Сабақ: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»



Дата23.08.2017
өлшемі133,18 Kb.
#24869
түріСабақ

Сабақ: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі

Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 09.02.2017ж

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі : Талипова Саяра Каримжановна

Сынып: 11-«В»

Қатысқандар:12

Қатыспағандар:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Ақынның «Үш бақытым» өлеңінің тақырыбын,идеясын ашу,мазмұнын меңгерту арқылы көркемдік ерекшелігін таныту.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ақынның өмірі шығармашылығымен,өлеңнің тәрбиелік мәнімен танысады .

Оқушылардың басым бөлігі: Постермен жұмыс жасайды,өлеңдерін жатқа айтады.

Кейбір оқушылар: Өлеңіне талдау жасайды,берілген тапсырмаларды нақты, әрі түсінікті орындайды.


Бағалау критерийлері:

  1. «Болжау», «Білгенге маржан» әдісінің сұрақтарына толық жауап беруі;

  2. Эссе жазып, салыстырмалы түрде бағалауы;

  3. Топта талдау жұмыстарын орындауы.

Күтілетін нәтиже:

  1. Сұрақтарға толық, нақты жауап береді;

  2. Эссе жазады;постер қорғайды;

  3. Талдау жұмыстарын орындап, бағалайды.

Ойлау деңгейлері:

Жоспарланған жаттығулар: «Бақытты сәт»тренингі, «Шеңбер ішінде шеңбер»әдісі,Топқа бөлу, «Досым,жылдамырақ...»,Сатылай кешенді талдау, «Білгенге маржан»,РАФТ әдісі,Кері байланыс «Интервью әдісі

Ресурстар

Уақыт

Басталуы

«БІЛУ»


Кім?

Не?


Қашан?

Қайда


«ТҮСІНУ»

Неге?


Неліктен?

Не үшін?


Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»

Бақыт деген - сенің бала күндерің


Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,


Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!


Психологиялық ахуал тудыру

«Бақытты сәт» тренингі

Қане балалар бәріміз ортаға шығып шеңбер құрап алайық.

Қасымызда тұрған оқушыға өз атымыздың бас әрпінен келетін сөзден тілек (комплимент)айтамыз.

Тұрған жерлеріңізде ішкі шеңбер сыртқы шеңбер құрап аламыз.

«Үй тапсырмасын сұрау»

«Шеңбер ішінде шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Сыртқы шеңбер оңға қарай ішкі шеңбер солға қарай айналады.Өз алдында тұрған адамға үйде неге дайындалып келген болса соны айтып шығады.

«Топқа біріктіру»

Оқушылар өздеріне тиесілі болған бір заттарыңызды маған бересіздер.оны бөліп шығамын,ал,енді өз заттарыңызды алып топтарыңызға барып отырыңыздар.

Постермен жұмыс жасаймыз.

1-топ Өмірбаянына тоқталасыздар;

2-топ Шығармашылығына;

3-топ Қандай кітаптары.

Ал,оқушылар, «Бақыт»ұғымын қалай түсінесіздер?

Ауызекі жауап береді.Мен қазір сендерге 3 санына байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

«Білгенге маржан»



3 қуат: Ақыл, жүрек, тіл.

3 арсыз: Ұйқы, күлкі, тамақ.

3 сауап: Шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен

Ақынның бақыты не болуы мүмкін?



«Досым,жылдамырақ» әдісі
Бейнерөліктен «Үш бақытым» өлеңі тыңдалады.
-Қазір өлеңді тыңдай отырып ақынның бақытының неде

екендігіне көз жеткіземіз.


Оқушылар берілген қағаздардан өлеңнің үзінділерін тауып орналастырады.

Жеңімпаз топ бағаланады.

«Мұқағали  әлеміне  саяхат»


                        “Үш бақытым” 
            Ең бірінші бақытым – халқым менің,
    Соған берем ойымның алтын кенін.
    Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
    Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
    Ал екінші  бақытым – тілім менің,
    Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
    Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
    Қасиетті тілімнен түңілмедім.
    Бақытым бар үшінші – Отан деген,
    Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.
    Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.
    Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
1-топ Сөздікпен жұмыс жасайды

Алтын Ауыспалы. Бағалы, қымбат.


