Жаңа тақырыпты электронды оқулықты қосымша пайдалана отырып түсіндіру.
Бит – бұл ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.
Қазақ алфавиті 42 әріптен тұрады. Күнделікті өмірде ақпараттың өлшем бірлігі ретінде – байт жиі қолданылады.
Байт – бұл 8 биттен тұратын ақпараттың өлшем бірлігі.
1 байттың көмегімен әртүрлі 256 символды кодтауға болады (28=256).
Ақпаратты өлшеу бірліктерінің ара қатынасын көрсетіп, нақты мысалдармен бір бірліктен басқаларына ауыстыруды көрсету.
Биттен байтқа ауыстыру үшін бөлу амалын қолданамыз
32 бит:8 бит = 4 байт.
64 бит : 8 бит = 8 байт.
1200 х 600=720 000 нүкте = 720 000 байт.
Байтты килобайтқа айналдырамыз:
720 000:1024=703,125 Кбайт
Сергіту сәті "Кел билейік"
Деңгейлік тапсырмаларын орындау
1 Тапсырма "Білу және түсіну" деңгейі
Байт, килобайт, мегабайт және гигабайт дегеніміз не?
Өлшем бірліктер өзара қалай байланысты?
Берілген ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастырыңдар: Терабайт; Кбайт; байт; Мбайт; Гбайт.
Үлкен бірліктен кіші бірлікке (байттан битке) ауыстыру үдерісі
қалай орындалады? Мысалдармен түсіндіріңдер.
Кіші бірліктен үлкен бірлікке (байттан битке) ауыстыру үдерісі
қалай орындалады? Мысалдармен түсіндіріңдер.
«Компьютер» сөзінің ақпараттық өлшемін бит бойынша анық-
таңдар.
1 Гигабайтта қанша мегабайт бар?
2 тапсырма "Қолдану "деңгейі
1. Дербес компьютердің жадында 5 Кбайт мәтін бар. Бұл мәтінде қанша символ бар?
2. Оқулықтың әрбір бетінде 40 жол, әрбір жолында – 60 символ бар. Оқулықтағы ақпараттың өлшемін анықтаңдар.
Талдау деңгейі
2. Дербес компьютердің жедел жады 512 Мбайтты құрайды. Жедел жадта қанша бит бар?
Бағалау критерийі
|
Дискриптор
|
Белгі
|
| |
|
|