Сабақ: Көркем еңбек Бөлім: «Дені саудың-жаны сау»



Дата08.09.2017
өлшемі57.04 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ жоспарлау алдында орта мерзімді жоспарды қараңыз.Сіздің сабақ жоспарыңыз орта мерзімді сабақ жоспарына сәйкес,оқыту мен сабақ берудегі жаңа өзгерістерді енгізумен әзірленуі тиіс.



Сабақ: Көркем еңбек

Бөлім: «Дені саудың-жаны сау»

Бөлімше: Жаса да орында

Киіз үйдің құрылымын тану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:1Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:-

Оқыту мақсаттары

1.2.1.1 Қарапайым тәсілдер арқылы өз идеялар мен сезімдерін білдіру және жеткізу үшін кейбір қоршаған ортадағы визуалды элементтерді пайдалану және тануды үйрене бастау

1.2.3.1 Қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, өлшей бастау

1.2.4.1 қауіпсіздік техникасын сақтай отырып,материалдар мен құрал саймандарды қолдану


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

* Киіз үй және олардың түрлері туралы түсінік қалыптасқан

* Қағазды шиыршықтау арқылы белгілі бір формаға келтіре алады



Оқушылардың көпшілігі:

* Берілген тақырып бойынша мақсатты түрде жұмыс жасап, мазмұнын аша алады.

Оқушылардың кейбірі:

*Киіз үйдің құрылымын таниды және оның жасалу жолын түсіндіріп бере алады.



Тілдік мақсаттар

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:көлденең,тік,дөңгелек,шиыршық,үстінен жабу, біріктіру,бақан.

Талқылауға арналған сұрақтар:

*Картинада не бейнеленген?

* Сізге киіз үйдің қандай түрлері ұнады?

*Бұл жұмысқа қандай материалдар қолданылған?

Диалог\жазу үшін қарапайым тіл:

-Сіз киіз үйдің неліктен керек екенін айта аласызба?

-Қазіргі кезде өмірімізде қолданыста бар ма?


Осыған дейін меңгерілген білім

1-сыныптың алдыңғы бөлімдеріндегі білім негізінде дыбыс құру, музыка мен суретті бір-бірімен байланыстыру және ойлау тәжірибесінің болуы

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Психологиялық ахуал:

Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)


Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.
Топқа бөлу:

Кереге, шаңырақ, уық, есік арқылы 4 тоқа бөлінеді.




Топтастыруға арналған киіз үй құрылысының суреттері.

Мұғалімнің альбомы табиғатты бейнелеген суреттеріТабиғатта немесе




Сабақтың ортасы

-Өлең не туралы болды?

-Киіз үйдің құылысы туралы не білесіңдер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

(Тақтадан Киіз үйдің құрылымы туралы слайд көрсетіледі.)

*Картинада не бейнеленген?

* Сізге киіз үйдің қандай түрлері ұнады?

*Бұл жұмысқа қандай материалдар қолданылған?

Диалог\жазу үшін қарапайым тіл:

-Сіз киіз үйдің неліктен керек екенін айта аласызба?

-Қазіргі кезде өмірімізде қолданыста бар ма?

-Олай болса әр топ өз атауына сай киіз үйдің құрылымын жасап шығарады.

Қауіпсіздік ережені еске түсіру.

(Әр топқа түсіндірме жұмысы жүргізіледі.)

Сергіту сәті

Кел балалар тұрайық,


Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық.

-

-Балалар шаңыраққа байланысты қазақта қандай ұғымдар бар?



(Шаңырағың шайқалмасын, биік болсын, шаңырағын сыйлау)
Әр топ жасаған жұмыстарына түсінік беріп шығады.

Оларды біріктіру жолдары қимылмен орындалу арқылы талқыланады:


(Ж.ОТ Оқушылар) Оқушылар беттер мен Сызықтар-тік және толқынды


Интер белсенді тақта сыныпта көркем жұмыстарын жасауға арналған материалдар, таяқшалар. Оқушылардың альбомдары,қарындаштар,бояулары

Сабақтың соңы

Рефлексия

Жұптық тапсырма: Әр жұптың сыңары сөз жазылған парақшаны алады, сол сөздің суретін салады да көршісіне береді, көршісі оның атауын табады. Сөздер: уық, кереге, шаңырақ, есік.

Ойын: Кім тапқыр? Жұмбақ шешу

1.Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз. (Кереге, Шаңырақ)

2.Тұмсығын тесіп.


Жүннен бұйда есіп
Қазыққа байлады. (Уық )

3.Төбедегі көзінен.


Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй )

4. Жетпіс екі найзасын


Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ)

-Балалар, киіз үйдің құрылымдары туралы не білдіңдер?

-Бақан не үшін керек?

-Әр элементті жасауда не оңай не қиын болды?

Сабақтан алған әсерлерін «Бас бармақ» стратегиясы арқылы көрсетеді.


Парақ қағаздар, бояғыш заттар.

Қосымша ақпарат

Саралау –Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Анағұрлым қабілетті оқушыларға жаттығуларды күрделендіруді қалай....

Бағалау Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс .Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ байланыстары Құндылықтардағы байланыс (тәрбиелеу элементі)

Шығармашылық міндеттердің нәтижелерін дифференциялау.Міндеттерді оқып үйренуді м ұғалімнің альбомы мен көрсетуі арқылы үлгілеу.Мұғалім мүмкіндігінше басшылық жасайды және қолдау көрсетеді.Оұушылардың бір бірін қолдап,жұмыс істеуін ынталандыру (біреуі басып шығарып жатқанда,екіншісі газетті ұстап тұрады)

Басында,ортасында және алдыңғы сабақта үйренген материалдарға шолу жасау.Бақылау,тыңдау,сұрау

Музыкамен (музыкалық сүиемелдеу),ғылыммен (материалдарды зерттеу) және оқу бағдарламасына сілтемемен (формасын зерттеу) байланыстар,Басқалармен жұмыс,пікірлерді құрметтеу.

Рефлексия Сабақ\оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары сәтті болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төменге жазыңыз.Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың арасынан Сіздің сабағыңызға сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқуды да,сондай ақ үйрету туралы да ойланыңыз ?)



1

2

Қандай екі нәрсе сбақты жақсартатын еді(сабақ беру туралы,сондай ақ үйрету туралы да ойланыңыз?)



1

2

Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?




Каталог: uploads -> doc -> 1239
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1239 -> Сабақ: Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сейтова Г. А
1239 -> Сабақ №21 10-сынып. Дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Түркия Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет