Сабақ:Сөз тіркесі 16-23-жаттығулар
|
Мектеп:
|
Күні:28.10.2015ж
|
Мұғалім:Тоқсанова Жансұлу
|
Сынып:4а
|
Қатысушы:14
|
Қатыспағаны:0
|
Сабақ мақсаты:
|
Сөз тіркесі туралы білімдерін тереңдету, сөз тіркесінің сыңарларына сұрақ қоя білуге дағдыландыру.
|
Жетістік немесе табыс критерийлері:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Оқулықпен жұмыс істейді, берілгенді оқи алады, жаттығуларды көшіріп жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жаттығуларды шартына қарай орындайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: Танымдық тапсырмаларды мүдірмей орындайды.
|
Тілдік мақсат:
|
1.Оқушылар орындай алады: Бірін –бірі тыңдап пікіралмасып, тақырыптық тапсырмаларды бірлесе орындайды.
2. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: сөз тіркесі, сөз таптары, сөз тіркесінің 1-ші сыңары, 2-ші сыңары.
Сыныптағы диалог /жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сөз тіркесінің 2-ші сыңары нені айқындайды?
1-ші сыңары ше?
Ишара: оқулық.
|
Алдыңғы тапсырма:
|
Сөз тіркесі 15-жаттығу
|
Жоспар
|
Жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
Басы
Ортасы
Соңы
|
Ширату: Сиқырлы таяқша арқылы жүреді
Тыңдалым-айтылым.16-жаттығу Ұ ж. орындалады.
Тыңдалым 17-жаттығу Үлгіге қарап сөз тіркесінің әрбір сыңарына сұрақ қой.
Мұғалім түсіндірмесі қатар жүреді.
Жазылым. 18-жаттығу Бірінші сыңары сын есімнен болған 5 сөз тіркесін жаз.
Айтылым-жазылым. 19-жаттығу
20-жаттығу ауызша орындалады.
21-жаттығу суретпен жұмыс.
22- жаттығулар ауызша орындалады.Керекті жеріне тиісті қосымшаларды қойып сөз тіркесін толықтыр.
«Иә, жоқ» әдісі қолданылады.Сұраққа тек иә немесе жоқ деп қана беріңіз
Үй жұмысы: 23-жаттығу
|
Оқулық.
Слайд.
|
Дифференциация яғни саралау
|
Бағалау
|
Пәнаралық байланыс
|
Оқушыларды жетелеу үшін ашық және жабық сұрақтар қойып отырдым.
Жеке парақшаларда тапсырмалар болды.
Суретпен жұмыс қабілеті аз оқушыға дайындалды.
|
Оқу мақсатына жетті:Сөз тіркесінің сыңарлары қай сөз табынан екенін біледі.
Талпынды Сөз тіркесі туралы біледі, алайда толық айырмашылығын білмейді.Сұрақ қоя алмайды.
|
Әдебиеттік оқу.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаты орындалды ма?
Бүгін балалар нені үйренді?
Оқыту атмосферасы қандай болды?
Оқушылар арсында дифференциация бойынша әрекеттер сәтті болды ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарда қандай өзгерістер болды және неге?
|
Сұрақтарға жауап
|
Қорытынды бағалау:
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты):
1.
2.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1.
2.
Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жеке оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1.
2.
|
Сабақ:Ш. Уәлиханов. Абылай хан
|
Мектеп:№32 орта мектеп
|
Күні:23.11.2015ж
|
Мұғалім:Тоқсанова Жансұлу
|
Сынып:4а
|
Қатысушы:14
|
Қатыспағаны:0
|
Сабақ мақсаты:
|
Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру, өз еліне, халқына, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
|
Жетістік немесе табыс критерийлері:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Оқулықпен жұмыс істейді, берілгенді оқи алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Сұрақтарға жауап бере алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Танымдық күрделі тапсырмаларды орындай алады.
|
Тілдік мақсат:
|
1.Оқушылар орындай алады: Бірін –бірі тыңдап,пікіралмасып, тақырыптық тапсырмаларды бірлесе орындайды.
2. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:Қолбасшы, Абылайдың сыртқы саясаты, шексіз билік иесі, шебер дипломаттығы, т.б.
Сыныптағы диалог /жазылым үшін сай келетін тіл стилі:сөзжұмбақ шешу, сөздікті жазу, керек мәліметтерді жазып алу.
Талқылауға арналған сұрақтары: Абылай ханды тарихта әйгілі еткен ісі?
Абылай заманы қандай заман еді?
Абылай өз заманында қай елден көбірек қауіптенді? Т.б.
Ишара: оқулық.
|
Алдыңғы тапсырма:
|
М. Әуезов. Жолда
|
Жоспар
|
Жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
Басы
Ортасы
Соңы
|
Ширату: «Иә, жоқ» 1. Басынан оқысаң да, соңынан оқысаң да қазақ сөзі өзгермейді.
Қазақта 3 жүз бар. (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)
Н. Назарбаев ҚР тұңғыш президенті.
ҚР мемлекеттік тілі қазақ тілі.
Бүгін бізге 6 сабақ болады
5-тік нашар баға
Авторды таны: Шоқан Уәлиханов туралы мәліметтер
Қазақ хандығына 550 жыл екендігіне тоқталу.
...». 3. Абылай хан – қазақ ордасының ханы. Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Абылай хан (шын аты Әбілмансұр) (1711 – 1781) қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.
Абылай хан – өктем әкім, айлакер дипломат, өте шешен, үлкен өнер иесі, арқалы күйші. Оның «Алабайрақ», «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жорық», және тағы басқа күйлері осы күнге дейін жеткен. Ресей патшасы, Қытай империясы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығымен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу.Тізбектей оқу. Сөздік
Мәтінмен жұмыс. Оқу, тізбектей оқу, мазмұнын ашу. Дәптермен жұмыс: сөздікті жазып алу.
Сұрақ- жауап арқылы түсінгендерін тексеру. Ауадағы сұрақтар: Қонтайшы деген кім? Үйсін еліне басшы етіп сайлаған баласы ?Абылай жекпе-жекте кімді жеңді?
Ұжымдық түрде сөзжұмбақ шешу. Мұндағы сұрақтар мәтін шеңберінде болады.
Топтық жұмыс 1-топ: хан Абылай туралы. 3-топ: президент Н.Ә. Назарбаев туралы 2-топ: Екі тұлғаның ұқсас тұстарын жазады. Нәтижесінде Эйлер-Венн диаграммасы құрылады.
Сандар сөйлейді: мәтіндегі даталарды ғана көрсету арқылы түсіну деңгейін байқау, қорытындылау.
Рефлексия: балалар – мұғалімге (стикер арқылы), мұғалім – балаларға (ашық журнал арқылы).
Үйге тапсырма: Дегдар- Абылай хан тақырыбында шағын әңгіме құрау.
|
Суреттер
Суреттер
Үрленген шарлар
Сөзжұмбақ сызбасы
Сандар жазбасы
Стикерлер, сандық, тайқазан суреттері, ашық журнал.
|
Дифференциация яғни саралау
|
Бағалау
|
Пәнаралық байланыс
|
Оқушыларды жетелеу үшін ашық және жабық сұрақтар қойып отырдым.
|
Оқу мақсатына жетті:мәтін мазмұнын түсінді.
Талпынды: мәтін мазмұнын толық түсінбеді.Тарихи оқиғалы мәтінді игеру қиын болды.
|
Математика, дүниетану,қазақ тілі.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаты орындалды ма?
Бүгін балалар нені үйренді?
Оқыту атмосферасы қандай болды?
Оқушылар арсында дифференциация бойынша әрекеттер сәтті болды ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарда қандай өзгерістер болды және неге?
|
Сұрақтарға жауап
|
Қорытынды бағалау:
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты):
2.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1. 2.
Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жеке оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?1.
2.
|
Сабақ: С. Мұқанов. Жылқы.
|
Мектеп:32 мектеп
|
Күні:15.03.2016ж
|
Мұғалім:Ж. Тоқсанова
|
Сынып:4б
|
Қатысушы:14
|
Қатыспағаны:1. Қыстаубай Жангелді дәлелді
|
Сабақ мақсаты:
|
Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,
2) өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,
3) адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Жетістік немесе табыс критерийлері:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Оқулықпен жұмыс істейді, берілгенді оқи алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: түсінгенін айта алады; қажет сөздерді тауып жаза алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Күрделі тапсырмаларды орындайды.
|
Тілдік мақсат:
|
1.Оқушылар орындай алады: Бірін –бірі тыңдап пікіралмасып, тақырыптық тапсырмаларды бірлесе орындайды.
2. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Жылқының жасына қарай атаулары, жылқының пайдасы, т.б.
Сыныптағы диалог /жазылым үшін сай келетін тіл стилі:ауызша сұрақтар, постер қорғау, жеке таратпалар.
Талқылауға арналған сұрақтары: жылқы туралы ақпараттар.
Ишара: оқулық,суреттер.
|
Алдыңғы тапсырма:
|
Жарық түнде жайлауда. (жатқа сұрау)
|
Жоспар
|
Жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
Басы
Ортасы
Соңы
|
Ширату: топқа бөлу: конфет түрлері арқылы.
1-топ:Жылқы қандай мал? 2-топ:Оның адамға қандай пайдасы бар? 3-топ:Өзің жылқы бағып көрдің бе?
Жаңа тақырып: авторды таны айдары. С. Мұқанов туралы деректер.
Мәтінді оқыту, өздерінен түсінгендерін сұрау, топтардан толықтырулар енгізу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса.
Сонан соң мұғалім түсіндірмесі жүреді.Мәтін турасында.
Жылқы жасына қарай бөлінулерін, қасиетін, пайдасын, жүріс түрлері, мүшелері туралы әңгімелеу.
Дәптермен жұмыс: Сөздік жұмыс. Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана
Ізденіс жұмыстары: оқушылар жылқы туралы өз ізденістерінің нәтижесін қорғайды.
Жаппай жұмыс: ауызша жылқы малына қатысты мақал- мәтелдер айту.
Топтық жұмыс: 1-топ: жылқының пайдасы; 2-топ жылқының жасына қарай атаулары; 3-топ жылқының қасиеттері.
Сергіту сәті: музыка ырғағымен жылқы жүрістерін салу.
Жеке тапсырма: балаларға таратпалар беріліп, сондағы тапсырманы орындау міндеттеледі.
Қорытынды сұрақтар: 1. Әңгімеде не жайлы айтылды?
2 Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
3 Әңгімеде сені таңқалдырған жайт болды ма?
4 Жылқы туралы мақал-мәтел білеміз бе?
|
конфеттер
Суреттер.
Оқулық.
Суреттер.
Постер қорғау
таратпалар
таяқшалар арқылы жүзеге асады.
|
Дифференциация яғни саралау
|
Бағалау
|
Пәнаралық байланыс
|
Оқушыларды жетелеу үшін ашық және жабық сұрақтар қойып отырдым.
|
Оқу мақсатына жетті: тақырыптық түсінік қалыптасты, жылқы туралы мәліметтерді игере алды.
Талпынды: Санада тақырыптық түсінік қалыптастыра алмады.
|
|
Рефлексия
Сабақ мақсаты орындалды ма?
Бүгін балалар нені үйренді?
Оқыту атмосферасы қандай болды?
Оқушылар арсында дифференциация бойынша әрекеттер сәтті болды ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарда қандай өзгерістер болды және неге?
|
Сұрақтарға жауап
|
Қорытынды бағалау:
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты):
1.
2.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1.
2.
Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жеке оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1.
2.
|
Достарыңызбен бөлісу: |