Кен 1. Жер астынан қазылып алынатын
пайдалы қазба, байлық.
2. Ауыспалы. Қайнар көзі, мол жер.
Нарық 1. Заттың кесімді бағасы, құны.
2. Ауыспалы. Қадір-қасиет.
Оты сөнген Ісі ілгері баспаған, талабы кері кеткен.
От ал Жігер беру.
Жалғанда Жарық дүниеде, бұл өмірде, тіршілікте.
Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдері әдісін пайдаланып, сұрақтар қою арқылы әр шумаққа тоқталып өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып,
өлеңнің тақырыбы, идеясы ашылады, әдеби талдау жасалады.
— Сонымен ақынның үш бақыты не екен?
— Ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?



АКТ

Сүрет, шыбық,



15 мин

Ортасы

«ҚОЛДАНУ»

Оқулықта

Берілген


жаттығу жұмыстары

«ТАЛДАУ»


Салыстыр айырмашылығы неде?



Топтық жұмыс

— Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік.


— Әрбір шумақты талдай отырып, Халық, Тіл, Отан сөздеріне түсінік бере кетейікші. Бірінші шумақты талдаймыз
— Неге ақын халқын бірінші бақытына теңейді?
— Екінші шумақты оқи отырып,ақынның айтқысы келген ойына үңілейік.
— Ақын Отанды үшінші бақытым деп есептеген
-Ақын «Құдай деген кім десе, Отан дер ем!» деген тіркесті неге қолданды?
-Төртінші шумақты ақын «Үш күн нұрын төгеді аспанымнан
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!» деген өлең жолдарымен аяқтаған. Қазақстан картасынан осы өлкені
кім көрсетіп жібереді? Ақынның айтпақ ойы не?

2-топ Ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?
Халық Тіл Отан.
Қымбаттырақ алтыннан. Қасиетті тіл. Отан Оттан да ыстық.
. Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік.
Халық – ел, жұрт. Отан – туған жер, атамекен.
. Мұғалім: Балалар, осы Халық, Тіл, Отан сөздеріне түсінік бере кетейікші.
Халық
1Халық дегеніміз – Қазақстанда тұратын адамдар.
2. Елімізде 16мил. халық тұрады.
3. 130-дай ұлт өкілдері тұрады.
Тіл.
1. Тіл дегеніміз адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы.
2. Қазақстанда 130-дай тіл бар.
3. Қ. Р-ның Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Отан.
1. Отан ол – әр адамның туып өскен жері.
2. Отан ол – сенің отбасың.

3-топ ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайды
1. Авторы: М: Мақатаев.
2. Тақырыбы: «Үш бақытым.»
3. Жанр түрі: Өлең.
4. Шумақ: 3
5. Тармақ: 12
6. Әр шумақтың мәнін ашатын көркем, бейнелі сөздер:
1-шумақ: Қымбаттырақ алтыннан, алтын кен.
2-шумақ: Қасиетті тіл.
3-шумақ: « Отан оттан да ыстық.»
Өлеңнің идеясы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шекесіз махаббаты айтылады.

Келесі тапсырма Әрі ойын, әрі оқу. Оқушылар өлеңді оқып, кітапты жабады да мына тапсырмаларды орындайды.
«Үш бақытым» өлеңінің

1-топ мүшелері

1-шумағының кей сөздерін аударасың,


Ең бірінші бақытым – народ моя ,
Соған берем ойымның золото кенін.
Он бар болса, я бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ из золота нарқым менің.

2-топ мүшелері

2-шумағы Ребусты шешесің,

Ал .к..ші ба..тым-- і м менің
Тас. – ті-немен тілімдедім.
Ке.-ке..е дү...д.н түңілсем де,
Қа...ті-.і.н.н т..ңі.м.д..

3-топ мүшелері

3-шумақтың бір тармағында сөздердің орны ауыстырылған соны дұрыс тауып орнына қою керек.


Деген бақытым отан бар үшінші

Біреу десе дер ем Отан мықты кім

Барсың ба оты сөнген жан жалғанда

Кел-дағы ойланбай-ақ ал менен от
Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның золото кенін.
Он бар болса, я бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ из золота нарқым менің.

Ал екінші бақытым-- і м менің
Тас. – ті-кіммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті-імнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші-отан деген,
Кім мықты?- десе біреу,- Отан дер ем.
... Сөнген оты жалғанда барсың ба жан
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал мене

ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайық
1. Авторы: М: Мақатаев.
2. Тақырыбы: «Үш бақытым.»
3. Жанр түрі: Өлең.
4. Шумақ: 3
5. Тармақ: 12
6. Әр шумақтың мәнін ашатын көркем, бейнелі сөздер:
1-шумақ: Қымбаттырақ алтыннан, алтын кен.
2-шумақ: Қасиетті тіл.
3-шумақ: « Отан оттан да ыстық.»
Өлеңнің идеясы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шекесіз махаббаты айтылады.

Мұғалім: Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,


Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман.
Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтан

Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге.
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде.
Есіңе мені алғайсың
- деп артына мол мұра, өсиет қалдырған ақын өлеңімен сабағымызды аяқтаймын. Осындай әдемі өлеңдерімен ақын біздің есімізде мәнгі жатталып қалады. « Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған» деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали атамыз өлген жоқ. Ол бізбен мәңгі бірге, жырлары да мәңгі жасай береді



АКТ, постер

15 мин

Аяқталуы

«ЖИНАҚТАУ»

Алынған ақпарат негізінде талдау, жинақтау
«Бағалау»

Сен қалай ойлайсың?

Не істер едің?

Өз ойыңыз?



«Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді» Б.Бұлқышев

РАФТ әдісі бойынша ақын өлеңіне талдау жасайық

Рөлде-

Аудитория-

Форма-

Тақырып-

«Эссе» жазу сәті.

Қорытынды:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ақынның өлеңін еңкейген қарттан тәй-тәйлеген баласына дейін біледі десек қателеспеген болар едік. Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған сөздері жүрегімізден орын тапты. Мұқағали мұрасы – халық қазынасы.
Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз. Соның дәлелі ретінде ақынның сөзіне жазылған «Үш бақытым» әнімен сабағымызды аяқтаймын.

«Интервью» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын.

Бүгінгі сабақтан сізге не ұнады?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не жаңалық болы?

Рефлексия

Оқушылар стикерлерге мына сөйлемдерді аяқтап, талға іледі:



  • Маған ұнағаны …

  • Мен өзіме жаңалық аштым…

  • Менің білгенім…

  • Есіме жақсы сақтап қалғаным…

  • Мен түсіндім…

  • Менің таң қалғаным…

  • Өзіме және басқаларға тілейтінім…

  • Менің қалайтыным…

  • Мен таңдаймын…

  • Басқаларға айтып беретінім…

  • Мен алғысымды айтамын…

  • Үйге тапсырма беру:Ақиық ақынның өмірі мен шығармаларын оқу, «Үш бақытым» өлеңін жаттау.




Тест парақшалары, үнтаяқ.

15мин

Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған са ралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты шынайы болды. Оқушылар сергіту сәтінде өз ойларын еркін жеткізуді, кез келген оқиғаны өз ойымен жалғастыруды, орынды сөйлеуді үйренді. Жоспарлаған тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Мен келесі сабақта өз жоспарыма оқушының ауызша сөйлеу дағыларын дамытатын әдістермен толықтырғым келеді.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Ойлау карталары» әдісі. Тапсырмалардың жүйелі берілуі, сол тақырыпта эссе жазып, бағалағаны.

2. «Болжау» әдісі. Ойды оқушының өздері жалғастырғаны.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Интервью» әдісімен кері байланыс жасалғаны. Сұрақтар арқылы орынды пікір айтқаны,РАФТ әдісін пайдаланылғаны.

2. Сабақты қорытындылау үшін пайдаланған . Оқушының жылдам жауап тапқаны мен бағалағаны,эссе жазғаны.



Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабақтарда оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру үшін «Рөлдік тапсырма» әдісін пайдаланып отырамын. Шешендік сөздерді пайдалана отырып, рөлдерге бөліп орындау тапсырмасын беремін. Оқушы бұл тапсырмамен әрі сахнада сөйлеуді, еркін ойын жеткізуді, көркем тілмен сөйлеуді үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет