Бағалау: оқушылар жұпта бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен сәйкестендіру арқылы бағалайды.
Оқушылар күшті және әлсіз негіздер мен күшті және әлсіз қышқылдарға мысалдар келтіреді, еске түсіреді.
Топтық жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс»
Тапсырма: Берілген тұздардың гидролизге ұшыратып, реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Индикатордың түсінің өзгеруін анықтаңдар.
1-топ. NaCl
2-топ. Na2CO3
3-топ. AlCl3
Қажетті құрал-жабдықтар:
Сынауықтар, натрий хлоридінің ерітіндісі, натрий карбонатының ерітіндісі, алюминий хлоридінің ерітіндісі, лакмус қағазы, фенолфталеин ерітіндісі, метилоранж ерітіндісі.
Әрбір топтың мүшелері жұпта лабораториялық жұмыс орындайды, топқа бірігіп параққа химиялық реакциясын жазады.
Әрбір топтың мүшелері бір-бірімен алмасып, жасалған жұмыс нәтижесімен бөліседі.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Тұз бен су молекулаларының арасында аз диссоциацияланатын өнімдерді анықтайды
|
1. Химия кабинетіндегі техника қауіпсіздігі ережесін сақтайды;
2. Тұзды суға қосады;
3. Түзілген өнімнің атын анықтайды;
4. Тұздар гидролизінің иондық және молекулалық теңдеуін құрастырады.
|
Тұздар гидролизіндегі pH мәнін индикаторлардың түсінің өзгеруі арқылы анықтайды
|
1. Индикаторларды қолданып, тұз ерітінділерінің түсінің өзгеруін бақылайды;
2. Ортаны анықтайды.
|
Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы өз-өзін бағалайды.
NaCl
Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз гидролизге ұшырамайды, бейтарап, pH=7.
NaCl+H2O =NaOH+HCl
Na++Cl-+HOH=Na++OH-+H++Cl-
HOH=H++OH-
Na2CO3
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз гидролизге ұшырайды, ерітіндіде OH- аниондары жиналып сілтілік орта береді.
Na2CO3+H2O=NaOH+NaHCO3
2Na+ +CO32- +HOH=Na++OH-+Na++HCO3- CO32-+HOH=OH-+HCO3-
NaHCO3 – натрий гидрокарбонаты
AlCl3
Күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз гидролизге ұшырайды, қышқылдық орта pH<7.
AlCl3+HOH=AlOHCl2+HCl
Al3++3Cl-+HOH=AlOH2++2Cl-+H++Cl-
Al3++HOH=AlOH2++H+
AlOHCl2 – алюминий гидроксодихлориді
Ерітінді
|
Лакмус
|
Фенолфталеин
|
Метило-ранж
|
NaCl
|
Күлгін
|
Түссіз
|
Қызғылт сары
|
Na2CO3
|
Көк
|
Таңқурай түсті
|
Сары
|
AlCl3
|
Қызыл
|
Түссіз
|
Қызғылт
|
|
Презентация
Презентация
Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі кестесі
Қосымша 1
|