Сабақ мақсаттары Барлық білім алушылар: «Халықтың миграция мәселесі»



бет6/7
Дата25.03.2023
өлшемі211,77 Kb.
#173010
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Аяқталуы
7 минут

Рефлексия.
С.
Сабақтан алған білімдерін «Рефлексия пирамидасы» арқылы жазады.
1. Еске сақтау керек маңызды бір нәрсе.
2. Сен көбірек білгің келетін екі нәрсе.
3. Сен бұған дейін білген үш нәрсе.
4. Сен үйренген төрт нәрсе.





Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жүргізесіз?

Бағалау - Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс (тәрбие элеметтері)

«Миға шабуыл» әдісі. Оқушылардың зейінін шоғырландырып, тақырыпқа болжаммен жауап алу мақсатында осы әдіс- тәсілді пайдаланамын.
Бұл сабақ жоспарын жоспарлауда оқу мақсаттарына сай барлық оқушылар
мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіріп, сыни тұрғыдан баға беруді «Бұрыштар» әдісі арқылы анықтайды. Бұл оқу мақсатындағы мәтіндегі ойға өз көзқарасын білдіруге, сыни баға беруге өте тиімді әдіс екеніне көз жеткіздім. Сонымен қатар оқушылар жазылым мақсатына сәйкес мәтінінің құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік кестеге деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үдерістерді анықтап жаза алады бұл мақсат «Эйлер диаграммасы» әдісі арқылы оқушылар тыңдалған түпнұсқа мәтінді (А), диаграммадағы В,С бөліктерінде орналасқан мәтінмен салыстырып,ішкі шеңберге маңызды тұстарын жазады, дәл ортасындағы шеңберге үш мәтіннің ортақ тенденциясын анықтап жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
мәтіндегі «Қоғамдық ұйымдар құрудың маңызы» деген ойды негізге ала отырып, топта оқушылар талқылау сұрақтары мен нақты дәлелдер келтіріп, ауызша пікір алмасады.
Кейбір оқушылар:
«Халықтың миграция мәселесі» мәтінің тілдік қолданыс ерекшеліктеріне қарай стилін анықтайды, ойын дәлелдейді.

«Дұрыс. Бұрыс» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Бұл бағалау түрі – топ жұмысын саралап, олардың жұмыстарының дұрыс және бұрыс тұстарын анықтау кезінде пайдасы мол. «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. «Мадақтау сэндвичі» әдісі позитивті комментарий айтуға, не ұнағандығын, сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек туралы ой-пікірлерді білдіру мақсатында тиімді әдіс болып табылады. «Топтық бағалау» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағлайды.



Сабағымда география, тарих, жаратылыстану, құқық негіздері пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері сақталған.
АКТ қолданылды.
Қазақстанның жаhандану бағдары арқылы болашақ ұрпақты қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығына баулу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет