Сабақ мақсаттары



Дата27.07.2017
өлшемі45,37 Kb.
#22179
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ресей шаруашылығы. Өнеркәсібі.

Сабақ мақсаттары:



  1. Білімділік: ресей шаруашылығына жалпы сипаттама беру. Отын-энергетика кешені, металлургия және машина жасау. Өнеркәсіптің басқа салаларының Ресей экономикасындағы алатын орнын түсіндіру.

  2. Дамытушылығы: оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, картамен және басқа білім көздерімен жұмыс жасау арқылы анализ, синтез жасау, салыстыра білу.

  3. Тәрбиелігі: пәнге деген қызығушылығын арттыру, тақырып бойынша жаңа қосымша материалды ізденуге, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілік: компьютер, интерактивті тақта, Ресей экономикалық картасы

1.Ұйымдастыру, топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын тексеру. ( Ыстық орындық)

3.Жаңа сабақ. (Блум таксономиясы)

4.Бекіту. ( қатені, артығын тап оқыта үйрету ойыны, тест)

5.Қорытындылау

6.Бағалау

7Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: 1) психологиялық ахуал

2) топқа бөлу (пазыл арқылы)

3) үй тапсырмасын тексеру (ыстық орындық әдісі бойынша)

1-сұрақ. Ресейдегі халықтың саны, әлемде нешінші орында, қазіргі демократиялық жағдайына сипаттама бер.
2-сұрақ. Еңбек ресурстары деген не? Халықтың қандай бөлігін еңбекке қабілетті адамдар құрайды?
3-сұрақ. Ұлттық құрамы қандай? Халық тығыздығының әркелкілігін қалай түсіндіресің? Ресейде бірнеше миллионер қалалар бар. Соның ең солтүстіктегісін, ең оңтүстіктегісін, ең батыстағын, ең шығыстағысын ата.
4-сұрақ. Ресейдің ең солтүстік аймағында адамның өмір сүруі үшін табиғат жағдайы қолайсыз. Бірақ оған адам қоныстанған. Оған не себеп?

Жаңа сабақ: Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі.

І. Миға шабуыл.

1-сұрақ. Ресей шаруашылығының даму кезеңдері сендерге тарихтан белгілі. Шарушылықтың дамуын қандай кезеңдерге бөліп қарауға болады?



Оқушы жауап берді

Мұғалім:

1.ХІХғ екінші жартысы-ХХғ басы өнеркәсіптің қарқынды өсуімен белгілі атап айтқанда тоқыма өнеркәсібі, теміржол салу, «көмір –металургиялық цикл» дамыды ел экономикасының дамуында мемлекет үлкен рөл атқарғанмен нарықтық сипат басым болды

2.Кеңестік кезде экономика нарықтық емес жоспарлы дамыды жекеменшік жойылды.Ауыр және әскери өнеркәсіп дамытылды, ол Ұлы Отан соғысында жеңуімізге көмектесті.Соғыстан кейін халықтың тұрмысы көтерілді үй салу тұтыну таварын өндіру өсе бастады. Ресей-өтпелі экономика тән индустриялы –аграрлы ел.Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ел экономикасы дағдарысқа ұшырады-Ресей экономикасында жүрген қайта құрудың басты бағыттары:

а) қайта құрылған шаруашылықта еркіндік берілді.

б) экономиканы басқаруда мемлекет үлесі азайды.

в)мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдарымен жеке адамдар меншігіне өтті.

г)ел экономикасының басқару сипаты, салалық құрылымы, қаржыландыру жүйесі,басқа елдермен экономикалық байланыстарында да өзгерістер енгізілді.
Ресей шаруашылығы өз табиғи ресурстарына, еңбек ресурстарына сүйеніп дамуда.Табиғат ресурстарының басым бөлігі азиялық бөлікте орналасқан ал негізгі тұтынушылар өндірістік –техникалық және ғылыми орталықтар шоғырланған еуропалық бөлікте орналасқан.
Өнеркәсіп салалары
II. Түсіну. ДЖИГСО әдісі бойынша
1 топқа. Отын энергетика кешені (слайд өзен)

2-топқа. Металлургия және машина жасау.(слайд мұхит)

3-топқа. Химия, орман өнеркәсібі

4-топқа. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.


ІІІ. Қолдану. Тақырыпты қорғау
Отын энергетика саласы бойынша

(Отын - энергетикалық кешен сызбасы )

Слайд өзен

Көрініс бойынша электр станцияларының түрлерін және қайда орналасқанын анықтау


Слайд мұхит

1.Өнім түрлерін және өнімді шығаратын өндіріс орталықтарын анықта.

Химия өнеркәсіп сызбасы

Орман өнеркәсібі сызба

Жеңіл өнеркәсіп сызбасы

Тамақ өнеркәсіп сызбасы


ІҮ.Бекіту

Артығын тап.

  • Буряттар, татарлар, қалмақтар ,тувалықтар

  • Масква түбі, Конско-Ачинско,Самотлор,Кузбасс

  • Тропикалық, Артикалық,Субартикалық қоңыржай

  • Новосибирски ,Москва, Дондағы Ростов,Омск,Владивасток

  • Коликия-Элиста,Адигея-Нарзань,Мардовия-Саранск,Коми-Сывтывкар

  • Уренгой,Астархан,КМА,Оренбург

  • .Тундра, Тайга,Тропикалық орман, дала

Обь-Новосиберск,Енисей-Богучанско,Волга-Рыбинско,Ангара-Братска

  • Кар,Лаптевтар,Ақ, Ахот

  • Домна,түсті,толық циклды,қайта қорту



Ү. Қатесін тап. Ресей- жер көлемі бойынша жер шарындағы ең ірі ел, оның жер көлемі-30,3 млн.км2. . ресей жағалауы төрт мұхитпен жалғасады.ол құрлықта 12 мемлекетпен шектеседі. Халқының саны 42 млн. адам. Қазіргі кезде елде туудың жоғарғы көрсеткіші байқалады. Ресей табиғат ресурстарына бай. Мұнай және газ қоры жөнінде ресей әлемде І орында. Ең ірі тас көмір бассейндері елдің азиялық бөлігінде орналасқан. Олар, Кузбас, Канско-Ачинский таскөмір бассейні, Донбасс. Ресейде суы мол өзендер көп, электр энергиясының көп бөлігі су электр станциясынан өндіріледі,олардың ең қуаттысы- Вольга өзенінде.

Машина жасау кешенінің көптеген салалары Орал экономикалық ауданында орналасқан.Ресей экспортнда электроника,қару жарақ және жеңіл автомобильдер маңызды орын алады.Ресей орманға бай.Елдегі ағаш сүрегінің қоры Еуропалық солтүстікте, Шығыс Сібірде және Қиыр Шығыста орналасқан.Ағаш дайындалатын осы аймақтарда мебель фабрикалары орналасқан.Ресей экономикасында қара және түсті металлургия маңызды орын алады.Бұл өндірісті орналастырудағы маңызды факторлар мамандану және кооперативтендіру.


ІҮ. Кері байланыс.
Қорытынды (слайдтар)

Үйге тапсырма. (§48. Ресейдің машина жасау, химия өнеркәсібіне реферат)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет