Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет7/64
Дата26.02.2023
өлшемі161,56 Kb.
#170160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
ok. fiz. damu - darister

Өсу мен даму қағидалары:

  1. Гетерохронизм- дененің ағзалармен жүйелердің өсіп дамуының әркелкілігі мен әр мерзімділігі;

  2. Гармония (үйлесімділігі)- дененің тірліктік әрекеттерінің ширақтығы мен сенімділігі және қоршаған ортамен оңтайлы әрекеттесуі;

  3. Системогенез (жүйедаму)- организмнің әрекеттік жүйелерінің қажетті кезінде жетіліп, қызмет атқаруы (Анохин П.К.)

Осыған орай өсу мен даму кезінде анатомиялық және физиологиялық көрсеткіштерінің секірмелі өзгерістерін байқауға болады. 3 кезең бар:
-бірінші қатерлі- аумалы кезең: 2-3,5 жаста болады. балалар қимыл белсенділігі артады, төңірекпен, заттармен араласуы кеңейеді. Сөз қоры ұлғаяды, психикасы нәзік келеді, жиі зақымданады
- екінші аумалы кезең- балалар мектепке барғанда, 6-8 жаста өтеді. Балалардың оқуына байланысты жауапты міндеттер жүктеледі, жаңа адамдармен араласады, әлеуметтік жағдайы өзгереді, қимыл белсенділігі шектеледі, жауапкершілік көбейеді, тез шаршайды, жол-көлік зақымдары жиіленеді;
- үшінші аумалы кезең- балиғаттық шақ (11-15жас), жеткіншектердің эндокриндік және жүйке жүйелерінің тепе-теңдігі өзгереді, жүйке-психикалық аурулар жиі кездеседі.
Өсу мен дамудың жедел және баяу өтетін түрлері бар. Балалардың жедел дамуын сипаттайтын құбылыстар жиынтығы сұңғақталыс-акселерация ал баяу өсіп -дамуын- ретардация деп аталады. Акселерация мен ретардация жыныстық жетілу мерзіміне, психикасы мен ақыл-ой дамуына әсер етеді.
Өсу және даму процесінің кезеңдері кейде күшейеді, кейде бәсеңдейді. Қалыпты жағдайда өсу мен даму процестері үздіксіз жүріп жатады. Бірақ әр уақытта бірдей бола бермейді. Ондай жағдай осы 2 фазаның гетерохрондылығы деп атайды. Бұл жағдайдың мағыналы неде десек, ол сан жағынан пайда болған өзгерістер белгілі уақыттың аралығында кенет өзгеріп, организм жаңа сапалық өзгеріске ауысады. Дененің бір бөлімінің мөлшері екінші бөлімнің мөлшеріне теңесетіні байқалады. Бұлшықеттердің күшімен қозғалу қарқыны ақыл- ой әрекетіне сай келеді. Соның нәтижесінде өсу мен даму гармониялық немесе үйлесімді даму жағдайына жетеді.
Гетерохрондық және гармониялық өзгерістер көптеген биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты. Әлеуметтік факторға қоғам құрылысындағы тұрмыс жағдайларындағы білім және тәрбие беру жағдайларындағы өзгерістержатады. Өсу мен дамудың біркелкі болмауы психиканың дамуына да әсер етеді. Дененің өсу қарқыны антропометриялық арқылы анықталады. Бұл өлшеу кезінде бала бойының ұзындығы, массасы, кеудесінің аумағы және басқа көрсеткіштер еске алынады. Ол орташа көп жылдық мәліметтермен салыстырылып, оған терең талдау жасалынады.
Әрбір мұғалім және тәрбиеші өз қарамағындағы тәрбиеленушілермен күнделікті жұмыс жасай отырып, олардың қалыпты өсу, даму процесіне ерекше жауапты қарауға тиіс. Балалардың бойының ұзындығы мен дене массасының тез өзгеруі бала өмірінің алғашқы жылдарында байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет