Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет15/23
Дата23.05.2018
өлшемі16,29 Mb.
#40642
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Лапластық қысым:



Гидростатикалық қысым:



Толық жұғатын кезде θ=0, жіңішке түтіктегі менискінің түрі жарты сфераны береді, сфералық беттің R радиусы түтіктің ішкі r радиусына тең болады, сонда



Жартылай жұқпайтын кезде θ≠0, менискінің радиусы



Ішкі диаметрі шаштың диаметрімен шамалас не одан кіші болатын түтіктерде судың көтерілуі біршама жоағры, сондықтан мұндай түтіктерді капиллярлар деп аталады.



Жұғатын сұйықтардың капиллярға тартылуы немесе жұқпайтын сұйықтардың капиллярдан итеріліп шығарылуы капиллярлық құбылыстар деп аталады.



IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағы: №

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §7.1. Кристалл және аморф денелер.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға аморф және кристалл денелер, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, кеңістіктік тор, кристалық құрылымдардың түрлері, деформация, оның түрлері, механикалық кернеу, Гук заңы туралы туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбилеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитофон, слайдтар, тәжірибе жасауға қажетті аспаптар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларға өткен тарауды қалай меңгергендерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Аморф денелердің тұрақты балқу температурасы жоқ.

Кристалдардың тұрақты балқу температурасы бар.

Аморф денелердің қасиеттері барлық бағыттар бойынша бірдей. Аморф денелер-изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі бағыттарда түрліше болады. Кристалдар анизотропты.



Аморф денелерде тек жуық тәртіп қана орын алады.

Кристалдарда алыс тәртіп орын алады.



Кристалдар: монокристалдар және поликристалдар деп бөлінеді.



Физикада қатты денелер деп кристалдық құрылымы бар денелер аталады.

Кристалл ақауы – кристалдағы идеал тәртіптен кез келген ауытқу.




Кристалдық құрылымдардың түрлері:
Иондық – тор түйіндерінде оң және теріс иондардың болуымен сипатталады.


Атомдық –тор түйіндерінде бейтарап атомдардың болуымен сипатталады.

Молекулалық –кеңістік торының түйіндерінде де заттың бейтарап молекулаларының орналасуымен ерекшеленеді.



Металдық кристалдық тор түйіндерінде оң зарядталған металл иондары бар,





Деформация түрлері:

Бойлық созылу, бойлық сығылу деформациясы.

Көлденең майысу деформациясы.




Бұралу деформациясы.

Ығысу деформациясы.

ε-салыстырмалы деформация –дене көлемінің немесе пішінінің түсірілген күштер әрекетінен болатын өзгерісін сипаттайтын шама.

Созылу кезінде

Ығысу кезінде



Деформацияланған қатты денедегі ішкі күштердің әрекетін сипаттайтын шама механикалық кернеу деп аталады.




Гук заңы: k – серпімділік модулі. Өлшем бірлігі -1 Па.
Е-Юнг модулі.т



Шыбықты созуға немесе сығуға кеткен А жұмысы АОВ үшбұрышының ауданына тең:



себебі серпімді деформация кезінде Wp=A.



IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағы: № 599, №602, №603.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VIII.Үйге тапсырма: §7.1. Кристалл және аморф денелер.№ 605, №607, 609.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §7.2. Балқу және кристалдану. Сублимация.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға балқу, қатаю, зат күйінің фазасы, меншікті балқу жылуы, балқу температурасы, сублимация, десублимация, зат күйлерінің диаграммасы, үштік нүкте туралы туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбилеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитофон, видеокассеталар, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларға өткен тақырыпты қалай меңгергендерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Заттың сұйық күйден балқу күйіне өтуі балқу. Ал сұйық күйден қөатты күйге өтуі қатаю немесе кристалдану деп аталады.

Заттың өзінің барлық физикалық және химиялық қасиеттері бойынша біртекті болатын облысы осы заттың күйінің фазасы деп аталады.

Заттың балқыған және қатайған кездердегі температурасы өзгеру графигі



Заттың балқу және қатаюы бірдей температурада өтеді және бұл температура заттың қатты және сұйық күйі қатар болатын кезде өзеріссіз қалады. Бұл температура балқу температурасы деп аталады.

Q=λm

λ – меншікті балқу жылуы [Дж/кг]


λ=Qбалқ/m

Заттың қалыпты атмосфералық қысым кезіндегі балқу температурасы заттың балқу

нүктесі деп аталады.

Qалын=Qберіл

λmмсmc(θ-Tбал)=(ccmк+ ссmc)(T1-θ)

Қатты денелердің кебуі сублимация немесе құрғау деп аталады.



Газ күйінен бірден қатты күйге өтетін процесті десублимация деп аталады.

Фазалық өту диаграммасы




  • КС -заттың қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігі

  • К-кризистік нүкте

  • С-заттың қаныққан бу қысым кезіндегі сұйықтың қатаю температурасы

  • АС - қатты дене бетіндегі қаныққан бу қысымының температураға тәуелділі

  • ВС – заттың балқу температурасының қысымға тәуелділігі

  • С – үштік нүкте

  • ВС, КС, АС – фазалық өту сызықтары

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару.№652, №654, №655.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. №656, №657, 659.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§8.1.8.2. Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы.

1. Оқушыларға электр заряды, минимал электр заряды, электрлеу, , электр зарядының сақталу заңы, Кулон заңы туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тарауды қалай меңгергендерін тексеру.

Минитест.

  1. Түйіндерінде оң және теріс зарядталған иондардың бар болуымен сипатталатын кристалдық құрылым:

А. Иондық

В. Атомдық

С. Молекулалық

Д. Металдық



2. Қайсыбір себептердің әрекетінен дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі

А. Инерция

В. Диффузия

С. Деформация

Д. Броундық қозғалыс.

3. Дененің параллель қабаттарының бір-біріне қатысты салыстырмалы түрде орын ауыстыруы қандай деформацияға жатады?

А. Сығылу

В. Иілу

С. Бұралу



Д. Ығысу

4. Дене көлемінің немесе пішінінің түсірлген күштер әрекетінен болатын өзгерісін сипаттайтын шама

А. Механикалық кернеу

В. Салыстырмалы деформация

С. Қысым


Д. Күш

5. Ғ/S формуласымен қандай шама анықталады?

А. Механикалық кернеу

В. Салыстырмалы деформация

С. Қысым


Д. Күш
6. Кернеу жоғалғаннан кейін дененің пішіні мен көлемі қалпына келетін материалдағы ең үлкен кернеу не деп аталады?

А. Серпімділік шегі

В. Күйреткіш жүктеме

С. Беріктік қоры

Д. Ешқайсысы де емес.

7. Заттың қатты күйден сұйық күйге өту процесі

А. Балқу


В. Кристалдану

С. Сублимация

Д. Десублимация

8. Qбал/m формуласымен қандай физикалық шама анықталады?

А. Меншікті балқу жылуы

В. Меншікті жылу сыйымдылығы

С. Меншікті жану жылуы

Д. Меншікті булану жылуы

9. Заттың балқу және қатаю температурасы бірдей температурада өтеді. Бұл температураны қандай температура деп атайды?

А. Балқу темпертаурасы

В. Кризистік температура

С. Заттың балқу нүктесі

Д. Дұрыс жауабы жоқ

10. формуласымен қандай физикалық шама анықталады?

А. Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

В. Қозғалыстағы денелердің кинетикалық энергиясы

С. Ішкі энергия

Д. Толық механикалық энергия

ІІІ. Жаңа сабақ

Электродинамика – физиканың зарядталған денелер мен бөлшектерінің арасындағы өзара әрекетті іске асыратын материяның ерекше түрі – электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейтін бөлімі.

е – элементар заряд

е=-1,6·10-19 Кл

Макроскопиялық дене электр зарядына ие болу үшін теріс зарядтың белгілі бір бөлігін онымен байланысқан оң зарядтардан бөліп алу керек. Осы процесті электрлеу деп атайды.



Денені электрлеу тәсілдері:

  1. Үйкеліс арқылы.

  2. Зарядталмаған денені зарядталған денеге түйістіру арқылы.

Электрлеу кезінде электр зарядының ешқайдан алынбайтыны және ешқайда іс-түссіз жоғалмайды. Ол бір денеден екінші денеге өтеді, ал тұйқ жүйедегі денелердің толық заряды өзгермейді.

q1+ q1+ q1+... qn=const



Кулон заңы: вакуумдағы қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өөзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың ара қашықтарының квадратына кері пропорционал. Бұл күш осы зарядтарды қосатын түзу бойымен бағытталады.

к=9·109Н·м2/Кл2



ε0=8,85·10-12Кл2/Н·м2





Кулон-бірлік уақыт ішінде өткізгіштің бірлік көлденең қимасының ауланы арқылы

1 А ток күшіне тең ток жүрген кезде өтетін заряд.

1Кл=1А·с

ε – ортаның салыстармалы диэлектрлік өтімділігі

ε =Ғ0/Ғ=const

Ортаның диэлектрлік өтімділігі бұл затттың элеткрлік қасиетін және зарядтардың берілген ортадағы өзара әрекеттесу күші вакуумдағы өзара әрекеттесу күшінен неше есе аз болатынын көрсететін физикалық шама.



Суперпозиция қасиеті:

Ғ=Ғ123+...Ғn



IV. Есептер шығару.15-жаттығу №1, №4.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§8.1.8.2. 15 –жаттығу. №2, №3.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§8.3.8.4. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары.

1. Оқушыларға электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің күш сызықтары туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Қандай заряд нүктелік заряд деп аталады?

  2. Кулон заңын тұжырымдаңдар.

  3. Кулон заңы қалай ашылды?

  4. Электр зарядының қандай бірліктермен өлшенеді?

  5. Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Алыстан әрекеттесу принципі: зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі бос кеңістік арқылы лезде іске асырылады.

Жақыннан әрекет ету принципі: денеде зарядтардың болуы оны қоршаған кеңістіктің қасиетін өзгертеді, зарядтардың өзара әрекеттесуі олардың кеңістікте тудыратын электр өрісі арқылы іске асырылады.





- нүктелік заряд өрісінің кернеулігі

Тыныштықтағы зарядтардың элеткр өрісін электростатикалық өріс деп атайды.

Кернеуліктің өлшем бірлігі 1Н/Кл=1 В/м

Суперпозиция принципі: зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең.



Күш сызығы деп бағыты өріс нүктесіндегі керенуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады.



Күш сызықтарының қасиеттері:



  1. Күш сызықтары үзіліссіз.

  2. Күш сызықтары еш жерде қиылыспайды.

Кернеулік вектрорлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі біртекті өріс деп аталады.





ІV. Есептер шығару.15-ж. №11. №12. №13.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:§§8.3.8.4. 15-жаттығу №14, №15.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §8.5. Гаусс теоремасы.

1. Оқушыларға туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

ІІІ. Жаңа сабақ.


-r сфера бетінің бірлік ауданын қиып өтетеін сызықтар саны.





Бұл өрнектен нүктелік зарядты қоршайтын кез келеген радиусты сфераның бетінен өтетін күш сызықтарының саны бірдей екенін көруге болады. Демек, күш сызықтары үзіліссіз.





Электр өрісінің кернеулік ағыны берілген бет элементінен қанша күш сызықтарының өтетінін көрсететін шама.


Гаусс теоремасы.

Вакуумда кез келген тұйық беттен өтетін электр өрісі кернеулік векторының ағыны сол бет ішіндегі толық зарядқа пропорционал.







Зарядталған металл шардың өрісінің кернеулігі



Шар сыртындағы өріс кернеулігі шар центріне оналастырылған нүктелік заряд өрісінің кернеулігімен бірдей. Шардың ішіндегі өріс кернеулігі нольге тең, себебі шардың заряды оның бетінде орналасқан. (R>r)

Зарядталған шексіз жазықтықтың күш сызықтары жазықтықтан басталатын, оған перпендикуляр түзулер. Яғни жазықтықтың өрісі біртекті.

Зарядталған жазықтықтық өрісінің кернеулігі:







ІІІ. Есептер шығару. 15-ж. №8, №9.

ІV. Қорытындылау.

V.Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма:§8.5. 15-ж. №5, №6, №7.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§8.6, 8.7.Электр өрісі күштерінің жұмысы.Электр өрісінің потенциалы.

1. Оқушыларға электр өрісінің күшінің жұмысы, потенциалдық өріс, электр өрісінің потенциалы, кернеулік, эквипотенциалдық беттер туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

ІІІ. Жаңа сабақ.

Біртекті электр өрісінде q заряд орын ауыстырғанда электр күштерінің



атқаратын жұмысын анықтайық.

АВnС=BCcosα=qE·BCcosα

BCcosα=BD

АВnС= qE· BD

АВDC=ABD+ ADC= qE·BD+ qE·DCcos900

cos900=0

АВDC= qE·BD

ABmC=qE·ВD

Біртекті электр өрісінде электр күштерінің жұмысы жолдың пішініне тәуелсіз.

Электр өрісін тудыратын электр зарядтарының кеңістіктегі таралуы уақыт бойынша өзгермесе, онда өріс күштері консервативтік болып табылады.

Тұйықталған контур бойында электр өрісі күштерінің жұмыс әрқашан нольге тең.

Консервативтік күш өрісі, яғни жұмысы жолдың пішініне тәуелсіз болатын өріс, потенциалдық.



Зарядтың потенциалдық энергиясы.

АВС=WB-WC

WB – зарядтың В нүктесіндегі потенциалдық энергиясы.

WC –зарядтың С нүктесіндегі потенциалдық энергиясы.

Егер заряд электр өрісінде потенциалдық энергиясы W1 болатын 2-нүктеге өтетін болса, онда өріс күштерінің жұмысы

А12=W1-W2=-(W2-W1)=-∆W21

Мұндағы ∆W21= W1-W2 –зарячдтың потенциалдық энергиясының оны 1-нүктеден 2-нүктеге алып өткен кездегі өсімшесі.

Өріс тудыратын зарядталған денеден шексіз алыста орналасқан нүктедегі зарядтың потенциалдық энергиясы нольге тең.

W=0

Q зарядты нүктеден шексіздікке апарғанда:

АВ∞=WB-W=WB

Өрістің қайсыбір нүктесіндегі зарядтың потенциалдық энергиясы осы зарядты өрістің берілген нүктесінен шексіздікке алып өткенде өріс күштері атқаратын жұмысқа тең.

Электр өрісінің кез келген бір В нүктесіндегі потенциалдық энергиясы да осы зарядқа тура пропорционал, Яғни

WBBq



φ –электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы - өріс потенциалы.







Барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей болатын бет эквипотенциал бет деп аталады. φ=const

Өрістің кернеулігі мен кернеуі арасындағы байланыс.



IV. Есептер шығару.16-ж. №2, №7, №8.

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма:§§8.6,8.7. 16-жаттығу. №1, 3, №4.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §8.8. Электр өрісіндегі өткізгіштер.

1. Өткізгіштер, электростатикалық индукция, сыртқы электр өрісі жоқ болғанда және сыртқы электр өрісіне түскен өткізгіштер, өткізгіштер бетіндегі зарядтардың таралу сипаты туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассета.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Біртекті өрістен зарядтың орын ауыстыру кезіндегі электр өрісі күшінің атқарылатын жұмысын қандай формуламен анықтайды?

  2. Потенциалдық өріс деген не?

  3. Тұйық контур бойымен заряд орын ауыстырғанда электростатикалық өріс күішінң жұмысы неге тең?

  4. Біртекті электр өрісіндегі зарядтың потенциалдық энергиясын қалай есептуге болады?

  5. Электр өрісіндегі зарядтың потенциалдық энергиясы заряд орын ауыстырған кездегі күішінің жұмысымен қалай байланысқан?

  6. Потенциалдың физикалық мағынасы қандай?

  7. Нүктелік зарядтың өрісінің потенциалы қандай формуламан табылады?

  8. Потенциалдар айырымының физикалық мағынасы қандай?

  9. Кернеулік деп нені түсінеміз ?

  10. Эквипотенциал беттер деген не?

  11. Кернеу мен өріс кернеулігі қалай байланысқан?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Өткізгіш электр өрісіне тап болған кезде, ол бір жақ шетінде оң заряд, ал екінші жақ шетінде шамасы жағынан дәл осындай теріс заряд пайда болатындай түрде электрленеді. Мұндай электрлену электростатикалық индукция деп аталады.

Өткізгіштегі зарядтардың тепе-теңдігі кезінде оның барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей.

Өткізгіштің қандай жолман электрленгеніне тәуелсіз, зарядтардың тепе-теңдігі кезінде өткізгіштің ішінде өріс болмайды, ал өткізгіштің барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей.

Осы кезде электренген өткізгіштің сыртында өріс бар және кернеулік сызықтары өткізгіштің бетіне перпендикуляр.

Ендеше өткізгіштегі зарядтардың тепе-теңдігі орныққан бет эквипотенциал бет болып табылады.

Электр индукция құбылысын тұңғыш зерттеген ХVIII ғасырда орыс ғалымы Ф.У.Элинус зерттеген.



Электр зарядтарының өткізгіштің сыртқы бетінде орналасатынын тұңғыш рет Кавендиш дәлелдеді.

Өткізгіштің бетіне жуық жерлердегі өрістің кернеулігі беттің қисықтығына көбірек жерде күштірек болады. Әсіресе, өткізгіштің шығыңқы және сүйір зарядтың тығыздығы жоғары.





IV. Пысықтау.

  • Біз өткізгіш деп нені түсінеміз?

  • Сыртқы электр өрісі жоқ болғанда, өткізгіштегіеркін зарядты бөлшектер өздерін қалай ұстайды?

  • Сыртқы электр өрісіне түскенде өткізгіштерде не болады?

  • Өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі а) зарядталған; ә) зарядсыз, бірақ сыртқы электр өрісінде тұрған неге тең?

  • Электростатикалық индукция қандай құбылыс?

  • Өткізгіштер бетіндегі зарядтардың таралу сипаты қандай? Оның сипаты неге тәуелді?

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма:§8.8. Электр өрісіндегі өткізгіштер.


10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §8.9. Электр өрісіндегі диэлектриктер.

1. Диэлектриктер, диполь, поляризация, диэлектрлік өтімділік туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

  • Біз өткізгіш деп нені түсінеміз?

  • Сыртқы электр өрісі жоқ болғанда, өткізгіштегіеркін зарядты бөлшектер өздерін қалай ұстайды?

  • Сыртқы электр өрісіне түскенде өткізгіштерде не болады?

  • Өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі а) зарядталған; ә) зарядсыз, бірақ сыртқы электр өрісінде тұрған неге тең?

  • Электростатикалық индукция қандай құбылыс?

  • Өткізгіштер бетіндегі зарядтардың таралу сипаты қандай? Оның сипаты неге тәуелді?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Диэлектрик деп электр тогын өткізбейтін заттарды айтады.

Диэлектрик зарядтардың өзара әрекеттесу күшін, яғни электр өрісін әлсіретеді, сондықтан диэлектрик молекулаларының ішінде зарядтар ығысады.






Атом сыртқы электр өрісіне тап болған кезде, электрлік дипольға айналады, ал диполь диэлетриктегі сыртқы электр өрісін әлсірететін өзінің дипольдік электрлік моменті деп аталады

Рэл=ℓq


Рэл=α,E –молекуланың электрондық полярланғыштығы



.


α

Сонда сыртқы өрістің кернеулігі неғұрлым жоғарлаған сайын диэлектриктегі молекулалардың дипольдік моменттері де артады. Осы кезде диэлектрик молекулаларының электрлік дипольдерінің барлық векторлары Е өріске параллель бағытталады. Мұндай диэлектрик полярланған деп аталады.



Молекуланың мүмкін болатын екі конфигурациясы:


А) полярлы емес молекула, оның қорытқы дипольдік моменті нольге тең.

Ә) полярлы молекула, оның қорытқы дипольдік моменті жеке байланыстардың дипольдік моменттерінің векторлық қосындысымен анықталады.












IV. Пысықтау.

  • Диэлектриктер деген не?

  • Диполь деген не?

  • Электр өрісінде диполь өзін қалай ұстайды?

  • Электр өрісіндегі диэлектрикте не болады?

  • Поляризация деген қандай құбылыс?

  • Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?

V. Қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма: §8.9. Электр өрісіндегі диэлектриктер.

VIII . Бағалау.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §8.10. Электрсыйымдылық. : §8.11. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері.

1.Электр сыйымдылығы, өлшем бірлігі, шардың электрсыйымдылығы, конденсатор, оның түрлері, конденсатор заряды туралы түсінік беру..

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

  • Диэлектриктер деген не?

  • Диполь деген не?

  • Электр өрісінде диполь өзін қалай ұстайды?

  • Электр өрісіндегі диэлектрикте не болады?

  • Поляризация деген қандай құбылыс?

  • Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет