Рефлексия
Оқу/сабақ/ мақсаты мен міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай, қай деңгейде өтті?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неге?
|
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері оқу бағдарламасына сай алынды. Қойылған мақсаттар орындалды. Бұл сабақ жоспарын жоспарлауда оқу мақсаттарына сай барлық оқушылар
мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіріп, сыни тұрғыдан баға береді. Сонымен қатар оқушылар жазылым мақсатына сәйкес мәтінінің құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік кестеге деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үдерістерді анықтап жаза алады, топта оқушылар талқылау сұрақтары мен нақты дәлелдер келтіріп, ауызша пікір алмасты.
«Халықтың миграция мәселесі» мәтінің тілдік қолданыс ерекшеліктеріне қарай стилін анықтады, ойын дәлелдеді. Оқушылар халықтың миграция мәселесі жауапкершілігі мол күрделі мәселе екенін түсінді. Айтылым материалдары, оқыған мәтін бойынша жұмыс жасады, мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді, тақырыптың негізгі мазмұнын ашу үшін терең ойланды. Сабақта жоспарланған барлық саралау жұмыстары жүзеге асты. Жоғары деңгейлі оқушылар өз қабілеттерін шығармашылық тапсырмалар орындауда көрсете алды, ал нашар оқитын оқушылар репродуктивті тапсырмалар орындау арқылы оқу жетістігін сынауға мүмкіндік алды. Уақыт тиімді пайдаланылды.
|
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болады (Оқыту мен оқуға қатысты )?
Саралау әдіс-тәсілдері
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпал етер еді? (Оқыту мен оқуға қатысты )?
Жаңартылған оқу барысында төрт дағдыға сүйену.
Графикалық органайзердің басқа түрлерін қолдану
Сабақ барысында сынып немесе жекелеме оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?
Саралау тапсырмаларын тиімді пайдалану
Уақыттың бөлінуіне көңіл бөлу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |