Бекбатыров Темерлан Талгатович №2 орта жалпы білім беру мектебінде оқиды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы орташа. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тез тіл табыса алмайды, қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатыспайды.
Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы орташа.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Негізгі қолы оңқай.
Мінездеме берген: практикант Жанасыл Күмісгүл