2-тапсырма. Сұрақтар:
1.Мұражай сөзі нені білдіреді?
2.Мұражай қандай қызмет атқарады?
3.Мұражайдың рөлі қандай?
4.Мұражай қандай топтарға бөлінеді?
5.Мұражай ісінің негізгі бағыттары қандай?
6.Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне нелер жатады?
7.Сендер тұратын қалада, ауылда қандай мұражайлар бар?
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. 3-тапсырма.
Мұражай
Ескерткіштерді
Өнер туындыларын
Мәдени құндылықтарды
мұраларды
Бағалау
ІІ-тоқсан. 20-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: Қазақстандағы мұражай тарихынан
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталды. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының негізгі қорын құрайды. Қазақстанда 1913 ж. мұражайдың саны үшеу болса, қазіргі таңда саны 154-ке жетті.
1830 жылы Оңтүстік мемлекеттік мұражайы.
1835 жылы Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы.
1962 жылы «М.Әуезов үйі» ғылыми-орталық мұражайы.
1973 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының археология мұражайы.
1978 жылы Кітап мұражайы.
1980 жылы Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы.
1993 жылы Ұлттық валюта мұражайы.
1994 жылы Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы.
2000 жылы президенттік мәдениет орталығы, т.б. құрылды.
2002 жылы мамыр айынан бастап «Қазақстан мұражайлары» журналы шыға бастады. Халықаралық мұражайлар кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр «Халықаралық мұражай күні» болып белгіленеді.
Сұрақтар:
1.Қазақстанда мұражай тарихы нешінші жылдан басталды?
2.1831 жылы қандай мұражай ашылды?
3.Қазіргі таңда мұражай саны шамамен нешеге жетті?
4.Мұражай күні қай күнге белгіленді?
2-тапсырма. Берілген мәліметтерді есте сақтаңдар. Ауызша өз мысалдарыңды келтіріңдер.
Жаңа сөздер (неологизмдер)
Тілдегі жаңа ұғымдар
Мысалдар: орамжапырақ, қызанақ, қызылша, жылыжай, оққағар, өскін, жасуша, ағза, дернәсіл, түйдектеме,т.б.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. Сөздерді жаттау
Бағалау
ІІ-тоқсан. 21-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: Қазақстандағы мұражай ісі
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындау.
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысып, сөйлемдер құрандар.
Сөздік: мұражай, ескерткіш, мәдени құндылықтар, мұралар, негізгі бағыттар, өнер туындылары, сақтау, жинақтау.
2.Мәтін құру. Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
3.Тірек сызбалар арқылы әңгіме құру
Мұражай топтары
тарихи
мемориалды
кешенді
жаратылыстану
техникалық
көркемөнер
*Жалпы тарих
*археологиялық
*антропологиялық
*этнографиялық,т.б.
*көркемөнер
*мүсін
*қолөнер
*қолданбалы өнер
*театр
*музыка,т.б.
*биологиялық
*зоологиялық
*геологиялық,т.б.
*авиация
*автокөлік
*кеме жасау
*өнеркәсіп
*өндіріс өкілдері, т.б.
*шаруашылық
*жаратылыстану
*өлкетану
*мемлекетке
*өнерге
*әдебиетке
*ғылымға еңбегі сіңген
Мұражай ісінің негізгі бағыттары: мұраларды жинау, есепке алу, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру.
Мұражай жұмыстары: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. «Мұражай жұмыстары» тақырыбына тірек-сызба жасап келу.
Бағалау
ІІ-тоқсан. 22-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: Қазақстан мұражайлары
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындау.
Қазақстанда 1913 жылы – 3,1927 жылы – 6, 1937 жылы – 19, 1939 жылы – 25, 1970 жылы - 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражайлар саны 154-ке жетті.
Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне:
Көрмелер;
Экспозициялар ұйымдастыру;
Тақырыптық дәрістер;
Ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу;
Мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады.
Мысалы, Қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер оқытылады.
Сұрақтар: 1.Қазақстан мұражай саны қаншаға жетті? 2.Мұражайдың түрлері 3.Олар нешінші жылдары құрылған? 4.Қандай мемориалдық мұражайды білесіңдер ме? 5.Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне нелер жатады?
Қазақ жері - ұлы өркениеттің бастау жері. Ұлы далада әлемді өзінің өркениетімен, мәдениетімен, өнерімен, тарихымен таң қалдырған, ер жүректігімен, батылдығымен, батырлығымен, жарты әлемді бағындарған ұлы халық мекен еткен. Бұл-қазақ халқы. Осындай ұлы өркениет иесі болған қазақ халқының болмыс-бітімін, асыл мұраларын, ұмыт болған тарихын қазіргі ұрпақтың жадында жаңғыртатын, санасына сіңіретін, сонымен қатар, ел тарихын барша әлемге паш ететін, шет елден келген қонақтарды өзінің әсемдігі мен жүйелілігі арқылы таңқалдыратын механизмнің бірі-мұражай болып табылады. Өткен тарихымызды танып білмей, болашағымызға бастар жолды айқындау мүмкін емес. Ал өткен тарихымызды бірден-бір баян ететін орын-мұражай. \Өмірдің сол күйіндегі жанды бір кесек бейнесі-өз өлкесінің өткені мен бүгінгісін көзімен көріп, қолымен ұстаған әрбір адам ертеңге ұмтылатыны анық... Мұражай қазақ жерінде ХІХ ғ орта шенінде пайда болып, Кеңес үкіметі тұсында өз жалғасын тапты.Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар-тарих куәсі, оқу-тәрбие орталығы екендігін дәлелдейді.Қазіргі заманда мұражайлар заман талабына сай дамып келеді. Жаңадан ашылған мұражайлардың да тарихи-тағылымдық маңызы ерекше.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып келу.
Бағалау
ІІ-тоқсан. 23-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: М.Әуезов мұражайы
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма.
1) жұмыс дәптерлеріне датаны жазғызу
3) Тақтада сабақ тақырыбы шығады
4) мұғалім оны оқып береді.
Ой қозғау
1. Мұхтар Әуезов кім?
2. Оның қандай еңбектерін білесіңдер?
5) сабақ тақырыбы бойынша жұмыс:
жаңа сөздік
Мәдени-ағарту, есте қалдыру, толық мағлұмат, аса бағалы, дүниежүзі, мұрағат, қолшатыр
Ә) -Сөздерді түгел оқып шығу
- аудармасын тыңдап алу
- сөздікке көшіріп жазу
- сөздікті пайдаланып, сабақ тақырыбын аудару
8) жаңа мәтінмен жұмыс. - Мәтінді мәнерлеп оқу
- Мәтінді абзац арқылы аудару ( 1,2,3 қатар, жаңа сөздерге назар бөлу)
Сұрақтар
|
жауаптар
|
1. М. Әуезов мұражайы қай қалада орналасқан?
|
|
2. М. Әуезов мұражайы қандай жұмыс жүргізеді?
|
|
3. Мұражайдың негізгі қоры қандай?
|
|
4. Мұражай қашан құрылған?
|
|
5. Оның қандай еңбектерін білесіңдер?
|
|
ІІ.Грамматиканы пысықтау. Грамматикалық тақырып: Сын есім
Сын есім заттың түрін,түсін, сапасын, көлемін дәмін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? Қай?
Тұлғасына қарай: негізгі, туынды (ақ, таза, тәтті,жақсы, нашар),(Оқы-мысты, өнер-лі,көш-пелі, тап-қыр, шыдамды ).
Құрамына қарай: дара, күрделі(сары, баласыз, бойшаң, ашық), (ақ киімді, тап-таза, көп балалы, өте жақсы).
Мағынасына қарай: сапалық, қатыстық(үлкен, жақсы, кара, қызылдау), (өнерлі, аспалы, ашық, бойшаң, қысқа, т.б.
Сын есім есім сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. «Қазақстан суретшілері» тақырыбына тірек-сызба жасап келу.
Бағалау
ІІ-тоқсан. 24-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов мұражайы
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма.
Ғабит Мүсіреповтің мемориалдық мұражайы - Мүсіреповтің әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Жазушының 1968 – 85 жылы тұрған үйі (Алматы қаласы Қарасай батыр көшесі, 49 үй) 1991 жылы Орталық мұражайдың бір бөлімі ретінде ашылды. Мүсірепов мұражайы әдеби және мемориалдық бөлімнен тұрады. Онда 4 мыңнан астам экспонат жинақталған. Әдеби бөлімде жазушының өмір жолынан сыр шертетін фото-суреттер, кітаптар, қолжазбалар, хаттар, марапаттау қағаздары, тағы басқа жәдігерлер сақталған. Олар сөз зергерінің қоғамдық бейнесін айқын көрсетеді. Мүсіреповтің жас кезіндегі атқа мініп түскен алғашқы суреті (1927), қаламгердің “Тулаған толқында” (1928), “Американ бидайығы” (1928) атты тұңғыш туындылары, алғашқы ұстазы (Б.Өтетілеуов) мен қаламдас замандастары (С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, тағы басқа) туралы фото-деректер сақталған. Мұражайда “Қазақ солдаты” романының кейіпкері Қ.Смағұловтың майданнан жазған хаты, Кеңес Одағының Батыры, ғалым М.Ғабдуллиннің осы романға жазған пікірі, Украинадан, Чехославакиядан жеткен оқырмандар лебізі, “Кездеспей кеткен бір бейне” прозалық поэмасы мен “Оянған өлке”, “Жат қолында” романдарының қолжазбалары, әр жылдардағы басылымдары назар аудартады. 1932 жылғы аштық нәубеті туралы жазылған Бесеудің хатынан алынған үзінді (бесеудің бірі – Ғ.Мүсірепов), турникетке қойылған тағы басқа экспонаттар тарихтан сыр шертеді. Жұмыс кабинеті мен демалатын бөлмесі жазушының көзі тірі кезіндегі қалпын сақтаған. Жұмыс үстеліндегі телефон, үстелшам, ұшталған қарындаштар, ауа температурасын өлшейтін құрал, шыны сиясауыт, мүштек, хрусталь күлсалғыш, қаламсап, үлкейткіш әйнек, “Оянған өлке” кітабы, көз әйнегі – барлығы өз орнында. Қаламгердің жеке кітапханасы – мемориалдық бөлімнің ажырамас бөлігі. Жазушы тұтынған заттардың (жиһаз, ыдыс-аяқ, киім-кешек) бірқатары демалатын бөлмесінде сақталған. Г.Исмаилованың “Ақтоқты” (Ш.Жандарбекова) картинасы мен сыйға тартылған (1962) үлкен сағат қабырғада ілулі тұр. Мұражай экспозициясы Ғ.Мүсіреповтің “Туған елге – соңғы сөз” (28.12. 1985) атты қоштасу хатымен аяқталады. 1999 жылға дейін Орт. мұражайдың құрамында болған М. м. С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай-үйімен әкімшілік-басқару жағынан біріктіріліп, “С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені” аталды.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырып келу.
Бағалау
ІІ-тоқсан. 25-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: Бақылау диктанты
Мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың сауаттылығын, алған білімдерін тексеру.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, аудару
Бас қаланың бойтұмары
Астана қаласының символы – «Астана-Бәйтерек». Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ тәрізді.
Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаю, өркендеу кезеңдерінің нышанын айғақтайтындай. Мұнараға кіреберістегі жолда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындыларының көрмесі көрермендерді толғанысқа бөлеп, шаттыққа кенелтеді.
Ал «Даму» кшенінің орта бөлігі ағаш діңгегі тәріздес. Онда аспанға асқақтауды бейнелейтін Mitsubishi фирмасының екі жеделсатысы қондырылған. Бұл жеделсатылар келушілерді «жаңғыру ағашының» діңгегіне – алтын шарға тез арада шығара алады. Шардың ішінде жеделсатылық холл, дәмхана, понорамалық зал орналасқан.
Ең жоғарғы жағында «Аялық алақан» композициясын тамашалауға болады. Яғни, Бәйтерек идеясының авторы Н.Назарбаевтың алақанының таңбасы бар күміс тұмар бар.
Грамматикалық тапсырмалар
1.Біріккен сөздердің астн сызыңдар.
2.Бірінші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
3.Қызғалдық, мұнара, алақан, шаттық, жеделсаты, аспан, таңба сөздерінің аудармасын табыңдар.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. Қайталау
Бағалау
ІІ-тоқсан. 26-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: Тіл дамыту
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, аудару
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік музей (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер музейі (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), “М. Әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962), т.б. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Музейлер Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет музейлері мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады. 1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘Халықаралық музей күні’’ болып белгіленді. Қазіргі таңда мұражайлар қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы берілген сұрақтармен диалог құрау
1.Ауылда қандай мұражайлар бар?
2.Өлкетану мұражайы бар ма?
3.Қазақстанның тарихи мұражайында болдың ба?
4.Қандай көрмелерге бардың және барғың келеді?
5.Қазақтың қолөнер шығармаларының мұражайы бар ма?
Үйге тапсырма. Мәтіннен 5 сөз таңдап алып, фонетикалық талдау жаса.
Бағалау
ІІ-тоқсан. 27-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: Нәтиже сабақ
Мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін қорыту, тексеру.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындау.
1.Мұражай қай тілден аударғанда «муза сарайы» дегенді білдіреді?
А.латын тілінен Б.грек тілінен В.парсы тілінен Д.орыс тілінен
2.Мұражайлардың қалыптасуына не негіз болды? А.мәдени құндылықтар Б.қазыналық қор В.көне замандардағы коллекциялар Д.бағалы бұйымдар
3.Ә.Қастеев атындағы республикалық ... А.археология мұражайы
Б.кітап мұражайы В.асыл металдар мұражайы Д.өнер мұражайы
4. Қос сөздерге қандай тыныс белгі қойылады?
А.дефис Б.нүктелі үтір В.қос нүкте Д.қиғаш сызықша
5.«Абай жайлауда» портреті әп-әдемі салынған. Сөйлемдегі қос сөз қалай жасалған?
А.Бір сөздің қайталануы Б.екі түрлі сөздің қайталануы
В.күшейткіш буындардың қосарлануы Д.мағынасыз екі сөздің қайталануы
6.Мұражай ісіндегі ерекше бағыт – инфрақұрылымдар. Сөйлемдегі неологизмді тап.
А.мұражай Б.ісі В.бағыт Д.инфрақұрылым
7.Қазақстанда 1913 жылы мұражайдың саны қанша болды? А.3 Б.29 В.25 Д.154
8.М.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды?
А.1920 жылы Б.1985 жылы В.1963 жылы Д.1951 жылы
9. 1991 жылы 9 қазанда қандай мұражай ашылды?
А.М.Әуезов атындағы мұражай Б.Ғ.Мүсірепов атындағы мемориалдық мұражай
В.Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы Д.Абай-Шәкәрім кешені
10.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы қай қалада?
А.Алматы Б.Ақтөбе В.Астана Д.Қарағанды
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Мұражай ісінің негізгі бағыттары қандай?
Еуропада мұражайлар қай ғасырда пайда болды?
1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан қандай мұражай ашылды?
Неолгизмдер тілге қалай енеді?
Қос сөздер қалай жасалады?
М.Әуезов атындағы мұражайда нелер бар?
Мұражай мен көрмелерге барғанда адам өзін қалай ұстау керек?
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. «Қазақстан суретшілері» тақырыбына тірек-сызба жасап келу.
Бағалау
ІІ-тоқсан. 28-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІ модуль. Мұражай
Неологизмдер. Қос сөздер
Тақырыбы: Тест
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1.Өнерлінің қолы алтын, ... . Мақалдың жалғасын тап. А) шебердің қолы алтын Б.өлеңшінің сөзі алтын
В.адамның сөзі алтын Д.ақылдының сөзі алтын
2.Суретшінің модельден жеке адамды, тұлғаны көруі қалай аталады?
А.портрет Б.пейзаж В.көрініс Д.бейнелеу
3.Натюрморт қай ғасырда, қайда пайда болды? А. ХҮІ ғасырда Ұлыбританияда Б.ХҮ ғасырда Египетте
В.ХҮІІ ғасырда Францияда Д.ХҮІІ ғасырда Голландияда
4.Менің бейнелеу өнерімен айналысқым келеді. Сөйлемдегі етістік қай райда тұр?
А.ашық рай Б.қалау рай В.шартты рай Д.бұйрық рай
5.1960 жылы Е.Сидоркин не дайындады? А.натюрморт Б.қазақ әйелінің портреті
В. «Абай жолы» романына иллюстрациялар Д.қазақ әйелінің суреті
6.Мұражай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көркемсурет бөлімінен енші алып шықты. Сөйлемдегі қос сөз қалай жасалған? А.екі жағында мәнді сөздердің қайталануы Б.бір сөздің қайталануы
В.күшейткіш буындардың қосарлануы Д.екі сыңары да мағынасыз сөзден
7.Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы қай жылы ашылды? А.1960 ж Б.1964 ж В.1955 ж Д.1961 ж
8.Лондонда ашылған қазақ көрмесі қалай аталады? А. «Қазақстан суретшілері» Б. «Қазақстан байлығы»
В. «Қазақстан қазынасы» Д. Қазақ елі
9. «Жас қазақ әйелінің портреті» атты суреттің авторы кім?
А.Николай Хлудов Б.Дэвид Линли В. Әбілхан Қастеев Д.Е.Сидоркин
10.Алматыда Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы кімнің атында болған?
А.Н.Хлудов Б.Ә.Қастеев В.Е.Сидоркин Д.Т.Шевченко
1.Мұражай қай тілден аударғанда «муза сарайы» дегенді білдіреді?
А.латын тілінен Б.грек тілінен В.парсы тілінен Д.орыс тілінен
2.Мұражайлардың қалыптасуына не негіз болды? А.мәдени құндылықтар Б.қазыналық қор В.көне замандардағы коллекциялар Д.бағалы бұйымдар
3.Ә.Қастеев атындағы республикалық ... А.археология мұражайы
Б.кітап мұражайы В.асыл металдар мұражайы Д.өнер мұражайы
4. Қос сөздерге қандай тыныс белгі қойылады? А.дефис Б.нүктелі үтір В.қос нүкте Д.қиғаш сызықша
5.«Абай жайлауда» портреті әп-әдемі салынған. Сөйлемдегі қос сөз қалай жасалған?
А.Бір сөздің қайталануы Б.екі түрлі сөздің қайталануы
В.күшейткіш буындардың қосарлануы Д.мағынасыз екі сөздің қайталануы
6.Мұражай ісіндегі ерекше бағыт – инфрақұрылымдар. Сөйлемдегі неологизмді тап.
А.мұражай Б.ісі В.бағыт Д.инфрақұрылым
7.Қазақстанда 1913 жылы мұражайдың саны қанша болды? А.3 Б.29 В.25 Д.154
8.М.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды? А.1920 ж Б.1985 ж В.1963 ж Д.1951 ж
9. 1991 жылы 9 қазанда қандай мұражай ашылды?
А.М.Әуезов атындағы мұражай Б.Ғ.Мүсірепов атындағы мемориалдық мұражай
В.Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы Д.Абай-Шәкәрім кешені
10.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы қай қалада?
А.Алматы Б.Ақтөбе В.Астана Д.Қарағанды
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. Қайталау
Бағалау
ІІІ-тоқсан. 1-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ҮІІІ модуль. Мұражай экспонаттары
Тақырыбы: Президенттік мәдени орталық