Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – көп ұлтты тәуелсіз мемлекет
Сынып: 2
Мерзімі:
Сабақ мақсаттары:
- оқушыларға « Қазақстан – тәуелсіз мемлекет » деген түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
а/ Мемлекеттің құрылымы, орны, шекарасы және басқа да елдермен достығы туралы түсіндіру.
Дамытушылық:
ә/Танымдық қызығушылықтарын,бақылай білу,талдау,қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
б/ Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: Интербелсенді тақта, оқулық, №2 бақылау күнделігі, Елбасының портреті, әр ұлттың суреттері, ҚР –ның конституциясы кітабы.
Әдіс-тәсілдер: топтастыру стратегиясы, сын тұрғысынан ойлау, диалогты оқыту, ой қозғау, эссе жазу
Оқыту нәтижесі: - Қазақстан тәуелсіз мемлекет екенін біледі;
- Мен Президент болсам деген тақырыпта эссе жаза білу;
- Балалардың құқықтары мен міндеттерін анықтап ажырата біледі
Сілтеме: Дүниетану, « Алматыкітап баспасы » 2009 , Әдістемелік құрал Б. Л. Хаджиева
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
1 мин
|
Сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру.
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз,
Армысың табиғат-анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
|
Қимылдар жасайды
/ Балалар күнге қарайды./
/ Қолдарын жерге жақынтады./
/ Бастарын иеді. /
/ Өздерін көрсетеді /
|
Білу
Топтастыру стратегиясы
|
5 мин
|
Оқушылардың бұрын жаттаған
«Тәуелсіздік таңы атты» өлеңін бір оқушыға оқытамын.
1. Тапсырма: « Тәуелсіз» сөзіне топтастыру жасау.
|
Оқушылар қайталап айтады.
Өлеңнен алған әсерлерімен бөліседі.
Топтық жұмыста «тәуелсіз » сөзіне постер құрастыру, постерді топтағы оқушылар шығып қорғайды.
Әр оқушының пікірін тыңдап мына сөздерге негіздеймін: еркіндік, жеке, егемен, шешім,
Конституция, тарих, көп ұлтты, тілі, мектеп, салт-дәстүр.
|
Түсіну
|
6 мин
|
Отанымыз Қазақстан Республикасы жайлы әңгіме жүргізу.
Неліктен Қазақстан – көп ұлтты тәуелсіз мемлекет деп атаймыз?
Рәміздер не үшін керек?
Топтарға бөліну:
Оқушыларды топтың деңгейіне қарай бөлемін.
|
Оқушылардың жауабы тыңдалады . Жұбымен ойларын бөліседі.
/ Тәуелсіз ел деп еркіндігі, бостандығы бар, өзінің Рәміздері бар мемлекетті айтамыз. Себебі: ҚР еркін ел /
|
Қолдану
«Ой қозғау» стратегиясы
|
10 мин
|
Оқушылар топқа бөлінеді:
Сурет қиындыларын құрастыру арқылы
Оқушылар мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.
1. ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы;
2. Қазақстандықтар тұңғыш рет өз Президентін сайлады;
3. Мемлекеттік тілі туралы;
|
Оқушылар өздері құрастырған суреттері арқылы қалалар, ту, елтаңба деп топтарға бөлінеді
Әр топ өзіне берілген бөлікті оқып, оқығандарын толықтырады.
1.Топ: - сурет салады;
2.Топ: - кесте толтырады;
3. Топ: - өлең оқиды
Әр топтың жауабын тыңдаймын
|
Сергіту сәті:
|
1 мин
|
« Біз бақытты ұланбыз »
|
орындайды
|
Талдау:
|
6 мин
|
Тапқышбектің тапсырмасы:
1- топ: Математика пәні
Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?
2-топ: Қазақ тілі пәні
Тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерін ата.
3- топ: Әдебиеттік оқу пәні
Сен қандай құқықтарды пайдаланасың?
|
Әр топқа жеке жұмыс
1/ Санжұмбақтарды шешу арқылы, шыққан сандарды өсу ретімен орналастырып табады.
/ 1991 жылы 16 – желтоқсан /
2/ Әріптерден сөз құрау арқылы басты белгілерді табады. / Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Конституциясы /
3. Тірек сөздерді пайдаланып, сөздерден сөйлем құрайды. / білім алу, емделуге, демалуға, еңбек ету
|
Жинақтау:
|
5 мин
|
Елбасының портретін қолдану
« Мен президент болсам , ... » деген тақырыпта
|
Эссе жазады
Тапсырмаларын жұбымен салыстырады
|
Рефлекция
|
5 мин
|
Сен қандай құқықтарды пайдаланасың?
Сен қандай міндеттерді орындауың керек?
/ Венн диаграммасы /
|
Жұппен жұмыс
|
Құқықтары
|
Міндеттері
|
- білім алуға;
- емделуге;
- демалуға
|
- жақсы оқу-ға;
- табиғатты қорғауға;
-үлкендерді сыйлауға;
-кішіге қам-қор болуға
|
|
Қорытынды
/бағалау/
|
3 мин
|
Бес жол өлең құрастыру.
Мен, елде тәуелсіз, сүремін , өмір
|
Зат есім: Мен, өмір
Сын есім: тәуелсіз, елде
Сан есім :
Етістік: сүремін
Сөйлем: Мен тәуелсіз елде өмір сүремін.
|
Үй тапсырмасы
|
1 мин
|
Оқулықтағы мәтінді оқу. 91 бет
Отан туралы мақалдар жазып келу
|
Ізденіп тауып оқып келеді
|
Бағалау
|
2 мин
|
Бағалау критерийлері бойынша өзін - өзі бағалау. Мұғалімнің жиынтық бағалауы
Бағдаршамның көздерін пайдаланып әр түрлі түспен бояды.
|
Жасыл түспен бояса – « 5 » баға
Сары түспен бояса - « 4 » баға
Қызыл түспен бояса - « 3» баға
|
Достарыңызбен бөлісу: |