А. «Жігіттер» квартетінің орындауындағы «Анашым» әні бейнебаянымен көрсетіліп, тыңдалады.
1-тапсырма. Жұптық жұмыс.
Ән мазмұнына байланысты сөздерді түртіп алып, отбасындағы ананың алар орны туралы қысқаша пікіріңді білдір.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтіндегі астарлы сөздердің мағынасын ажыратыңдар.
Ақ сүтіңді қалай ақтаймын.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қанат берген арманға сен анашым!
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ынтымағым, берекем менің,
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дарқанымсың, дарасың...
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Баға жетпес қазынам - сен ғанасың.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
В. Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы «Әке туралы жыр» әні бейнебаянымен тыңдалып, әннің мәтіні таратылады.
с. М.Шаханов
ә. Н.Тілендиев
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?!
Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?!
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
2-тапсырма:
Әннің мәтінін қара сөзге айналдыр.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Анықтауыштарды тауып, жасалу жолдарына талдау жаса.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білгенге маржан!
Халық мақалдары.
● «Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас».
● «Баланың бас ұстазы- ата-анасы».
●«Атасытұрып,ұлсөйлегеннен без,
Анасытұрып, қызысөйлегеннен без».
● Баланыңжақсысы – қызық, жаманы – күйік.
● Ағайын- алтау, ана- біреу.
● Атаңа не қылсаң, алдыңасолкелер.
● Ата-анаңныңқадірінбалалыболғандабілерсің.
Ағайынныңқадірінжалалыболғандабілерсің.
Даналардан шыққан сөз.
1. Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздыңопасызы, рақымсыздыңрақымсызы.
Ғ. Мұстафин.
2. Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ. Мұстафин.
3. Ата бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.
А. С. Пушкин
МҰҒАЛІМГЕ НҰСҚАУЛЫҚ
Тақырыбы: Отбасындағы әке мен ананың ролі
Оқыту мақсаты:Т/А4 Астарлы мағынаны ажырату. Ж5 Грамматикалық норма
Сабақтың мақсаты: Сөз сырын ұғынуға және сөздік қорды байытуға тәрбиелеу.Өлең мәтінін қара сөзге айналдыру арқылы оның стильдік табиғаты мен мазмұнын, идеялық ерекшелігін ұғындыру.
Сабақтың барысы
Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жұптарға бөліңіз. Әрбір жұптың алдына әке мен бала, ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы бейнеленген суреттер топтамасы мен талқылау сұрақтарын ұсыныңыз. 5 минут көлемінде жұптар сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.
Кілт сөздерді оқытуда әнді тыңдап, оның бейнебаянын көру арқылы сөздердің мағынасы мәнін ұғына түседі.
Оқушыларға«Жігіттер» квартетінің орындауындағы «Анашым» әнініңбейнебаяны және Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы «Әке туралы жыр» әнінің сөзі мен бейнебаяны көрсетіледі.
Берілген тыңдалым және оқылым тапсырмалары мәтіндегі астарлы сөздердің мағынасын ажыратуға және стильдік ерекшелік пен түрін тануға бағытталған.
Оқылым тапсырмаларының жауаптары
1-тапсырма.
Ән мазмұнына байланысты сөздерді түртіп алып, отбасындағы ананың алар орны туралы қысқаша пікіріңді білдір.
Ананың қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі - ұшан-теңіз. Ана - ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке–ырысы ғана емес, ол - ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші, дәнекерлеуші, ол - іскер, қаһарман. Әсіресе қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше болған. Сонау ерте замандардағы наным-сенімдердің түп-тамыры да - Ана. Ата-бабаларымыз аспанда - Тәңірі, жерде - Ұмай ана деп табынатын. Ұмай ана - қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя, отбасының пірі.
Мәтіндегі астарлы сөздердің мағынасын ажыратыңдар.
Ақ сүтіңді қалай ақтаймын.
Өмірде ана алақанының қызуы мен әке — шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың »,- деп түсіндіреді.
Қанат берген арманға сен анашым!
Армансыз бала болмайды. Арманға қанат қаққан бала – бақытты. Әрине, солай. Өмірден өз орныңды тауып, адам болып қалыптасу үшін жақын адамыңның қолдауы ауадай қажет, қолдау көрсетер сол адамың – Ана.
Ынтымағым, берекем менің,
Отбасы мүшелерінің өзіндік орны мен атқаратын қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі болады. Егерде ол орындалмайтын болса, отбасының берекесі кетіп, оны күйреуге әкеліп соқтырады.Адам баласының жан-дүниесі аңсаған рахат пен татулық, бейбіт өмірі, ең шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділік ыстық сезімдерді ана құшағы мен әке шаңырағынан табады.
Дарқанымсың, дарасың...
Дарқан мінез, дария ой, көптен бөлек дара тұрар ананың балаға деген сүйіспеншілігі шексіз.Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асыл аналарымызды көз алдында жүргенде барынша ардақтау әрбір перзенттің ең басты парызына айналуы тиіс.
Баға жетпес қазынам - сен ғанасың.
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам.
2-тапсырма.Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы «Әке туралы жыр» әнін қосылып орындайды.
Әннің мәтінін қара сөзге айналдыр.
Өмірге еркін бойламаған, ертеңімді болжамаған жас күнімде қамқор болған жан әкемдей адамдар өмірге қанат қағып, шарықтап кеткенде де қасымнан табылар ма еді!? – деп армандаған едім. Сол арманым орындалды ма, сезімнің домбырасын шертіп, кеудемді қуанышқа толтырған әкемнің тұлғасы арманның асқарына құлаш ұрғанда үнемі алдымнан жөн сілтеп, жол көрсетіп тұрды.Иә, бұл күнде әкетайымның берген тәлім-тәрбиесінің арқасында өмірден жолымызды тауып, бір өзеннің арнасындай болып ағып жатырмыз, көңілі мөлдір, таза бұлақтай жандардың арасында өзімді бақытты сезінемін.
Қуан, әке, өйткені мен сенің өміріңнің жалғасы болуға лайық азамат атандым!
Анықтауыштарды тауып, жасалу жолдарына талдау жаса.
Жас едім – қандай едім? Сапалық сын есімнен болған дара анықтауыш.
Өзіңдей қамқор әке – қандай әке? Тәуелдік жалғаулы (ІІ жақ, анайы) өздік есімдігіне сын есімнің -дей жұрнағы жалғану арқылы жасалған және сапалық сын есімнен болған үйірлі анықтауыштар.
Жан әке – қандай әке? Зат есімнен болған дара анықтауыш, жанымдай болған әке деген мағынада айтылып тұр, бірақ өлеңнің буын саны мен ұйқас талабына сай ықшамдалып берілген.
Арманның–ненің? Ілік септік жалғаулы зат есімнен болған дара анықтауыш.
асқар тау–қандай тау? Сапалық сын есімнен болған дара анықтауыш, биік деген мағынада жұмсалып тұр.
Бұл күнде – қай күнде? Сілтеу есімдігіне болған дара анықтауыш.
өзеннің–ненің? Ілік септік жалғаулы зат есімнен болған дара анықтауыш.
сенің өміріңнің жалғасымын – кімнің ненің жалғасымын? Ілік септік жалғаулы жіктеу есімдігі мен тәуелділік тұлғасынан кейін жалғанған ілік септік тұлғалы зат есімнен болған үйірлі анықтауыш.
БІЛЕ ЖҮРГЕНІҢ АРТЫҚ БОЛМАС!
Өлеңдегі сөздердің дағдылы тәртібін өзгертуді лингвистика ғылылымында инверсиялау деп атайды. Инверсия латын тілінен енген сөз (іnversіo) – қазақша «орын өзгерту» деген мағынаны береді.
Үйірлі мүше. Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше бола алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше деп атайды.
Үйірлілік – сөйлем мүшелерінің барлығына тән. Мысалы:
Үйірлі бастауыш: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады.
Үйірлі баяндауыш: Сіздің ауыл бұрынғыдай емес: өзгеріпті, жаңарыпты, үлкейіпті.(қайтіпті?)
Үйірлі толықтауыш: Құлақ естігенді (нені?) көз көреді.
Үйірлі анықтауыш: Қызылбалақтың машағына бойы үйренген (қандай?) жуас торы ат үріккен жоқ.
Үйірлі пысықтауыш: Жаз шыға (қашан?) қойшылар жайлауға қарай бет алды.
Пәнаралық байланыс: Музыка. Терең астарлы, әр адамға ой тастайтын сөздерді күнделікті тыңдап жүрген әндер арқылы мағынасын ұғынып, талдау жасайды.
Тіл саясатына қатысты ескертпелер: Оқушылар ән өнері арқылы қара сөздің құдіретін ұғынып, әр әннің сөзінің мағынасына назар аударуға дағдыланады, жеңіл сөзді әуендерге әуес болудан бойын аулақ салады.
БАҒАЛАУ
Оқыту мақсаты
Т/А4 Астарлы мағынаны ажырату
|
Критерийлер
|
Жетістік критерийі
|
Тыңдалым +
Сөйлесім
|
Әннің мәтініне байланысты өз ойын, пікірін жеткізе білген
Астарлы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірген.
Әннің мәтінін қарапайым сөздерге айналдырған.
Мәтіннен анықтауыштарды тапқан.
Анықтауыштардың жасалу жолдарына талдау жасаған.
|
Оқыту мақсаты
Ж5 Грамматикалық норма
|
Жазылым
|
Достарыңызбен бөлісу: |