ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Колледж Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі Мерзім:14.01.2014ж
№ 3 Тақырып: Жақсылық – жан шуағы. «Өзімді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»
Құндылық: Сүйіспеншілік , Қасиеттер: Тәрбиелік
Мүғалім: Атчибаева Бактылы Бурамбаевна, Топ № 8, Студенттер саны 23
Сабақ мақсаты:
«Жақсылық», «Мейірімділік» құндылықтарының мәнін кеңірек түсіндіру.
Студенттерді достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйласуға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту.
Міндеттері:
Жақсылық жасау қайнары туралы айта отырып, жақсылықты жасау, оны қолдау, жамандықты тізгіндеу адамдық міндет екенін ұқтыру.
Жақсылық, қайырымдылық жасау сезімімен адам бойында туатын жан рақатын сезіндіру; ізгілік, мейірімділіктің адамның өзін-өзі дамытып тәрбиелеудегі ерекше орын алатынын түсіндіру.
Студенттер бойына жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту, адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпы адамзаттық адамгершілік қағидаларымен таныстыру, олардың бойында адамзаттық мәдениет пен имандылық қатынастарды қалыптастыру және дамыту.
|
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
-интерактивтік тақта;
- қағаз;
- қалам;
- доп;
- смайлик суреттері;
- өзін-өзі тану оқулығы, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал 11 сынып
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды үстелге қойыңыз. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Өмір шексіз керуен»
«Менің бір күнім» тақырыбында эссе жұмыстарын талдау.
|
Сабақ барысын талдау:
Студенттер тыныштық сәті кезінде өздерінің балалық шақтағы ойлары есіне түсіп, күннің ыстық шуағы, көлдегі сулар, жасыл шөп үстінде бір-бірін қуалап, алаңсыз, уайымсыз, қуанышты, бал-балалық шақтары көз алдарынан бір шолып өтті.
Бір-бірімізге нұр сыйлау, нұрды отбастарына, достарына, ата-аналарына, ұстаздарына бағыштады.
Студенттердің үй тапсырмасын балдық жүйемен бағалау.
|
Дәйексөз.
Өзіңді танығың келсе,
Адамдарға, олардың ісіне қара.
Өзгені танығың келсе,
Өзінің жүрегіңе үңіл.
(Фридрих Шиллер)
|
Студенттерге дәйексөзді ұсынып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрау. Студенттер өз ойларын ортаға салады.
|
Мұғалім сыйы: «Шипалы түн»
Дүрия әжей ауылда тұратын...
Баласы мен қызы әлдеқашан қалаға орныққан, жылына бір рет келсе, оған да шүкір. Өзі де қалаға көп бара бермейді, соңғы кезде баруды да қойды, себебі Дүрия әжей көптен дұрыс ұйықтай алмай жүр. Көзі ілініп кетсе болды, күбірлеп сөйлеп, еңіреп жылайтынды шығарды. Өз үйінде ештеңе емес: ешкім естімейді, ал қонаққа барғанда балашағасының берекесін алатын болды. Жастыққа басы тиісімен: «Құтқарыңдар! Қайырымды жандар! Құтқарыңдар» деп, жан дауысы шыққан әжей бүкіл үйді дүрліктіреді. Бәрі оянып, абыр-сабыр болып қалады: бірі дәрі берсе, бірі сөзбен жұбатады. Бір сағат өтпей-ақ бәрі қайталанады.
Әрине, бұған әжейдің қарттығы, аштық пен соғысты бастан өткіргені кінәлі екенін барлығы да іштей түсінеді. Түсінуін түсінгенмен, ешкімге жеңіл тимейді: таң атқанша көз ілмей, ертеңгісін жұмысқа кетеді. Дәрігерге де апарды, жазып берген дәрілерден ешқандай ем болмады. Әжей де қалаға баруын сиретті.
Немересі Ернұрдың қысқы демалысқа келгені әжейге үлкен қуаныш, қуат берді. Кіп-кішкентай Еркеші біраз өсіп қалған. Мұрны пысылдап, ойын әбзелдерін ертеңге дайындап отыр. Дүрия әжей ақырып төсек сала бастады да, немересіне көзінің қиығымен қарап:
Түсімде айқайлауым мүмкін, оятып жібересің ғой.
Түк етпейді, әже. Мен ұйықтағанда ештеңе де сезбеймін, - деп жұбатты Ернұр.
Екеуі де тез ұйықтап кетті. Түн ортасында Ернұр:
Құтқарыңдар! Құжаттарымды жоғалтып алдым! Көк орамалға түйілген! Кім көрді?! – деген айқайдан шошып оянды. Аяғының ұшымен әжесіне жақындап, құлағын салды. Әжесі: «Қайырым...Мейірім..Құдай-ай, енді не істесем екен?! Балаларымды қалай алам?!»... деп күбірлеп, дөбекшіп жатыр.Ернұр шыдамай, әжесін оятты.
- Әже, әжешім менің! Ояныңызшы...
Еркешім, сенбісің, құлыным? Алжасқан әжеңді кешіре гөр.
Оқасы жоқ. Бастырылығып қалғансыз ғой. Оң жамбасыңызға жатсаңыз, жеңіл болады.
Жарайды, жатамын, құлыным...
Ол өзін кінәлі сезініп, күмілжіп қалды. Ернұр құжаттар хикаясын естіген. Ашаршылық кезінде Дүрия әжей екі баласын «балалар үйіне» уақытша тапсырған болатын. Әжесінің Қайырым дегені – мұның әкесі. Кенет әжейдің:
Құдай үшін... қайтарыңдаршы! – деген тағы да жан дауысы шықты. Ернұр төсектен ұшып тұрып, әжесінің жанына барды. Бетіне үңілсе, көз жасы көл болып жылап жатыр. Ернұр әжесін оятып:
Әже, несіне жылайсыз? Ол түс қой, сіз болсаңыз шын жылап жатырсыз, ал түс – жалған нәрсе. Оянсаңыз, жоқ болады.
Әрине, әрине...
Келесі күні түскі ас үстінде Дүрия әжей:
Түнімен ұйқы бермедім ғой деймін. Қарттық қой, - деп ақталды.
Әже ол туралы ойламаңыз, - деп жұбатты Ернұр. – Жаспын ғой. Ұйқым әлі-ақ қанады...
Ол тамағын ішіп алып, бірден киіне бастады. Немересі қандай көрікті еді!? Бойы сұңғақ, екі беті албырап тұр. Шаңғышы киімі өзіне қалай жарасады?!
Аулада достары күтіп тұр екен. Ауладан аттап шықсаң, жазық дала. Алыстан қарауытып қарағайлар көрінеді. Ұлпа қардың бетімен шаңғы тепкен қандай керемет! Ернұр қас қарайғанша армансыз ойнады.
Ернұр бұл түні әжесінің айқайын естіген жоқ. Таңертен ғана байқады, әжесі кірпік қақпай шыққан сияқты. Немересі ұйықтасын деген ғой...
Күн артынан күн өтті.
Бір күні Ернұр поштаға барып, үйіне телефон шалды. Сөз арасында анасы:
Қалай, әжең ұйқы бермей жүр ме? – деп сұрады да: - Айқайлай бастаса, «доғар» деп жекіп таста. Сонда тынышталады. Біз солай істейтінбіз, - деп ақыл берді.
Ернұр үйге қайтар жолда ойға шомды. Оған әжесі қорғансыз, панасыз көрінді. Өткен күндердің қиыншылықтары туралы әкесі көп есіне алатын. Сөйтсе, әжесі үшін ол күндер әлі өтпепті. Әр түнді қандай қиналыспен өткізіп жүр десейші! Қалай көмектесуге болады?
Баланың басы қатты. Әр қадам басқан сайын жаны тебіреніп, жүрегі сыздап келеді.
Кешкісін Ернұр әжесіне қараған сайын жаны жай таппады. Біраздан соң, жарықты сөндіріп, әжесі төсекке жатты. Ернұр төсекте отырып, далаға көз салды. Ай жап-жарық, қар сүттей аппақ. Ұйықтай алар емес. Бір кезде әжесінің күбірін естіді. Денесін сәл діріл билеген ол әжесіне жақындады.
Жоғалтып алдым... Құжаттарым жоқ...
Дүрия әжей тағы да еңірей бастады. Ернұр терең дем алып, анасы айтқандай, қаттырақ айқай салуға, тіпті аяғымен еденді тебуге дайындалды.
Құлыншақтарым-ау... қайтарыңдаршы... – әжей өксіп, сөзін әрі қарай жалғастыра алмады.
Жас баланың жүрегін біреу суырып алғандай болды. Ол ұйықтап жатқан әжесінің жанына тізерлей отырып, жұмсақ дауыспен:
Міне, сіздің құжаттарыңыз, әжей... Көк орамалға түйілген бе? Мінекей, түсіріп алыпсыз... Алыңыз, бәрі түгел... – деп, қайталай берді.
Дүрия әжей үнсіз қалды. Шамасы, түсінде бұны естіп жатқан болуы керек. Сәлдең соң:
Менікі, менікі. Орамал да менікі. Бәрі біледі, менікі екенін... Рахмет, қайырымды жан...
Жыламаңыз, - деді Ернұр сенімді дауыспен. – Құжаттарыңыз түгел, несіне жылайсыз? Балаларыңызға тезірек жетіңіз. Ұйықтатыңыз. Өзіңіз де дем алыңыз.
Дүрия әжей бір күрсініп алып, тыныш ұйқыға кетті. Ернұр әжесінің демін сәл тыңдап отырды да, орнынан тұрды. Қалтыраған денесіне ие бола алар емес. Жүрегі сыздап, аяныш көкірегін керіп барады. Сол соғыс жылдарын өз басынан өткерген сияқты күй кешті. Жыламау мүмкін емес, өксіп-өксіп қояды.
Таң ата Ернұр төсекке жатты да, бұл оқиғаны әжесіне асықпай, баппен айтуы керек екендігін ойлады. Кенет біреу үстіне мұздай су сепкендей сел ете қалды. Ол баппен айтпақ түгілі, бұл туралы аузын да ашпау керек екендігін түсінді. Ертең де түн бар, арғы түн де келеді. Осылай қайталай берсе, біреуінің әжесіне шипа болатындығына немересі сенімді еді.
Әңгімелеу
Адамды жақсылық жасауға, қуаныш сыйлауға итермелейтін қандай сезім?
Адамды жақсылық жасауға, қуаныш сыйлауға мәжбүрлеуге бола ма?
Жақсылық жасаушы адамның үлгісі бола ма?
Бір-біріне қуаныш сыйлайтын адамның үлгісі бола ма?
Жақсылық нәтижесін бірден көруге мүмкін бе?
Ернұрға анасының берген ақылы дұрыс деп есептейсіз бе?
Ернұр дұрыс шешім қабылдады ма?
|
Студенттер мәтіннің мазмұнына көңіл аударып, өз ойларын ортаға салып ашық пікірлерін білдірді.
|
Шығармашылық жұмыс.
«Мен саған сенемін...» жаттығуы
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.
топтық жұмыс.
Ойын: «Ыстық картоп»
Студенттер бір-бірлеріне доп береді. Оқытушы тоқта дегенде кімнің қолында доп қалса соған тапсырмалар беріледі, берілген тапсырмаларды қимыл-қозғалыспен (жестпен) білдіру қажет.
Мысалы: (гүл сыйла, құшақта, хат жаз, аймала, өз сезіміңді білдір).
|
Студенттер бір-біріне шын көңілімен, ықылас ниетімен, шынайы мейіріммен, ізгі ниетпен жақсы тілектер тіледі.
|
Топпен ән айту.
Жадырап жанымыз,
Жарасып әніміз,
Болашақ бүгіннен басталғандай.
Нұр құйып көңілге,
Жол сілтеп өмірге,
Арман тұр асқақтап асқар таудай.
Қайырмасы:
А-а-ай, а-а-ай,
Қуаныш көрем көзіңнен,
Өзіңмен, жан құрбым,
Қосылды тағдырым,
Қосылған қос өзен секілденіп.
Өзің боп өлеңім
Шаттыққа бөлендім,
Сәулешім, сенімен танысқалы.
Теңізге телегей
Жол тартқан кемедей,
Бойдақтық бізден де алыстады.
Қайырмасы.
Достарсыз бұл күнде
Күн кешу мүмкін бе,
Досымыз көбейсін, келе берсін.
Жайнай бер, жасқанбай,
Мөлдір боп аспандай,
Кірлетпе көңілдің терезесін.
Қайырмасы.
|
«Қуаныш вальсі»
|
Үй тапсырмасы.
Студенттерге «Мен кіммін, болашақта мен кім болғым келеді» деген тақырыпта өз портретін салу тапсырылады.
|
|
Соңғы тыныштық сәті.
Студенттерге «смайлик» суреттері таратылып, таңдап «қазіргі жағдайдағы сіздің көңіл - күйіңіз» деген тақырыпта мінездеме беру.
Жәй музыка ойнайды, студенттер көздерін жұмып, сабаққа тұжырымдама жасау керек.
|
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде
|
Достарыңызбен бөлісу: |