Сабақ: Математика
Теңдеулерді шешу.
|
Мектеп: №86 жалпы орта мектебі.
|
Күні: 8.09.2016ж
|
Мұғалімнің есімі: Жолдасова Балжан
|
Сынып: 6 «В»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
5-сыныптағы білімдерінің негізінде теңдеу туралы білімдерін еске қайта түсіре отырып, арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу яғни теңдеудің шешімін(түбірін) табуды үйрету.
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар:
|
Табыс критерийлері:
5-сыныптағы білімдерінің негізінде теңдеу туралы білімдерін еске қайта түсіре отырып, арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу яғни теңдеудің шешімін(түбірін) табуды біледі.
|
Тақырыпты игеру барысында алдымен теңдеудің сол жақ және оң жақ бөліктерінде тұрған өрнектері ықшамдалатын теңдеулердің шешу жолдарын айырып таниды.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Әртүрлі үйлесіммен берілген теңдеулерді шешіп үйренеді.
|
Кейбір оқушылар:
|
Мәселе есептердің шартын топтайды, тұтастандырады, теңдеуді құрып түйіндейді және шешімін табады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар
|
|
Ереже айтуда, есептер шығаруда математикалық терминдерді пайдаланып, сөйлей алады.
|
|
Негізгі сөздер мен тіркестер
|
|
Белгісіз компонент, арифметикалық амалдар,теңдеу, теңдеудің шешімі.
|
|
Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер айтылымын жақсарту ауызша сөйлеу дағдылары дамиды, сұрақтар қоя алады. Ережелерді пайдаланып, математикалық символдарды дұрыс жаза алады.
|
|
Талқылауға арналған тармақтар топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды талқылайды.
|
|
Сіз неліктен............екенін айта аласызба?
Өмірде қажеттілік маңызы болғандықтан, қолдана білуге үйренеді.
|
Алдыңғы оқу
|
Қарапайым теңдеу құра алады.
|
Жоспар
ланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Баста
луы
(15мин)
|
1)«Шатасқан алақан»жаттығуы арқылы бір-біріне жылы лебіз білдіріп ынтымақтастық атмосферасын орнату.
2)Стикердің түстері арқылы шағын топтарға біріктіру
Ітоп «Қосу», ІІтоп «Азайту»,
ІІІтоп «Көбейту» ІVтоп «Бөлу»
3) Үй тапсырмасын тексеру: №12,15,16
Ауызша оқыту арқылы үй жұмысын тексеремін.
4)Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» жаттығуын орындатамын. Топтар бір-біріне сұрақтар құрастырады.
•Анықтама: Теңдеудегі әріптің орнына қойғанда оны дұрыс санды теңдікке айналдыратын сан теңдеудің түбірі деп аталады.
Мысалы, 5 +х = 12 теңдеуінің шешімі 7 саны, себебі 5 + 7 = 12.
Математикада теңдеудің шешімін теңдеудің түбірі деп атау қабылданған.
Теңдеудің бірнеше түбірі болуы немесе түбірі болмауы мүмкін.
Мысалы, (x – 1) ∙ (x – 2) = 0 теңдеуінің 1 және 2 сандары болатын екі түбірі бар, ал 0 ∙ х = 5 теңдеуінің түбірі жоқ, себебі санды нөлге көбейткенде нөл шығады.
Төменде берілген теңдеулердің ішінен қай теңдеудің түбірі болатынын қайсысының түбірі болмайтынын анықтаңдар:
Мысалы, 12 – z = 5, 0 ∙ с = 12, 89 – х = 55, 25 + b = 106, 21∙ 0 = 120
•Анықтама:Теңдеуді шешу дегеніміз – теңдеудің барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екенін көрсету.
Теңдеудің шешімін табу үшін сендер арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін: Қосылғыштарды, азайғышты, азайтқышты, бөлінгішті, бөлгішті, көбейткіштерді табу ережелерін қолдануды білесіңдер.
Мысал -1: х : 12 = 26 Шешуі:
x = 26 ∙ 12 Берілген теңдеудегі белгісіз бөлінгішті табу үшін
x = 312 бөліндіні бөлгішке көбейту керек.
Тексеру: 312 : 12 = 26
26 = 26
Мысал -2: Шешуі:
72 : (х + 12) = 4 Берілген теңдеуде х + 12 бөлгіші белгісіз.
х + 12 = 72 : 4 Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндіге бөлу
х + 12 = 18 керек. Енді х + 12 = 18 теңдеуін шешеміз.Мұнда
х = 18 – 12 қосылғыш белгісіз. Белгісіз қосылғышты табу үшін
х = 6 қосындыдан белгілі қосындыны азайту керек.
Тексеру: 72 : (х + 12) = 4
72 : (6+ 12) = 4
72 : 18 = 4
Мысал -3: ( 45 – х) ∙ 3= 93 теңдеуін шешіңдер.
