Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі



бет21/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1.Оқушылармен амандасу

  2. 2.Оқушыларды түгендеу

  3. 3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

  4. 4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  1. Жаңа сабақ.1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.

  2. ... - бие сүтінен ашытылып жасалады.

  3. ... - түйе сүтінен жасалатын дәмді, жұмсақ, майлы сусын.

  4. ... - малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті. Ол өте дәмді әрі қою болады.

  5. ... - майға қуырылған ұсақ, ет. Көбінесе, ірі қараның, қойдың майлы етіне өкпе-бауыр қосып қуырады.

  6. ... — дастарқанның басты асы. Бұл сөз қазақ тілінде бауырмал, үйірсек деген мағынаны береді. Ұнға сүт, май, жұмыртқа қосып иленеді де, майға қуырылады.

  7. Қажетті сөздер: бауырсақ, қымыз, қуырдақ, уыз, шұбат.

  8. 2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

  9. Дастарқан

  10. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында «ас - адамның арқауы» деген қағида қалыптасқан. Халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің де көзін, ретін таба білген. Қазақ ел мен елді татуластыруды да, үлкендерді құрметтеуді де, өздерінің мырзалық, өнегелі қасиеттерін білдіруді де кең дастарқан арқылы, яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

  11. Жомарт әрі ашық қолды халқымыздың ізгі дәстүрінде үйге келген кісіге дәм татырмай жібермейтіні - өте жақсы ғұрып. Қазақ дәм татыруды достықтың, татулықтың, бірліктің сара жолы деп түсінген. Халық ұғымында аста кепиет, қасиет, құдірет, кие бар деп түсіндірілген. («Қазақтың салт-дәстүрлері жен әдет-ғұрыптары» кітабынан )

  12. Сөздік

  1. қағида - принцип

  2. татуластыру - сплотить

  3. мырзалық _ щедрость

  4. бағалау - оценить

  5. қастерлеу - почитать

  6. жөн-жосық — порядок, правила, касающиеся обычаев, традиций

  7. жомарт - щедрый

  8. ас адамның арқауы — еда придает силы человеку

  9. кепиет - святость

  10. Қасиет - природное свойство, особенность

  11. құдірет - мощь

  12. кие - святыня, святость

  1. 3-тапсырма. Тамаққа байланысты этнолингвистиқалық атауларды анықтамаларымен сәйкестендіріңдер.

    1. Сыбаға

    1. Жас босанған әйелге арналып сойылған малдың жас еті.

    1. Қонақасы

    1. Бұл - әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азықүліктің мол қоры. Оған түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал сойылады.

    1. Қалжа

    1. Сыйлы қонақтарға, алыстан келген құрметі кісілерге сойылған малдың басы малға бата жасаған жасы үлкен кісінің алдына қойылады.

    1. Бас тарту

    1. Қадірменді, сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті.

    1. Соғым

    1. Қонаққа арнап әзірленген тағам, ас.

  2. («Қазақтың салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары» кітабынан )

  3. 4-тапсырма. Диалог бойынша сөйлесіңдер.

  • Селеметсгз бе, маған сүт тағамдары керек еді.

  • Сәлеметсіз бе, нақты қандай тағамдар керек?

  • Сүт тағамдарынан: қаймақ, сүзбе, құрт.

  • Мінеки, алыңыз.

  • Рахмет, кешіріңіз, ет тағамдары қай жерде сатылады?

  • Бізге қарама-қарсы дүкенде сатылады.

  • Размет сізге.

  • Үйіңзге қонақ шақырайын деп жатырсыз ба?

  • Иә, ауылдан үлкен кісілер келеді, сол кісілерге арнайы табақ тартайын деп едім.

  • Дұрыс екен, халқымыздың бұл дәстүрі - дарқандықтың белгісі.

  • Сау болыңыз!

  • Сау болыңыз!

  1. 5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

  2. Қонақасының шығу тарихы туралы аңыз

  3. Атамыз Қазақ өзінің Ақарыс (Ұлы жүз атасы), Жанарыс (Орта жүз атасы), Бекарыс (Кіші жүз атасы) атты үш ұлына енші беруге шақырыпты. Сол ұлы атамыз өзінің байлығын (малын, мүлкін) төрт бөлікке бөлген екен дейді. Оның үш бөлігін аталған үш баласына еншіге беріпті. Төртінші бөлік тағы да үшке бөліп, оны балаларына енші үстіне қосыпты. Сонан кейін алдында отырған үш ұлына мынадай өсиет қалдырыпты: «Балаларым, ата салты бойынша сендерге енші беріп отырмын. Естеріңде болсын, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ жер қалдырды. Оны үшеуіңе тағы бөліп беремін. Оңтүстік-шығысты Ақарыс, сен иелен. Ол Ұлы жүз деп аталсын. Орталық және солтүстікті Жанарыс, сен иелен. Ол Орта жүз деп аталсын. Батыс жақты Бекарыс, сен басқар. Ол Кіші жүз деп аталсын. Ондағы ойым мынадай. Сендер енші алып бөлек үй болып шыққанмен, туыстық қатынастарың, ынтымақтарың мен дәм-тұздарың бөлінбесін. Сендердің ұрпақтарын, сапарға шыққанда жолға азықүлік алып жүрмесіп. Әрбір қазақ баласы кез келген үйден ақысыз қонақасы ішетін болсын. Олар жолда шөлдеп, сусап, қарны ашып жүрмесін. Менің сендерге берген төртінші еншім сол. Сол еншімді менің келер ұрпақтарым ғасырдан ғасырға жеткізіп, менің осы өсиетімді бұлжытпай сақтасын!» - деп батасын берген екен. («Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)


  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет