Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару
Психологиялық ахуал
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
1-тапсырма Зерттеу нәтижесімен бөлісу.
Белгілі бір уақыт аралығында іс- әрекет жасап көрейік.
1. Қол шапалақтау
2. Секіру.
- Қанша рет қол шапалақтадыңыз ?
- Неше рет секірдіңіздер ?
Осы іс- әрекетті жасау үшін сізге қандай уақыт берілді ?
-Аз ба ?
-Көп пе ?
-Аз уақыт аралығы қалай аталатынын білесіз бе ?
- Бүгінгі сабағымызда минуттың ұзақтығын білеміз .
Минут - уақыттың өлшем бірлігі.
Уақытты минутпен анықтау үшін электронды, механикалық және құмсағатты қолдануға болады.
Дескриптор: Білім алушы
Белгілі бір уақыт аралығында іс- әрекет жасайды.
Қысқа уақыт аралығының минут екенін ажыратады.
Қалай ойлайсыздар 1 минутта не істеуге болады ?
2-тапсырма Зерттеу жүргізейік.
өз есімін жазу;
қағазға нүктелер салу;
жіпке моншақтар тізу.
Өз есімімді --------------- рет жаза аламын
Қағаз бетіне -------------- рет нүкте жасай аламын
Жіпке ------------ моншақ тізе аламын.
Дескриптор: Білім алушы
-іс-әрекет жасайды.
Жасаған іс- әрекетін жазады.
3- тапсырма Шығарып көр. Жұптық жұмыс.
Сағатқа қарап, қанша минут өткенін анықта.
Дескриптор: Білім алушы
Сағатқа қарап қанша минут өткенін анықтайды.
3- тапсырма Сен білесің бе ?
Дені сау ересек адамның жүрегі 1 минутта 60-65 рет соғады.
Өз жүрегіңнің тамыр соғысын анықтап көр.
Өз тамырларының соғысын тексеріп көреді.
Дәрігер өрт сөндіруші
Дескриптор: Білім алушы
Пайдалы ақпаратты тыңдайды
Өз тамырының соғысын тексереді.
Дәптермен жұмыс
1 минут ішінде гүлдер мен доптарды бояу.
Дескриптор: Білім алушы
Гүлдер мен доптарды бояйды.
Нешеуін бояғанын анықтайды.
|