Сен бір сан ойла. Оны 3-ке көбейтіп, шыққан көбейтіндіден 79-ды азайтып, айырманы 16-ға бөлгенде бөлінді 8-ге тең болды. Сен қандай сан ойлағаныңды тап.
|
Формативті бағалау
критерийлер бойынша өзгені бағалау
«Бас бармақ» тәсілімен топты бағалау
|
6-сынып
Математика
Авторы:
Алдамұратова Т.
Байшоланов Е.
Әр түсті стикерлер
Слайд
Тапсырма жазылған парақ
|
|
|
Ортасы
(15мин)
|
Негізгі бөлім.
Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есептерді шығарады.
Әр бір оқушы топпен жұмыс істей отырып есептерді шығаруда белгісіз шамаларды табу үшін теңдеу құрудың маңызы зор екенін бағалайды.
I топ,
1)Екі санның қосындысы 120-ға тең. Бірінші сан екінші саннан 9 есе артық. Осы сандарды табыңдар.
2) Теңдеуді шеш:
897-(3x+2)=394
3x+2=897-394,
3x=501, x=167
Жауабы: 1) х1 =108, х2 = 12. 2)х = 167
Берілген сөйлемдерді nеңдеу арқылы жазып, шыққан теңдеуді шешіңдер:
II топ: 1)Тізбектей алынған екі натурал санның қосындысының мәні 303-ке тең;
2)Теңдеуді шеш:
783 – (3x-16) = 427
3x – 16 = 783 – 427
3x = 372, x=124Жауабы: 1) х1 =151, х2 = 152. 2)х = 124
Берілген сөйлемдерді теңдеу арқылы жазып, шыққан теңдеуді шешіңдер:
III топ: 1)Тізбектей алынған үш натурал санның қосындысының мәні 306-ға тең.
2)Теңдеуді шеш:
673 - (275 - 2x) = 578
275 - 2x = 673 - 578
275 - 2x = 95
2x=275-95, x=90Жауабы:1) х1 =101, х2 = 102, х3 = 103 .2)х = 90
ІVтоп
Шешуі:
Жауабы:
Оқушылардың қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беремін.
І деңгей тапсырмалары
1. Теңдеуді шешіңдер:
1) 28 + х = 43; 2) y + 195 = 300; 3) 920 – z = 587;
4) x – 261 = 405; 5) 11y = 187; 6) 324 : y = 36.
2. Теңдеуді шешіңдер:
1) 43x + 72 = 502; 2) 67 – 21y = 25; 3) 19y – 200 = 47;
3. Теңдеудің түбірін табыңдар:
1) (x – 24) – 15 = 326; 2) (x – 17) + 24 = 432;
3) (x + 121) + 327 = 620; 4) (y + 96) – 73 = 515.
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Әріпті өрнектерді ықшапдап,теңдеудің түбірін табыңдар:
1) 17x + 18x = 700; 2) 41y – 17y = 480;
3) 39x + 33x = 432; 4) 82z – 57z = 575.
Жауабы: 1) 20 2) 20 3) 6 4) 23.
2. Әкесінің жасы ұлы мен қыз баласының жасының қосындысына тең. Ұл бала қарындасынан 2 есе үлкен және әкесінен 25 жаспен кіші болса, әкесі, ұлы, қызының әрқайсысының жасы нешеде?
Шешуі: Әкесі: 2х + 25 = 2х + х,
Ұлы: 2х = 50
Қызы: х
2х + 25 = 2х + х,х= 25.
Жауабы: әкесі -75, ұлы – 50, қызы – 25.
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Марат түстен кейін түске дейінге қарағанда 2 балықты кем аулады. Ол барлық аулаған балықтарының жартысын атасының үйіде қалдырғанда, онда 5 балық қалды. Марат түстен кейін неше балық аулады?
Шешуі: түске дейін: х+2,
түстен кейін: х ,
Қызы: х
(х +2) : 2 = 5,х= 8. Жауабы:Түстен кейін 8 балық аулады.
2. Теңдеуді шеш:
973 – 160765 : ( 275 + 2х ) = 578
160765 : ( 275 + 2х ) = 973 – 578,
160765 : ( 275 + 2х ) = 395,
( 275 + 2х ) = 160 765 : 395,
( 275 + 2х ) = 407,
2х = 132, х = 66Жауабы:х = 66
|
Топ ішінде бірін-бірі бағалау
Әр оқушы өз деңгейлері бойынша есептерді шығарады
|
Оқулық
|
Аяқта
луы
(10мин)
|
1.Сабақты бекіту: «Жұптық жұмыс» жаттығуын орындату.
|
Бірін-бірі бағалау
|
Слайд
|
Қорытын
ды бөлім
(5мин)
|
1.Формативті бағалау.
2.Үйге тапсырма №10,17,25
Үй тапсырмасына бағыт-бағдар беру «Өмір бақи оқу» білім алу құндылығына тоқталу.
3. Стикерлерге жазу арқылы кері байланыс алу.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.
1. Бүгін үйрендім …
2. Қиын болды…
3. Ұсынысым …
|
жиынтық бағалау
|
Ынталандыру құралдары.
Білім ағашы
|
Қосымша ақпарат:
|