Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет6/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Алғыс

Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:

Балалар бақшаға жүгіріп келді де, өсіп тұрған қызанақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбдырлады:

  • Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы қара топырақты Жерге айтыңдар!

Қасым мен Хасен Жерге еңкейіп, басын иіп тұрып, алғыс айтты:

  • Мейірімді Жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рахмет!

Жер жұмсақ, майда қара топырағын бүлк еткізіп, былай деді.

  • Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге шуақ себетін құдіретті Күнге айтыңдар!

Екі бала қара көзілдірік киіп, Күнге қарады да, бар дауыспен:

  • Уа, әлемге тіршілік берген, мейірімді Күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай дәмді еді. Сол үшін саған көп-көп рахмет! – десті.

  • Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, - деді Күн күлімдеп тұрып. - Қызанақты дәмді еткен - адамның еңбегі! Қызанақты отырғызып, баптаған адамға алғыс айтыңдар!

Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп:

Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешей күлімдеп тұрып:

Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рахмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп, өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді.

(М. Төрежанов )

Сұрақтар:

  1. Екі бала кімдерге алғыс айтты? Не үшін?

  2. Нағыз алғыс иесі кім? Неліктен?

  3. Анасы балаларға қандай ақыл айтты?

  4. Мәтінде отбасы бақытының қандай қағидасы берілген деп ойлайсың?

1-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырманы орындаңдар.

  1. деңгей

  1. Неге? сұрағына жауап беретін сөйлемдер құраңдар.

Ата-анам


үйретеді


2 Жоғарыда айтылған отбасы бақытының қағидаларынан басқа сенің отбасыңда қандай қағидалар бар? Жазбаша жазып көрсетіңдер.

ІІ деңгей

  1. Тұрақты сөз тіркестері туралы мәлімет беріңдер.

  2. «Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Мақалды өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

І деңгей

  1. Мына тұрақты сөз тіркесін пайдалана отырып, аналарыңа алғыс сөз дайындаңдар:

түн ұйқысын төрт бөлу — түнді ұйықтамай өткізу.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

Бағалау

І-тоқсан. 9-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: Ата-ананың ақылы

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.


і-тапсырма. Ц. Мырза Әлидхн алеңш түсініп ок,ып, жаттап алыңдар. Көкемнің ақылы



Көп сөйлейдг демеңдер,

Көкем менің - кемеңгер.

Ь^ос қанатын цомдаған К,ырандай бір Ол маған.

Сыр айтады отырып:

  • Неге керек вйрш!

Титтей бала кешей Ертең деу боп еседі.

Ойна! Ойна! Ойнай бер!

К^ызығыңды тойлай бер!

Ойна бірак, күйнй боп,

Ойна кызыл жалын боп,

Ойна әййлі ғалым боп,

Отаныңды қастерлеп,

Ойна қызыл әскер боп.

Жаста кім боп ойнасац,

Кім болам деп ойласац, вскенде сол боласың,

Ақыл-ойға толасың.

1-тапсырма. Қ.Мырза Әлидің өлеңін түсініп оқып, жаттап алыңдар.

Көкемнің ақылы

Көп сөйлейді демеңдер,

Көкем менің - кемеңгер.

Қос қанатын қомдаған

Қырандай бір Ол маған.

Сыр айтады отырып:

-Неге керек өтірік

Титтей бала кешегі

Ертең дәу боп өседі.

Ойна! Ойна! Ойнай бер!

Қызығыңды тойлай бер!

Ойна бірақ, күйші боп,

Ойна қызыл жалын боп,

Ойна әйгілі ғалым боп,

Отаныңды қастерлеп,

Ойна қызыл әскер боп.

Жаста кім боп ойнасаң,

Кім болам деп ойласаң,

Өскенде сол боласың,

Ақыл-ойға толасың.

(Қ. Мырза Әли)

2-тапсырма. Сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңдар.

Мен ... айтқанын тыңдаймын. жақсыдан үйрен

Отбасында ... бірінші орында тұруы керек. сөздің

Сәлем - ... анасы. сыйластық

Әкем маған ылғи ... дейтін. анамның

4-тапсырма. «Ата өсиеті» мәтінін рөлдерге бөліп оқыңдар.

Жігіт: — Ассалаумағалейкум, ата!

Қарт: - Аманбысың, балам? Бақытты болу оңай ма?

Жігіт: - Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында.

Қарт: - Жоқ, балам! Ақыл басында болса, бақыт жанында бо­лады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.

Жігіт: - Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!

Қарт: - Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?

Жігіт: - Үйде ана, елде бастық қадірлі.

Қарт: - Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. «Бала - үйдің патшасы», «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деген халық.

Балам, отбасының алтын қазығын білесің бе?

Жігіт: - Білемін, ата. Үйде алтын қазық - ер бала. Себебі ер бала - шаңырақтың иесі.

Қарт: - Айтқаның дұрыс қой, бірақ үйдегі алтын қазық қай уақытта да ана. Ана мейірімді болса, отбасында жылылық болады. «Анаға қарап қыз өседі, әкеге қарап ұл өседі» деген бар.

Жігіт: - Ой, қандай керемет сөздер!

Қарт: - Балам, достықты нығайтатын не?

Жігіт: - Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

Қарт: - Дұрыс, балам, сенің айтқаның, достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң, «Сәлеметсіз бе!», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па?» деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.

Жігіт: - Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын! (М.Смағұлова)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет