Сабақ мақсаты Барлық оқушылар істеуге дағдыланған



Дата08.06.2018
өлшемі23,88 Kb.
#41139
түріСабақ
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл селосы Ақкөл жалпы орта мектебі

информатика пән мұғалімі Шайхимова Самалгул Бахытжановна




5.3 В Талқылау және программалау

Тақырып: Менің алғашқы программам.

Оқу мақсаты

5.3.3.1. Тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scrath)

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:

Ойын программасында әр блоктың командаларымен жұмыс жасай алады

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Фондар кітапханасынан алынған спрайтқа сәйкес келетіндей фон бере алады

Программада қадам санын енгізіп, өзгерте алады

Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:

Ойын программасында тармақталған және циклдік командаларды қолдана отырып анимация құра алады

Бағалау критерийлері

  • Scratch бағдарламасында нысандармен жұмыс жасай біледі

  • Тармақталу және цикл командаларын қолданып бағдарлама құрады.

  • Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып анимация құра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар істей алады:

Scratch бағдарламасында нысандардың атауларын дұрыс қолдана алады.



Пәндік лексика мен терминология:

Спрайт, скрипт, графика, сахна, блок, команда, сенсор, оператор



Сұхбатқа, хатқа арналған пайдалы сөздер:

Scratch бағдарламасында орналасқан нысанды өңдеу батырмалары ...... орналасқан

Жобаны сақтау үшін ..... бұйрықтары қолданылады.

Файлдың кеңейтілімі .....



Құндылыққа баулу

Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. Тіл меңгеруге бейімдеу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі.Бейнелеу. Математика.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Программалау тілдері, Scratch бағдарламасының интерфейсі туралы біледі.

Сабақтың барысы





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

3 мин
4 мин



Шаттық шеңберін құрып, «Жүрек жылуы» тренингін ойнату.

Мақсаты: оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір-біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтын бәрі жүректен шығатынын жеткізу. Жүрекшенің екінші жағында топ аттары бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ: «Спрайт»

2-топ: «Сприт»

3- топ: «Скретч»

Үй тапсырмасын тексеру:

«Кубизм» әдісі

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

Мақсаты: оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін анықтау, ой жинақтау.


  1. Scratch деген не?

  2. Лого тілі қай жылы шыққан?

  3. Неліктен программалау ортасында скриптілерді қолданамыз?

  4. Программада штамп құралы қайда орналасқан?

  5. Scratch программалау ортасын қалай жүктейміз?

  6. - батырмасының атқаратын қызметі қандай?

Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, слайд, Scratch бағдарламасы, маркер, жұмыс дәптері, карточка.

Сабақтың ортасы

10 мин


15 мин

7 мин


Бүгінгі біздің мақсатымыз ойын программасында әр блоктың командаларымен танысып, фондар кітапханасынан спрайт алып, фон беріп программада қадам санын енгізіп, өзгертіп үйренеміз. Scratch ортасында блоктармен конструктор жинағандай блоктарды құрастырып программа жасап көреміз.

Мақсаты: оқушыларды топтық жұмыс жасауға баулу, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйрету, Scratch ортасымен танысу.

Постер қорғау. Әр топ берілген тапсырмалар бойынша постер дайындайды, қорғайды. (Топтық жұмыс)



1-топ: Программалау тілі

2-топ: Программаның жазылу түрлері

3-топ: Scratch ортасы

1-тапсырма:

Қай блок командасына жататынын анықтап, сәйкестендір:




Скрипт атауы

Блог атауы

1



Сенсорлар блогы

2



Басқару блогы

3




Операторлар блогы

4



Оқиғалар блогы

5



Ішкі блог

6



Қозғалыс блогы

7



Дыбыс блогы

8



Қылқалам блогы


Дecкриптор: тапсырма арқылы блок командаларының қандай қызмет атқаратынын біледі.
Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)


2-тапсырма: Себебін анықтап Неліктен пайдаланамыз бөліміне жауап жазады.




Фон және спрайттар кітапханасы

Неліктен пайдаланамыз?

1

Фондар кітапханасы



Жоба жасау барысында сахнаны безендіру үшін әртүрлі фонды таңдап алу үшін фондар кітапханасын пайдаланамыз.

2

Спрайттар кітапханасы


Мысық спрайттың орнына кез келген басқа кейіпкерді алу үшін спрайттар кітапханасын пайдаланамыз



Дескриптор: Фон және спрайттар кітапханасын қолдана алады.
Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

3-тапсырма:
«Сүңгуір» және «Балық» скрипттеріндегі айырмашылықты анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз._____________________________________________________________________
Дескриптор: берілген интерфейсті көре отырып бағдарламаның қайсысына жататынын анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

4-тапсырма:

Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын циклдік командаларды белгілеңіз.



Дискриптор жазу: циклдік командаларын айыра біледі.

Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

5 - тапсырма. Төменде көрсетілген кейіпкер мен фон түсін ойын программа ортасында орында.

Кейіпкерді қозғалысқа келтіріп, командаларын дәптерге жазып көрсет.


Дескриптор: Көрсетілген кейіпкер мен фон түсін ойын программа ортасында қозғалысқа келтіріп орындайды.

Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, слайд, Scratch бағдарламасы, маркер, жұмыс дәптері, карточка.


Сабақтың соңы

3 мин


Қорытындылау

«Джиксо» әдісімен

Сенсорлар блогы қандай?

Қозғалыс блогы қандай қызмет атқарады?

Дыбысты қай блок арқылы қоямыз?

Фон және спрайттар кітапханасынан не алуға болады?

Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын циклдік командаларды ата.



Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын тармақталу командаларды ата.

Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)
«Бес саусақ» әдісі кері байланыс алу


Үй жұмысы: . Scratch ойын бағдарламалық ортасында циклдік, тармақталу блоктарды қолданып екі бағдарлама жаса. Кітаптан оқы.





Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар, сәйкестендіру кестесін, жеке, топтық тапсырмаларды орындайды.

Ойын программасында әр блоктың командаларымен танысып, фондар кітапханасынан спрайт алып, фон беріп программада қадам санын енгізіп, өзгертіп үйрендік. Scratch ортасында блоктармен конструктор жинағандай блоктарды құрастырып программа жасадық.

Компьютермен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау, көзге арналған жаттығулар орындау.

Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасау үшін «Ойлан-жұптас-бөліс», “Джигсо” әдістері арқылы тапсырмалар беремін. Тақырыпқа байланысты сілтемелерді (Scratch ойын бағдарламалық ортасында) қолданамын. Мадақтау арқылы жетістікке жетемін. Қабілетті оқушылар қосымша Scratch ойын бағдарламалық ортасында бағдарламасымен программа құрады.


Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды

1: топтық жұмыс

2: постер қорғау.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды

1: бағалау

2: деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.


Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру; сабақ алдында гигиенаға сай бөлмені желдетіп алу


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет