Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі472,4 Kb.
#35430
түріСабақ
  1   2
Рыскиева М.А.

№116 Д. Нұрпейісова атындағы

жалпы орта мектебі
Тұздар гидролизі

Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

Тұздар гидролизін жаза білу және ортасын анықтай алу.




Сабақ мақсаты

Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау.




Бағалау критерийлері

- қышқылдар мен негіздердің күшіне байланысты тұздарды жіктей алады;

- тұз бен су молекулаларының арасында аз диссоциацияланатын өнімдерді анықтайды;

- тұздар гидролизіндегі pH мәнін индикаторлардың түсінің өзгеруі арқылы анықтайды.





Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология: гидролиз, сутектік көрсеткіш, индикатор, электролиттік диссоциация, катион, анион, карбонат, хлорид.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Берілген тұздар қышқылдан және негізден құралады;

Берілген тұз гидролизге ұшырайды/ұшырамайды.





Құндылықтарды дарыту



Топтық жұмыс барысында оқушылар бір бірін тыңдайды, жәрдем береді, өз ойларымен бөліседі. Оқушылар өз-өзін, бір-бірін бағалауда шыншылдықты сақтайды.




Пәнаралық байланыстар

Биология

Ағылшын тілі - кілттік сөздер арқылы






АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта




Бастапқы білім

Тұздардың құрамы. Гидролиз. Индикаторлар.




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


5 минут


Үй тапсырмасын сұрау.

«Ақиқат немесе жалған» әдісі

Оқушылар интерактивті тақтаға көрсетілген тұжырыммен келіссе жасыл кеспе қағазды көтереді, келіспеген жағдайда қызыл кеспе қағаын көтереді.

Тұжырымдар:



  1. Электролиз екіге бөлінеді: ерітінді және балқыма (ақиқат);

  2.  балқымасын электролиздегенде катодта сутегі газы бөлінеді (жалған);

  3.  ерітіндісінің электролизінде анодта оттегі газы бөлінеді (ақиқат);

  4. Кернеу қатарында Al мен Н арасында орналасқан металдар тұздарының электролизі кезінде металл катионы және сутек ионы түзіледі (ақиқат).

Бағалау: мұғалімнің комментарийі

Жаңа сабаққа ену мақсатында оқушыларға бейне материал көрсету.

Оқушылармен бейнематериалды талқылау. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, күтілетін нәтижелерді талқылау

Презентация

Слайд 1


https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10261


Сабақтың ортасы
3 минут

5 минут


4 минут

15 минут




Сабақта қарастырылатын кілттік сөздерді үш тілде анықтау, таныс сөздердің анықтамасын айқындау.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Тұз

Соль

Salt

Су

Вода

Water

Гидролиз

Гидролиз

Hydrolysis

Қышқылдық орта

Кислая среда

Sour environment

Бейтарап орта

Нейтральная среда

Neutral environment

Сілтілік орта

Щелочная среда

Alkaline environment

Тұздар гидролизі дегеніміз ерітілген тұз бен су молекулалары арасында жүретін алмасу реакциясы.
Жеке жұмыс

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, жауаптарын дәптерге жазады.

Қышқылдар мен негіздер күшіне байланысты қалай жіктеледі?

Қанша түрлі комбинацияда тұздар алуға болады?



Бағалау критерийі

Дескриптор

қышқылдар мен негіздердің күшіне байланысты тұздарды жіктей алады;


  1. Гидролизге ұшырайтын тұздарды анықтайды;

  2. Гидролизге ұшырамайтын тұздарды анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет