Сабақ мақсаты: Оқушыларға «төзімділік» пен «табандылық» қасиеттерінің ұғымын түсіндіру. Білімділік



Дата06.07.2018
өлшемі24,35 Kb.
#47398
түріСабақ
«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп:__Жамбыл бастауыш мектебі__ Мерзiм:__26.02.2016______ Мұғалiм:___Буртаева Асель Хамитбекқызы __________________

Сынып:__4__ Оқушылар саны:_____ Тақырып:__ Төзімділік пен табандылық __Құндылық:___ Дұрыс әрекет___ Қасиеттер:___ жауапкершілік қызығушылық, құштарлық, ___


Сабақ мақсаты: Оқушыларға «төзімділік» пен «табандылық» қасиеттерінің ұғымын түсіндіру.

Білімділік: Оқушыларға төзім мен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойында төзімділік пен табандылық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды өмірлідің әртүрлі жағдайында төзімді, табанды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер,

әуен,слайдтар,қағаздар.

бейне үзінді.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  • Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу;

  • 5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

(тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәтi. «Су түбіне саяхат».

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Еңбексүйгіштік пен еріншектік»(ертегі). Мазмұны бойынша сұрақтар:

  1. Еңбексүйгіштік пен Еріншектіктің әрекеттерінде қандай айырмашылықтар бар?

  2. Еңбексүйгіштің бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

  3. Еңбектену адамға не үшін қажет?

  4. Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба? Неліктен?

Ескерту:

3. Дәйексөз. Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап. (Абай)

3.1 Бірнеше рет оқу, есте сақтау.

3.2 Дәйексөзді оқимыз, мағынасын ашып талдаймыз.


    1. Дәптерге жазу./балалар өз ойларын айтады/




4.Оқиғаларды әңгімелеу.Мұғалім сыйлығы.

«Табанды бала» аңыз әңгімесі.

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.

Күн артынан күн, ай артынан ай өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ, оның мектепке баруға еш мүмкіндігі болмайды. Алайда Әлім «мен оқуым керек!» деп арланады.

Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті,-дейді.

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болады. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.

Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.

Енді оған оқитын кітап керек болады.

Бір күні байға келіп: «Сіз маған» өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім»,-дейді. Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келеді.

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты. Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.

Сұрақтар:

1. Бала өз мақсатына қалай жетті?

2. Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

3. Төзім мен табандылық бізге не үшін қажет?





  1. Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.

(баяу музыка қосып қою)

Оқушыларды 2 топқа бөлу («Талаптыға нұр жауар» және «Шыдаған ғана іс тындырар»)

Жағдаяттарды шешу.





  1. Сергіту сәті. «Көңілді күн» М. Толекова.







7. Үй тапсырмасы: «Төзім мен табандылық» тақырыбына шығарма жазып келу.




  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Баяу музыка орындалады)

Көздеріңді жұмып, бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүрегімізге түйіп аламыз да, ойша бір-бірімізге жақсылық тілейміз.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!








І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
І топ: «Талаптыға нұр жауар»
ІІ топ: «Шыдаған ғана іс тындырар»
1-жағдаят:

Төртінші сынып оқушысы Дархан күнделік жазуды бастады. Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:

«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда,мен барлық шаруаны,тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.

Барлық сабақты оқып болмайынша,ешнәрсеге алаңдамаймын.

Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін »

Дархан осы талаптарды үнемі басшылыққа алып отырады.



  • Дархан неліктен өзіне осындай талаптар қойды деп ойлайсыңдар?

  • Өздеріңе қандай талап қоясыңдар?


2 – жағдаят:

Айман ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін саала қойған жоқ.

  • Айманға қандай ақыл-кеңес бере едіңіз?

  • Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

    

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет