Гомофобтық буллинг
Адам өзінің жыныстық көзқарасы жағынан қорлауға ұшыраған кезді жатқызамыз. Мысалы, біреуді «гей» деп атау немесе «гей» сөзін қорлау сөзі ретінде қолдану.
Расисттік буллинг
Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады.
Таптық буллинг
Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету.
Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг
Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін.
Сексисттік буллинг
Адамның жынысына қатысты басқаша көзқараспен қарау. Мысалы, ұлдар қыздарға қарағанда жақсырақ деген оймен қыздарды келемеждеу. Не керісінше, қыздар жасай алатын кейбір нәрселер ұлдардың қолынан келмейді деген ұғым қалыптастыру.
Дінге қатысты буллинг
Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету.
Ксенофобтық буллинг
Басқа елден келгендіктен, адамдарға қысым көрсету.
Мүгедектерге қатысты буллинг
Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу.
Есіңе сақта:
ешкімнің сені қорлауға құқы жоқ
буллинг сенің достарыңның, отбасыңның, мектептегі балалардың немесе бөтен адамдардың тарапынан болуы мүмкін, қалай болған жағдайда да, ол дұрыс емес және бұлай болуға тиіс емес
буллингті тоқтатуға және өзіңді бағалауға үйренуге болады
Сен әрдайым 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады
Бұл қызмет сондай-ақ «жедел желі» деп аталады. Мұнда саған қиындықтарыңмен күресуге көмектесу үшін арнайы адамдар жұмыс істейді. Сен кез келген уақытта үй немесе ұялы телефоннан 111 нөміріне қоңырау шала аласың – олар тәулік бойы жұмыс атқарады. Қоңырау шалған кезде, басыңнан қандай оқиға өтіп жатқанын баяндап бер, содан кейін олар саған әрі қарай не істеу керектігін айтып, кеңес береді.
Достарыңызбен бөлісу: |