көзқарас – мировоззрение

Тұрмыстық – бытовой

Ой – мысль

Мағына – значение

Айнытпау – похоже

Қиял – вооброжение

Өзгерген емес – не изменился

2-тапсырма. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

1.«Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер» көрмесінде 150-дей портрет болды.

2.Оның біраз бөлігі өткен жүзжылдықта жасалған.

3.Экспозицияға қойылған жұмыстардың арасында өзара дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар:



  1. Кескіндеме бейнелеу өнерінің қай саласы?

  2. Кескіндемеде нелер қолданылады?

  3. Жанр деп не аталады?

  4. Жанрдың түрлері қандай?

  5. Натюрморт қашан пайда болған?

  6. Натюрморт деген не?

  7. Пейзаждың басқа жанрлардан айырмашылығы қандай?

  8. Қандай атақты суретшілерді білесіңдер?

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдегі етістіктерден қалау райдың ІІІ жағын жаса.

Жауап үлгісі:

Біреулері натюрморт салғысы, екіншісі портрет, үшіншісі пейзажды суреттегісі, төртіншісі әр түрлі тарихи тақырыпты, тұрмыстық көріністер, т.б. жазғысы келеді.

Бағалау

ІІ-тоқсан. 14-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІ модуль. Сурет галереясы

Қалау рай

Тақырыбы: Қылқалам шебері

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларға қылқалам шебері туралы түсінік беру.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Қылқалам шебері Е.Сидоркин туралы мәтіметті оқып, мазмұнын айту.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы нешінші жылы құрылған?

2.Бұған дейін қандай көркемсурет галереясы болған?

3.Осы облыстық көркемсурет мұражайының туындылары ұалай жиналған?

3-тапсырма. Диалог бойынша сұхбаттасыңдар.



  • Менің қазақ суретшілері мен мүсіншілерінің шығармаларымен танысқым келеді.

  • Онда сурет галереясына барайық.

  • Бұл кімнің мүсіні?

  • Абай Құнанбаевтің мүсіні.

  • Қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын қайдан көруге болады?

  • Осы бөлімнен көруге болады.

  • Революцияға дейін қазақтарда бейнелеу өнері болған ба?

  • Әрине болған.

  • Мына портретті кім салған?

  • Қазақстан Республикасының халық суретшісі Айша Ғалымбаева.

  • Менің Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің картиналарын көргім келеді.

  • Онда біз келесіде Ә.Қастеев атындағы мұраджайға барамыз.

Сөздікпен жұмыс

Айбатты – мужественный

Түгілі – не только

Танымал – известный

Шексіз – безграничный

Құндылығы – ценность

Дерек – сведение

Отаншылдық – патриотизм



Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрап келу.

Бағалау
ІІ-тоқсан. 15-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІ модуль. Сурет галереясы

Қалау рай

Тақырыбы: Тіл дамыту

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Олардан етістіктің қалау райын пайдалана отырып, сөйлем құраңдар.

Кескіндеме –

Натюрморт –

Портрет –

Көрме –

Сурет галереясы –


2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді қалау райына қойып, жазыңдар. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

1.Қарағанды суретшілерінің көпшілігі қала және өндіріс пейзажының жанрларына ерекше көңіл бөлген.

2.Мұндағы шеберлердің мақсаты – тек көріністі беру ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта әлемі және адамдардың көңіл күйі мен ой толғанысының өзара әрекеттесуін бейнелеу.

3.Ол сурет галереясына мектеп оқушыларын апарды.

4.Суретші адамның сырт бейнесімен қатар, оның ішкі жан дүниесін де сезе білді.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әрі қарай жалғастырыңдар. Қандай суретшінің суреттері ұнайды? Оларда не бейнеленгенін суреттеп беріңдер.

Менің үйім сурет галереясына жақын жерде орналасқан. Сурет галереясына әкеммен жиі барып тұрамын. Керемет кескіндемелерді көріп жүрмін. Бұрын суреттерге қарап түк түсінік бермейді деп ойлайтын едім. Кейіннен әкемнің арқасында суреттерден көп нәрсе ұға бастадым. Суретшінің көңіл-күйін, ішкі ойын, әлемді қалай қабылдайтынын, не айтқысы келгенін түсінетін болдым. Кейде суреттерге қарап мұңаямын, кейде қуаныштан басқа бір әлемге бет алғандай боламын. Суретшінің бір суретінің өзінде бір әлем жатқандай...

Сөздікпен жұмыс


Бейнелеу – изобразить

Суретші – художник

Көңіл-күй – настроение

Қуаныш – радость



Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөз тіркесімен сөйлемдер құрап келу.

Бағалау

ІІ-тоқсан. 16-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІ модуль. Сурет галереясы

Қалау рай

Тақырыбы: Жас қазақ әйелінің портреті

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларға жас қазақ әйелінің портреті туралы түсінік беру.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді пайдаланып, толықтырып, диалог құраңдар.

  1. Менің қазақ халқының өнерімен жете танысқым келеді.

  2. Бізде сурет галереясы бар.

  3. Менің қазақ суретшілері мен мүсіншілерінің шығармаларымен танысқым келеді.

  4. Онда сурет галереясына барайық!

  5. Бұл кімнің мүсіні?

  6. Маған мына мүсін ұнайды.

  7. Орыс суретшілерінің туындылары қайда қойылған?

  8. Қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын қайдан көруге болады?

  9. Галерея каталогын қайдан алуға болады?

  10. Мына портретті кім салған?

  11. Менің Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің картиналарын көргім келеді.

  12. Көрме қашан ашылады?

2-тапсырма. Мәтінді оқып, Н.Хлудовтың «Жас қазақ әйелінің портреті» суретін салып, сипаттама беріңдер.

«Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер» көрмесіндегі экспозицияны Николай Хлудов 1901 жылы салған «Жас қазақ әйелінің портреті» ашты. Онда 150-дей портрет болды. Оның біраз бөлігі өткен жүзжылдықта жасалған. Экспозицияға қойылған жұмыстардың арасында өзара дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар.

Хлудовтың Қазақстанға ХІХ ғасырдың 70 жылдарының соңында келген этнографиялық экспозицияға қатысқаны, осы жердің табиғатын, жанрлық сахналар мен жергілікті адамдар бейнеленген суреттер мен полотнолардың үлкен бөлігін қалдырғаны белгілі.

1921 жылдан бастап Алматыдағы бірінші көркемсурет студиясын басқарды. Бұл портретте жас, тартымды әйел мұңая қарап отыр. Суретші оның жүзіне ғана зер сала қоймай, айналадағы бүкіл әлемді де зор ықыласпен суреттейді, оның өмірімен сабақтас бұйымдарға көңіл аударады.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндап келу.

Бағалау

ІІ-тоқсан. 17-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІ модуль. Сурет галереясы

Қалау рай

Тақырыбы: Тіл дамыту

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма.

Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.


Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.

1930 жылы Москва қаласындағы мұражайларымен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР - інің халық суретшісі атағын алды.



Әубәкір Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылы КСРО суретшілер одағының мүшесі болды. «Қарағанды шахтасы», «Тың игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен бірге», «Исатай Махамбет»т. б. толып жатқан шығармалары елге танымал.

Қайрамбаев Жұмақын Қожақынұлы 1953 жылы 8 наурызда дүниеге келген.

Ж.Қайрамбаев 1981 жылы Санкт-Петербург қаласындағы И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сурет өнері институтын бітіргеннен бері Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында ұстаздық етіп келеді. Ж.Қайрамбаев шығармашылығында натюрморттар, портреттер, табиғат көрінісі, сюжетті картиналар кең орын алған. Абылай хан, Абай, Құрманғазы портреттері Ж.Қайрамбаевтың іргелі жұмыстары болып табылады.



Балтабай Табылдиев 1940 жылдың 6-шы наурызында Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ол – қазақстандық графика мектебінің классигі, республикалық және халықаралық көрмелердің дипломанты.

Молдахмет Кенбаев, Қанапия Тельжанов, Хакімжан Наурызбаев, Сабыр Мәмбеев, Сахи Романов, т. б. көптеген Қазақстан суретшілерінің еңбектері тек еліміз ғана емес шет елдерде де танымал.

Тапсырма: Халық суретшілері жайлы әңгімелеу.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. «Қазақстан суретшілері» тақырыбына тірек-сызба жасап келу.

Бағалау


ІІ-тоқсан. 18-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІ модуль. Сурет галереясы

Қалау рай

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

Мақсаты:

1) білімділік: оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін қорыту, тексеру.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Тест жұмыстарына жауап беру.

1.Өнерлінің қолы алтын, ... . Мақалдың жалғасын тап.

А.шебердің қолы алтын Б.өлеңшінің сөзі алтын

В.адамның сөзі алтын Д.ақылдының сөзі алтын

2.Суретшінің модельден жеке адамды, тұлғаны көруі қалай аталады?

А.портрет Б.пейзаж В.көрініс Д.бейнелеу

3.Натюрморт қай ғасырда, қайда пайда болды?

А. ХҮІ ғасырда Ұлыбританияда Б.ХҮ ғасырда Египетте

В.ХҮІІ ғасырда Францияда Д.ХҮІІ ғасырда Голландияда

4.Менің бейнелеу өнерімен айналысқым келеді. Сөйлемдегі етістік қай райда тұр?

А.ашық рай Б.қалау рай В.шартты рай Д.бұйрық рай

5.1960 жылы Е.Сидоркин не дайындады?

А.натюрморт Б.қазақ әйелінің портреті

В. «Абай жолы» романына иллюстрациялар Д.қазақ әйелінің суреті

6.Мұражай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көркемсурет бөлімінен енші алып шықты. Сөйлемдегі қос сөз қалай жасалған?

А.екі жағында мәнді сөздердің қайталануы Б.бір сөздің қайталануы

В.күшейткіш буындардың қосарлануы Д.екі сыңары да мағынасыз сөзден

7.Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы қай жылы ашылды?

А.1960 жылы Б.1964 жылы В.1955 жылы Д.1961 жылы

8.Лондонда ашылған қазақ көрмесі қалай аталады?

А. «Қазақстан суретшілері» Б. «Қазақстан байлығы»

В. «Қазақстан қазынасы» Д. Қазақ елі

9. «Жас қазақ әйелінің портреті» атты суреттің авторы кім?

А.Николай Хлудов Б.Дэвид Линли В. Әбілхан Қастеев Д.Е.Сидоркин

10.Алматыда Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы кімнің атында болған?

А.Н.Хлудов Б.Ә.Қастеев В.Е.Сидоркин Д.Т.Шевченко



Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Қайталау

Бағалау
ІІ-тоқсан. 19-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ҮІІ модуль. Мұражай

Неологизмдер. Қос сөздер

Тақырыбы: Мұражай

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма.

Мұражай (грек тілінде – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәліа-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Мұражай негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топқа бөлінеді: тарихи (жалпы тарих, археологиялық, этнографиялық, т.б.), көркемөнер мұражайы (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолданбалы өнер, театр, музыка, кино, т.б.), «Жаратылыстану мұражайы» (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, т.б.), «кешенді мұражайлар» (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, өлкетану мұражайы, т.б.), мемориалдық мұражайлар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке, ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған).

Мұражай ісінің негізгі бағыттары – мұраларды жинау, есепке алу, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), т.б. мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет