Сабақ: Математика
Апта күндері
|
Мектеп: №372 бастауыш мектеп
|
Күні: 24.01.2017жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сейтхожаева Х.О.
|
Сынып: 1 «Ә»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
---------------------------
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:
|
Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, апта, ай) түсінігі болу, Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегімен аптаның ұзақтығын түсіндіру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастырады
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, апта, ай) түсінік қалыптастырады уақыттың өлшем бірліктерін қолдана біледі.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады, қолдана біледі.
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады:
Апта-неделя
Дүйсенбі-понедельник -monday
Сейсенбі-вторник-tuesday
Сәрсенбі-среда-wednesday
Бейсенбі-четверг-thursday
Жұма-пятница-friday
Сенбі-суббота-satuday
Жексенбі-воскресенье-sunday
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
|
Уақыт, сағат, минут, тәулік, апта, ай, жыл
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
-Балалар, уақыт деген не?
-Уақыттың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?
-Ең кіші өлшем бірлікті ата?
|
|
-Уақытты біз немен өлшейміз?
|
Ишара: Ендеше бүгін уақыт апта күндері туралы үйренетін боламыз
|
|
Алдыңғы оқу:
|
«Сөздер банкасы» әдісін пайдалану арқылы әр түрлі шамалардың өлшем бірліктері ішінен уақыт өлшем бірліктерін теріп екінші банкаға салады. Енді осы уақыт өлшем бірліктерін ең кіші өлшемнен бастап рет-ретімен орналастырады. Осы рет бойынша өткен сабақтарға шолу жасай отырып, жаңа сабақ апта күндері туралы ашылады
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі:
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
10 мин
|
Оқушылармен санамақ ойнау арқылы апта күндерімен танысу:
Сәл демалып,
Тыным ал,
Тақпақ тындап,
Ұғып ал.
Апта деген атайдың
Жеті бірдей қызы бар:
Біріншісі-Дүйсенбі,
Екіншісі-Сейсенбі,
Үшіншісі-Сәрсенбі,
Төртіншісі-Бейсенбі,
Бесіншісі-Жұма,
Алтыншысы-Сенбі,
Жетіншісі-Жексенбі
Осы тұста апта күндерін үш тілде айтып тіл жаттықтырады.
Ендеше біздің бүгінгі сабағымызға апта атайдың қыздары қонаққа келіпті. Олар сендермен достасқысы келеді екен. Ол үшін апта күндерінің дайындаған қызықты сұрақтары ментапсырмаларын орындауымыз керек екен.
№1. Дүйсендінің тапсырмасы:
Шапшаңдыққа арналған тапсырма: 1минут ішінде қанша есеп шығара алады?
|
Уақыт өлшем бірліктері
апта күндерінің атаулары үш тілде жазылған парақшалар тірек сөздер жазылған парақшалар;
бір аптаға арналған сабақ кестесі;
бір аптаға арналған үйірме кестесі;
Апта күндеріне арналған санамақтың суреті
|
Ортасы
8 мин
3 мин
5 мин
|
№2. Сейсенбінің тапсырмасы.
Топтық жұмыс: «Құрастыр» ойыны. Ойын шарты бойынша балалар апта күндерін рет-ретімен орналастырады және постерді қорғайды.
№3.Сәрсенбінің тапсырмасы. Ширату сұрақтары:
1. Бір сабақтың ұзақтығы қандай?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Жұманың алдында қай күн келеді?
4. Үзіліс кезінде неше минут демаламыз?
5. Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?
6. Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады?
№4. Бейсенбінің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс
|
Апта күндері жазылған қиындылары
Салыстыру арқылы апта күндерін ретімен орналастырады
|
Соңы
10 мин
10 мин
|
№ 5. Жұманың тапсырмасы. Дәптермен жұмыс
№6. Сенбінің тапсырмасы. «Сәйкестендіру»
№7. Жексенбінің тапсырмасы. Ойын:
«Апта күнін құрап ал,
Рет-ретімен тұра қал»
Оқушылар апта күндерінің реті бойынша бір қатарға тұра қалады.
|
|