Мақсаты:
1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтінді сөздіктің көмегімен түсініп оқып, бірнеше сұрақ құраңдар. Мәтін ішінен көмекші есімдерді табыңдар.
Ұлттың ұлы мұрасының бірі домбыраны ғалымдар қазақ жерінде сақталған жеті қазынаның біріне есептепті. Дұрыс шешім деп бас иіп қосыламыз.
Қазақтың музыкалық аспаптарын шертпелі аспаптар (домбы ра, адырна, жетіген, шертер), ыспалы аспаптар (қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, т.б.), ұрмалы-сілкімелі аспаптар (дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т.б.) деп топтауға болады.
Домбыра - қазақ халқының ұлттық болмысын, жан дүниесінің тылсым сырларын сыртқы дүниеге паш еткен таңғажайып аспап.
Домбыраның пайда болуын археолог ғалымдар тасқа салынған суреттердің ішінде домбыраның бедері кездескеніне қарап, неолит дәуіріне (б.з.д/ 4000 мыңжылдық) жатқызады.
Домбыра тым ерте пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған екі ішекті, 9-16 пернелі болып келетін жұмсақ қоңыр үнімен ерекшеленетін, ер қазақтың үйінің төрінде тұрған аспап. («Ән қазына» кітабынан)
Сөздік
ұлы мұра - великое наследие
шертпелі аспап — щипковый национальный музыкальный инструмент
ыспалы аспап - смычковый инструмент
үрмелі аспап - духовой инструмент
ұрмалы-сілкімелі аспап - ударный инструмент
ұлттық болмыс - национальное естество
тылсым сыр - волшебный, таинственный, загадочный
таңғажайып аспап - удивительный, восхитительный, поразительный инструмент
2-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырманы орындаңдар.
III деңгей
Мәтінге төмендегі тақырыптарды таңдап, ат қойыңдар.
Домбыра - қазына.
Домбыра - жеті қазынаның бірі.
Шертпелі аспап - домбыра.
Д) Қазақ халқының ұлттың болмысын білдірген аспап.
Тірек-сызба арқылы мәтінді әңгімелеңдер.
II деңгей
Жапсырмадағы №9 суретке қарап, домбыраға сипаттама беріңдер.
Домбыра туралы айтылған нақыл сөздерді оқып, өздерің де осы аспап туралы пікір жазып көріңдер.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра,
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра! (Ш.Сариев)
Қолдан жасалған қос ішекті домбырадан мұндай нәзік, мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге еш уақытта сенбеген болар едім! (А.Е.Алекторов )
Домбыра деген қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер. Баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру осындайдан басталады.
(Б. Момышұлы)
I деңгей
Ыспалы аспаптар (қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, т.б.), ұрмалы-сілкімелі аспаптар (дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т.б.) туралы мәлімет жинап, сипаттама беріңдер.
Домбырамен айтылатын бір ән жаттаңдар.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, домбыраның құдіреттілігі туралы шағын ойтолғау жазыңдар.
Ақсақ құлан
Жошы ханның бір баласы аң аулап жүргенде оны дала тағысы - хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан шайнап өлтіреді. Хан аңға кеткен ұлының кешіккенінен күдіктеніп, оны іздеуге бір топ адамды аттандырады.
Егер ұлымды таппай қайтсаңдар, бәріңді де өлтіремін. Ал ол өлді деген хабар әкелсеңдер, сол хабарды айтқан кісінің көмейіне қорғасын құямын! - дейді хан.
Хан жарлығы екі болмайды. Бір топ адам іздеп келіп кұланнан ажал тапқан қатыгез хан баласының өл і денесіне кездеседі. Бірақ ханға оны кім айтуы керек? Ешкім де көмейіне ыстық қорғасын жұтқысы келмейді. Сонда бір жас қазақ батыры алға шығып:
Өлсем, көп үшін құрбан болармын. Бұл хабарды ханға мен жеткізейін, - дейді.
Жас батыр қолына қара домбыраны алып, ордаға кіріп барады.
Баламды таптыңдар ма? - деп сұрайды хан.
Таптық, алдияр, - деп жас батыр бас иеді.
Тірі ме, өлі ме?
Осы кезде жас батыр ләм деп аузын ашпастан, тізерлеп отыра қалады да, қара домбыраны безілдете кеп жөнеледі. Жас батыр тартқан күйден хан баласының аңға шыққаны, содан соң құлан қуғаны, садақпен атып айғыр құланды аяғынан жаралағаны танылып тұрады. Домбырадан үш аяқпен жүгірген құланның дыбысы білінеді. Сарт-сұрт тұяқ соғысып, құланның қылыштай тістерінің шақыр-шұқыр еткені айқын аңғарылады. Сол кезде домбыра ішектерінен «өлдім, өлдім!» деген ек і сөз адамның үнімен айқын естіледі.
Батыр оған өз аузымен ұлық өлді деп айтқан жоқ. Оны домбыраның үнімен уқтырды. Сондықан хан еріп тұрған қорғасынды сол домбыраның шанағына құйғызды.
