4-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.
Абайдың үйіне кім келді?
Ол кісі Абайға қандай сауал қойды?
Абай ол кісіге қандай әңгіме айтты?
Әбіш туралы өзің қандай пікір айтасың? Әбіштің жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?
Абай баласына не мақсатпен сұрақ қойды?
Әкеңмен жеке әңгімелесіп көрдің бе?
Әкеңнің қандай тәрбиелік мәні бар нақыл сөзін білесің?
5-тапсырма. Кейінді ықпалды еске түсіре отырып, сөйлемдердегі сөздерді дұрыс оқып шығыңдар.
Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім.Ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдық|ы]на осы дәлел. Жас шақ[ы]нда сақал-шашы қара болады.
Үйге тапсырма. 6-тапсырма. Жағдаяттық сұрақтарға жауап беріңдер.
Әкең саған «Дүниеде ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?» десе, қалай жауап берер едің?
Бүгін әкеңнің туған күні. Тілек айту кезеңі саған да келіп жетті. Қандай тілек айтасың? Мына сұрақтар бойынша тілегіңді айт. Жақша ішіндегі сөздерді пайдалан.
Әкең қандай адам? (Әке - асқар тау, өмірлік ұстаз).
Әкеңнен нені үйрендің? Сол арқылы рахмет айт (Өтірік сөйлемеуді, ешкімді алдамауды, адал еңбек етуді, достармен адал қарым-қатынаста болуды).
Әкеңе қандай өмір тілейсің? (ұзақ, бақытты, сұлу, аталық, бабалық).
Бағалау
І-тоқсан. 20-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ІІ модуль. Өмірлік өнеге
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырыбы: Менің отбасымнан алған тәрбием
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мына нақыл сөзден өзіңе ғибрат ал!
Мен үш қасиетімді мақтан тұтамын. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. (Ақан сері)
2-тапсырма. Төмендегі жақсы қасиеттердің қайсысы өзіңнің, досыңның бойынан табылатынын анықта!
Өтірік айтпау, жақсылықты сатпау, уәдеде тұру, қарапайымдылық, инабаттылық, сыйластық, ата-ананың айтқанын уақытында орындау, сыпайылық, сабырлылық, ештеңені қызғанбау, анаға ауыр сөз айтпау, әкенің тілін алу, ата-анаға қарсы шықпау, біреудің ала жібін аттамау.
3-тапсырма. Мақалды аяқтаңдар.
Бала жетіге келгенше ... (қызға қырық үйден тыйым)
Ұлға отыз үйден тыю, ... (батыр қол бастар)
Астың дәмін тұз келтірер, ... (адамның баласы бол)
Атаңның баласы болма, ... (ауылдың сәнін қыз келтірер)
Білекті бірді жығар, ... (шеше көрген тон пішер)
Шешен сөз бастар, ... (жерден таяқ жейді)
Әке көрген оқ жонар, ... (білімді мыңды жығар)
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтіндегі ою аттарын жазып алыңдар. Олардан сөйлемдер құраңдар.
Менің отбасымда қолөнермен айналысқанды жақсы көретін, қолөнерді өміріне айналдырған жандар бар. Олар - әжем және әкем.
Әжем 70 жаста болса да, ине мен жібін қолынан тастаған емес. Ол ою-өрнектердің түрлерін, әсіресе, қошқармүйіз, түйетабан, өркеш оюларын әдемі етіп жасайды. Біздің үйдің төсеніш, көрпелері әжемнің қолымен жасалған. Мен үй шаруасынан қолым босағанда, әжемнің қасына келіп, жасаған оюларына қызыға қарап отырамын. Бір күні әжем:
Балам, сен бос отырғанша, мына оюларды матаға бормен сыза бер, - деп бір үлгісін көрсетті.
Мен оны үйреніп алып, әжемнің қасынан шықпайтын болдым. Әжем жоқта қалтаның ішінен ұсақ маталарды тауып алып, өзім алғаш үйренген оюларды, одан соң басқа ою түрлерін жасайтын болдым. Сөйтіп, менің қолөнердегі алғаш ұстазым әжем болды.
Ал әкем болса әжемнің жасаған оюларын түрлі әшекей заттардың бетіне түсіріп, бұйымдар жасайды. Бірде әкем әжеме шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезік жасап берді. Анама қошқармүйіз оюы түскен қазақы сырға сыйлады.
Әкеме мұндай бұйымдарға жер-жерден тапсырыс береді. Бүгін әкем қапсырма, алқа, шашбауға тапсырыс алды. Шеберханасына келсем, әкем ол бұйымдарды жасауға кірісіп те кеткен екен.
Бабадан қалған қолөнер мұрасын сақтап, дамытып жатқан өзімнің отбасымды мақтан тұтамын. Менің болашақта әжемнен үйренген ісімді, әкемнен керген өнерді жалғастырып, дизайн мамандығын таңдаймын деген арманым бар.
Сөздік
қолым бос - свободен
Достарыңызбен бөлісу: |