Zhadyra
Қызықты математикалық тапсырмалар мен ойындар.
Қызықты тапсырмалар мен ойындардың мақсаты – математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау.
Бұл тапсырмалардың міндеті - балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Қызықты тапсырмалар мен ойындар бастауыш сынып оқушыларына арналған.
I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.
Есеп – 1.
Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп.Еттен жасалған самса 3. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу?
Шешуі: 14 – (2*3)= 8 с.
Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 8 самса әкелді.
Есеп – 2.
Қожанасыр 5 тиындықтан үшеуін жерге қазып көмді де, одан дәл сондай үш тиындарды алды Осылайша ол осы тиындарды үш рет алды үш рет алды.
Сонда Қожанасырда неше тиын болды?
Шешуі: 5 * 3 * 3 = 45 тиын
Есеп 3.
Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?
Шешуі: 100 * 4 = 400
II. Тез есепте!
«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қа не кім тез шешеді? (30 қаз)
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
15
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)
III. Дидактикалық ойындар
Аукцион .
Мақсаты: сандар құрамына негізделген есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Күнделікті өмірмен байланысты аукцион тақырыбына лайықты толық дөңгелек сандарға арналған есептер шығару.
Қажетті құрал жабдықтар: аукционға түсетін бұйымдар, әртүрлі заттар, теңге үлгілері.
Ойын мазмұны: тақта алдында аукционға қойлатын заттар қойылады.
Сынып ішінен аукцион жүргізуші және сарапшылар белгіленеді. Теңге үлгілері 10 – 100 көлемінде оқушыларда болу керек. Қалған сатып алушылар өздеріне ұнаған заттарды таңдап, алғашқы аукционға түсіретін қажетті заттарды атайды. Ең соңғы баға анықталғаннан кейін ғана зат сатылуға тиіс.
Немесе төмендегідей сыйлықтар аукционын өткізуге болады.
Сыйлықтар аукционы.
Тапсырмалар лоторея түрінде беріледі. Жұмбақтың шешуін тапқан оқушы сыйлықты алады. Қателессе келесі оқушы шығады.
№1. №2
Тілі бар, үні жоқ, Он екі парақ -
Өзін адам түсінген. Он екі ақ қанат,
Жүрегі бар да, қаны жоқ, Жауабы әсем – ақ,
Сөйлеп тұрған ішінен. /кітап/ Сызылған тақталап. /дәптер/
№3. №4
Ол – оқушы құралы, Күн сайын жыртылдық,
Қатеңді түзеп тұрады. /өшіргіш/ Өміріміз бір жылдық. /күнтізбе/
№5 №6
Тебеннің ұшы түйір, Өзі сөйлей білмейді,
Аяғы біреу, қолы жоқ, Салған ізі сөйлейді. /қалам/
Шиыр – шиыр жолы көп. /қалам/
№7. №8.
Жоқ өзінде бас та, мойын да, Дүниеге тұмсықсыз ол келеді,
Ұзындығы жазулы тұр Алайда тұмсығынан өледі. /қарындаш/
бойында./сызғыш/ №9. №10
Бірге барып сыныпқа, Қызыл, жасыл, қарасын,
Бірге үйіңе қайтады. Қолға кезек аласың. /қарындаш/
Оның бетін кім ашса, Қарындаштар түгел,
Әр бағаңды айтады. /күнделік/ Құшағына кірер. /пенал/
Гүлдер, аралар
Мақсаты: толық ондықтарды қосу, азайту дағдыларын қалыптастыру. Ойын – тест арқылы қажетті жауапты таңдай білуге дағдылану.
Қажетті құрал жабдықтар: өрнек жазылған гұлдер (әр түсті). Сандар жазылған карточкалар. Аралардың суреттерін іліп қоюға болады. (Ойында олардың рөлін оқушылар атқарады).
Ойынның мазмұны. Ойынды топқа бөліп ойнатуға болады.Тақтадағы гүлдердің күлтелеріне өрнектер жазылған.Әр күлте жапырақшаларында үш түрлі жауап.
Мысалы, 20+30 ( 50, 60, 90 ). Әр топтағы ара рөліндегі оқушылар өздерінің гүлдеріндегі өрнектің мәнін дұрыс есептеп, өз жауаптарына қонуға тиісті. Қай қатар тез орындаса, сол қатар жеңімпаз атанады. Ойын нәтижесінде балалардың білім деңгейі тексеріледі.
Есте сақта.
Мақсаты: Көззердесін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қажетті құрал – жабдықтар: таңбалар жазылған плакат.
Таңбалар, суреттер, сандары бар плакат.
Ойын мазмұны. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Оқушылар зейінін таңба жазылған плакатқа аудару керек. Плакат жабылады. Оқушылар естерінде қалған таңбаларды алдарындағы қағазға жазуы керек. Неғұрлым көп таңба жазған топ жеңімпаз атанады.
Математикалық телефон.
Мақсаты: білімді тиянақтау.
Қажетті құрал – жабдықтар: ойыншық телефон (қағаздан дайындаған телефондар).
Ойын мазмұны.Оқушыларға тірек сандар беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп, бірінші топтың оқушыларымен байланысқа шығады.Мұғалім мысалды айтады, оқушы өзінің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары қате болса, көмектеседі.
Қимақ.
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын ұштау.
Қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, тапсырмалар жазылған карточкалар.
Ойынның мазмұны. Ойынға жалпы сынып қатысады. Тақтаның алдында жіпті керіп, оған тапсырмалар жазылған карточкалар ілінеді. Шақырылған оқушы көзін байлап, жіптегі карточканы қиып алады. Тапсырманы орындаған соң жетон алады. Сабақ соңында кім көп жетон алса, сол «жеңімпаз» атанады.
Жұбыңды тап.
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құрал – жабдықтар: төмендегі үлгіде жазылған карточкалар. 20+10, 30, 50+ 20, 70.
Ойын мазмұны. Көрсетілген үлгідегі карточкалар оқушыларға үлестіріледі.
Мұғалім «жұбыңды тап!»- деген кезде әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалулары керек. Ойын осылайша жалғаса береді.
IY. Логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
*. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
* Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
* Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?
Y. Санамақтар сабақта
YI. «Мақалды жалғастыр» ойыны.
* Білгенің бір тоғыз,
...................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)
* Батыр бір рет өледі,
...................................(Қорқақ мың рет өледі)
* Екі аяқтыда құрдас тату,
.....................................(Төрт аяқтыда бота тату)
* Жалғыз ағаш үй болмас,
.........................................(Жалғыз жігіт би болмас)
* Ақылсыз достан мың сақтан.
................................................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)
* Елуінде – ер дана,
...............................................(Елуінде – ел жаңа)
* Қалтаңда жүз теңгең болғанша,
...................................................(Өмірде жүз досың болсын)
Санамақ – жаңылтпаш
Оңғар тапқан он жаңғақтан,
Екіден – ақ еппен санап,
Әлжан алды, Қалжан алды,
Балжан алды, қанша қалды?
Санамақтар
Жалғыз жол – жалғыз қалған жандай жол.
Егіз жолы бір өлеңнің қабысқан
Екі достай сағынысып табысқан.
Бірден бітпей қалған істен жерінбе,
Екінші рет ал қолыңа, ерінбе,
«Ер кезегі – үшке дейін», берілме!
Шығыста таң алауланып атады,
Батыста күн жалауланып батады,
Солтүстікте мұхит мұз боп қатады,
Оңтүстікте шөл де гүлдеп жатады.
Бас бармағым – атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы,
Ортаң терек – әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары,
Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.
Өр Алтай – шығыста қалқаным,
Көкшетау – шоқтығы Арқаның.
Қаратау – қазына қойнауы,
Баянтау – төрт түлік жайлауы.
Ұлытау – көне тау жотасы,
Алатау – таулардың атасы.
Бабам – Арман, кең даласың шарлаған,
Одан – Сарбаз, жерін жаудан қорғаған,
Одан – Тамыр, орыс доспен табысқан,
Одан – Азат, байбатшамен шабысқан,
Одан – Бақыт, совет елін құрысқан,
Одан – Батыр, фашистермен алысқан,
Әкем – Ғалым, жоқ іздеген ғарыштан.
Алыстан қозғап,
Тереңнен толғап,
Жырларын жазған мәңгілік,
Өтсе де ғасыр,
Өлеңін асыл
Ұрпағы айтқан ән қылып,
Абайдың сөзі, нақылы –
Айтатын бізге ақылы.
Тоғыз – әзір белгілі,
КҮННІҢ тоғыз серігі.
«ПЛАНЕТА» делінер
Аспандағы денелер.
Оқып-тоқып, сан атап,
Ал оларды сен жаттап:
УРАН, ПЛУТОН, САТУРН,
МАРС, ШОЛПАН, ЮПИТЕР,
МЕРКУРИЙ мен НЕПТУН, ЖЕР.
«Қызықты математика әлемінде» атты сайыс.
Мақсаты: Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында сабақтан тыс уақытта “Математикалық сайысын” өткізу.
“Қызықты математика әлемінде» атты сайысының жоспары:
1. Топтың таныстыру.
2. «Шапшаңдылық» сайысы.
3. «Тапқырлар» сайысы.
4. Көрермендермен ойын.
5. «Сыр сандық құпиясы».
6. « Көңілді көбейту» сайысы
7. «Көңілді санау» сайысы.
8. «50 ұпай кімге бұйырады?».
9. «Баспалдақ» ойыны.
10. «Жаңылтпаштар» сайысы (топ басшылар).
11. Қорытынды
Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ балл алады.
І.Топтарды таныстыру
ІІ. «Шапшаңдылық» сайысы.
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше)
3. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
4. Қандай сандар нөлден үлкен? (оң сандар)
5. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)
6. Ең кіші натурал сан. (1)
7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180)
8. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма? (бірдей)
9. 12, 10, 14 сандарының арифметикалық ортасын тап (12)
10. Жоқты білдіретін сан (0)
11. Тек қарама – қарсы екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыш (трапеция)
12. Санның 1/100 бөлігі (процент)
13. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5бұрыш)
ІІІ. «Тапқырлар» сайысы
1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой
44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)
2. Мына 1888 санына екі бөліккебөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.
/1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек/.
«Тапқырлар» тобы.
3.Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой?
333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000)
IV. Көрермендермен ойын.
Жұмбақтар жасыру.
1. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болады, қолда бары? / 6 /
2. Бір – бірімен жарысқан
4 аю, бір арыстан
2 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді / 8 /
3. Кәмпит қорабында неше кәмпит?
V. «Сыр сандық құпиясы»
1. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не?(калькулатор)
2. Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт симметрия осі бар фигура.Бұлай санның дәрежесі де аталады.Бұл не? (квадрат)
3. Бұл - басы да, ұшы да жоқ, бір қызық,әдемі фигура.егер оның бойымен жүрсең,қанша жүрсеңде,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын.Бұл не?(шеңбер немесе дөңгелек)
VI. «Көңілді көбейту» сайысы
Ойын шарты:
Кез келген екі таңбалы сандарды үш топтан кезекпен тақтаға бір оқушы шығып, көбейтуді көзі байлаулы түрде орындайды.
VII. «Көңілді санау» сайысы.
1. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп,1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді?(10 күн)
2. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( 1/4)
3. Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті.Оларға алдымен шай содан соң қазанға ет салынады. Үй иесі әйеліне келіп екеу ара бір табақ тартсақ бір табақ жетпей қалады.Үшеу ара бір табақ тартсақ,бір табақ артық қалады. Сонда қонақтар саны қанша, табақ саны қанша?(12 қонақ,
5 табақ)
4. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер)
VII. «50 ұпай кімге бұйырады?» сайысы
тапсырма
|
«Миллион» сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?
|
жауабы
|
а)А.Құнанбаев ә)Ы.Алтынсарин б)Қ.Сәтбаев
|
тапсырма
|
Шығыс Аристотелі атанған ғалым кім?
|
жауабы
|
а)Қорқыт ә)Омар Хаям б)Әл-Фараби
|
Тапсырма
|
Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы кім?
|
Жауабы
|
а)Герон ә)Лейбниц б)Галилей
|
IX. «Баспалдақ» ойыны
20 * 5 88 + 12
40 * 2 22 * 4
63-23 110 * 5
7 * 9 98 + 12
42 * 6 7 * 14
25 + 17 49 / 7
100 - 25 70 - 21
X. «Жаңылтпаштар» сайысы (топ басшылармен)
1. Рационал сан ,иррационал сан
Иррационал сан,рационал сан
Біріккен сан болған соң,
“Нақты сан” деп аталған .
2. Шеңбер,шеңбер доп емес
Доп сияқты,доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
3. Бес түп алма,”бестік” алғандікі
Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі
“Төрттік” алған бес түп алма алмайды
“Бестік” алған төрт түп алма алмайды.
XI. Қорытынды
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.
Марапаттау.
Еңбекшілдер орта мектебі
«Қызықты математика әлемінде» атты сайыс
|
Өткізген: Камел А.Қ.
Автор: Камел А.Қ.
Просмотров: 1781
Дата создания: 19 Ноября 2012 г.
Дата редактирования: 19 Ноября 2012 г.
Достарыңызбен бөлісу: |