Буллингпен күреспе
Жәбір көрсетушілерге жауап бере бастасаң, өзіңе зақым келуі немесе қиындыққа ұшырауың мүмкін. Буллингке жауап қайтармауда ешқандай ұялатын нәрсе жоқ.
Мазақы хабарламаларға жауап қайтарма
Егер сені мазақтап, қорлайтындарға жауап берсең, буллинг әлдеқайда күшейе түседі. Осының арқасында сенің көңіл күйің бұрыңғыдан да түсіп кетуі мүмкін.
Алайда, сен бұл хабарламаларды сақтап, олардан «скриншот» жасасаң, оларды мұғалімге немесе басқа ересек адамға дәлел ретінде көрсете аласың.
Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?
Сені біреуге қорлық көрсетуге не итермелейді?
Мүмкін сенің өміріңде қиын жағдайлар болып жүргендіктен, сен қамығып немесе ызаланып журген боларсың?
Егер солай болса, онда сенім артатын адамыңмен сөйлесіп, я болмаса 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Сонымен қатар, сен біздің кеңесшілерімізгеде сұрақ қоя аласың.
Сен өзіңнің оқиғаң туралы басқа адамдарға айтсаң, олар сені түсінбейді немесе айыптайды деп ойлауың мүмкін. Бірақ егер сен біреуді қорлап жүрген болсаң, бұл сенің көмекке мұқтаж екеніңді білдіреді.
Алғашқы қадам – өзіңнің басқа адамды қорлап жүргеніңді мойындау. Бұны өзің мойындағанда ғана, оны тоқтату оңайырақ болады.
Бірнәрсе істеуден бұрын жақсылап ойлан
Адамды ренжітетін хабарламалар жіберме. Егер сен басқа адамды жәбірлейтін хабарлама, sms, email жібергің немесе пост, твит жазғың келсе, оның барлығы буллинг болып саналады. Тіпті мәтінді теріп қойған болсаң да, оны өшіре аласың.
Адамды қорлайтын «посттарды» немесе хабарламаларды қолдама. Себебі, сенің әзіл түрде жазған «комменттерің» немесе «смайликтерің» біреудің жүрегіне өте ауыр тиуі мүмкін. Ақыр аяғында ол адамға барлық әлем қарсы шыққан сияқты болып көрінеді.
Адамдардың құрметіне лайық болу үшін басқа әдістер ойлап тап
Сен өз талантыңды дамыта аласың, яғни сүйікті спорт түрімен көбірек айналысу, жақсырақ ән айтуға, би билеуге, сурет салуға, музыкалық аспапта ойнауға үйрене аласың. Себебі, айналысатын сондай нәрсе көп! Бір адаммен дос болу үшін, не біреудің құрметіне лайық болу үшін адамды мазақ кылып, қорлау дұрыс емес.
Сен қорлап жүрген адамға деген қарым-қатынасынды өзгертіп, оған жылы көзбен қарауды бастап көр. Қателіктеріңді мойындау – үлкен батылдық. Мүмкін болып жатса, сол адамнан кешірім сұрауға тырыс.
Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?
Қандай себеп болмасын, қорлау – қашан да жаман қылық. Әдетте біреуді қорлап жүрген адам
басқаларды көре алмайды немесе қызғанады
басқаларға ұнағысы келеді
өзін басқаларға қарағанда жоғары екенін сезінгісі келеді
достары сияқты болғысы келеді
оны барлығы тындағанын қалайды
өзгелердің қорлауынан зардап шеккен
қорлау басқаларға қасірет тудыратынын түсінбейді
Достарыңызбен бөлісу: |