(«Ақиқат пен аңыз» романынан)
Сөздік
шайнап өлтіру - загрызть
таппай қайтсаңдар - если не найдёте
қатыгез - строгий
безілдету - настроить
қорғасын - свинец
4-тапсырма. Аңызды оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Жетіген
Сонау бір өткен заманда бір шалдың жеті ұлы болыпты. Бірде қатты жұт болып, жеті ұлы бірінен соң бірі өледі. Бірінші ұлы өлгенде шал ішін қуыс етіп ойған ағашқа бір ішек тағып, «Қарағым» деп аталатын зарлы күй тартады. Екінші ұлы өлгенде, аспабының бетіне екінші ішекті орналастырып, «Қанат сынды» атты күйді өмірге әкеледі. Көз жұмған қалған ұлдарына кезегімен «От сөнер», «Бақыт көшті», «Күн тұтылды», «Ай құрыды» деген күйлерін арнайды. Жетінші ұлы өлгенде шал соңғы ішекті тағып, «жеті баламнан айырылып құса болдым» деген күй тартады. Сөйтіп, қазақтың «жетіген» атты ұлттық музыкалық аспабы дүниеге келіпті-мыс.
(«Қазақстан әйелдерінен»)
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Сұрақтар:
Жұт дегеніміз не?
Бірінші ұлынан айырылған шал не істеді?
Шал «Қанат сынды» атты күйін қай уақытта шығарды?
Басқа да ұлдары өлгенде қандай күйлерді арнады?
Жетінші ішекті шал қашан және неге тақты?
Жетіген аспабы қалай дүниеге келген?
Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, жалғау түрлерін анықтаңдар. Сыбызғы туралы не білесіңдер?
Бізді әлемге әйгілейтін домбырамыз, қылқобызымыз, сыбызғымыз бар. Сыбызғы - жатқан үлкен дүние, үлкен ғылым. Біз оны әлі зерттей алмай келеміз.
(Ж.Бабалықұлы)
Бағалау
ІІ-тоқсан. 4-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі
Тақырыбы: Нәтиже сабақ
Мақсаты:
1)білімділік: оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін қорыту, тексеру.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ.
Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Біреудің ... өсек айтпа! Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар.
Сыртынан Б) алдынан В) артынан Д) жанынан
«Өсиет» сөзінің синонимі.
үлгі, өнеге
Б) ақыл, кеңес, өтініш
бұйрық
Д) тәрбие
Жасы үлкен ер адаммен жас ер-азамат қалай амандасады?
иық қағысып Б) құшақтап В) бір қолмен Д) қос қолын беріп
«Әлди, әлди, ақ бепем,
Ақ бесікке жат, бөпем». Қай уақытта айтылатын өлең?
бесікке салғанда
балаға ат қойғанда
тұсау кескенде
шашу шашқанда
Ұстаз нені армандайды?
мектепте сабақ берсем деп
шәкіртіне үлгі болсам деп
өссем деп
Д) халқыма пайдам тисе деп
Қазақ халқында шаңырақ иесі кім?
қыз бала Б)ұл бала В) ана Д) нағашы
Адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы қалай аталады? А)сәлем беру Б)сүйінші В)көрімдік Д) сәлемдеме
9.Сәлем айту ненің белгісі?
сыйластықтың, ұмытпағандықтың, сағыныштың белгісі
сәтсіздік, араздықтың белгісі
үйге шақыру, қонақ етудің белгісі
кездесіп сөйлесудің белгісі
Киіз үйдің негізгі бөліктері
А)туырлық, үзік,белдеу Б) шаңырақ, кереге, уық В)күлдіреуіш, аяққап, мосы Д) түндік, маңдайша, сықырлауық
«Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра» өлеңінің авторы.
М.Шаханов Б) М.Мақатаев В)Ж.Нәжімеденов Д) Ш.Сариев
Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындаңдар.
Ортасы, маңы, үсті көмекші есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құраңдар.
Елді кім, үйді кім бүлдіреді?
«Атаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер» әңгімесіндегі баланың ісін сипаттап беріңдер. Сен оның орнында болсаң, не істер едің?
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Абай қандай қазақы дәстүрлерд і нұсқаған?
Отбасында әкелері немесе аталары балаларын қандай өнерлерге баулыған?
Киіз үйге қатысты қандай этнолингвистикалың атауларды білесіңдер? Атаңдар.
Ақтамберді жыраудың «Өсиет» өлеңін жаттап алыңдар.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. Қайталау
Бағалау
ІІ-тоқсан. 5-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
V МОДУЛЬ. ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕРІ
ҚАЛАУ РАЙ
Тақырыбы: Қазақ бейнелеу өнері тарихынан
Мақсаты:
1)білімділік: оқушыларға қалау рай және Қазақстан суретшілері туралы түсінік беру.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ
Сөздік
бейнелеу өнері - изобразительное искусство
кескіндеме - графика
мүсіндеме - скульптура
қолданбалы - прикладной
қалыптасу - формировать
шеберлік - мастерство
көрме - выставка
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтінге ат қойыңдар.
Қазақ бейнелеу өнері - көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика және қолданбалы өнер салаларын
қамтиды, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық, ең ежелгі түр і халықтық қолөнері болып табылады.
Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды.
Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан «Потанин», «Тезек төре», т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқан қазақ бейнелеу өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен.
Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г.Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С.Пономарев сабақ берді. XX ғасырдың 20-30-жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар: Н.И.Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И.Савельев, Б.Сәрсенбаев, К.Қожықов, т.б. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлігін тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б.В.Иогансон, А.А.Дейнека, С.В.Герасимов, А.А.Пластов) тәжірибесі көп көмектесті.
Достарыңызбен бөлісу: |