Сабақ: Мазмұндама «Ақ тоқаш» Мектеп: №16 Күні: 10. 04. 2017ж. Мұғалімнің есімі: Мадишова Л. Е



бет2/4
Дата10.06.2017
өлшемі465,2 Kb.
#18392
түріСабақ
1   2   3   4



САБАҚ:Оспанхан Әубәкіров

«Ара мен Шыбын»

Мектеп:№16

Күні:14.04.2017ж.

Мұғалімнің есімі: Канафина Г.А.

СЫНЫП:4 «Б»

Қатысқандар

саны:24

Қатыспағандар

саны:0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Мысал авторымен таныстыру, мысалда адам бойындағықандай қасиеттердің арқау болғанын анықтау, еңбекқорлықтың мәнін ұғыну, шыбын мен араның әрекетін салыстыру, рөлге еніп, мәнерлеп оқу; «Қонақжайлылық» тақырыбында эссе жазу, ой түйінін бағалау.


Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар: мысалда оқушылар адам бойындағы арқау болатын қасиеттермен танысады, ой бөліседі, шыбын мен араның іс әрекеттерін салыстырады, мәнерлеп оқиды, эссе жазады.




Оқушылардың басым бөлігі: адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді біледі,анықтай алады, шыбын мен араның әрекеттерін талқылайды




Кейбір оқушылар: ақын жазушылардың нақыл сөздерімен, мақал мәтелдерді қолданып эссе жазады, өмірмен байланыстыра алады

Тілдікмақсат

Оқушылар: Сұрақтарға жауап бере алады,

Шыбынның үйін, жататын жерін көзге елестетіп түсіндіре ... (істей) алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер: Ара, Шыбын, қонақ, еңбек, қаймақ қатқан шайы, үйіліп, жиылып

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер: оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым

Талқылауғаарналғантармақтар:

Сіз неліктен Шыбын қонақтарды күте алмады деп санайсыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:түсіндірме сөздіктер

Алдыңғытақырып

«Ыстық орындық» стратегиясы

Мақсаты: өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелердіжазыңыз)

Ресурстар


Басталуы


Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу,амандасу



Топ ұстанымын құру.

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері

(оқушылардың көңіл күйлерін көтеру

Оқушыларға табиғи денелерге байланысты теңеу сөздермен тілек айту

«Тұсаукесер»

Үш түрлі түс бойынша топқа бөлу



Мағынаны тану (сурет бойынша әңгімелету)

«Венн диаграммасы» (Ара мен Шыбын ұқсастығын табу)

Шаттық шеңбері

«Ыстық орындық»


«Венн диаграммасы»




Ортасы


Негізгі бөлім. Оқулықпен жұмыс

Оспанхан Әубәкіровпен таныстыру

Тізбектей оқыту

Дәптермен жұмыс (сөздік жұмысы)

Сергіту сәті.  

«Ой қозғау»

Қонақ күте білеміз бе?(сауалнама)

1топ– Мысалды рөлге бөліп оқу

2топ - Мысалда адамдардың қандай қылығы

сыналатынын табу.

3топ- «Қонақжайлылық» 3 минуттық эссе






Аяқталуы


Қорытынды

Үйге тапсырма. Шыбын мен араны сипаттап жазу

«2 жұлдыз, 1 тілек» әр топ бір - бірін бағалау

«Жұппен бағала» әр жұп бірін - бірі бағалау


Кері байланыс

«Блоб ағашы»
Стикер

смайликтер



Қосымша ақпарат


Саралау.



Бағалау. смайликтер әр топ өзге топтарды бағалайды. Оқушылар бірін - бірі бағалайды

Пəнаралық байланыс

Дүниетану


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандайболды?

Мен жоспарлаған

саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандайтүзетулер

енгіздімжəне

неліктен?


Психологиялық ахуалды "Шаттық шеңбері" әдісімен бастадым. Оқушылар бір-біріне "жұлдыздай жарқыра","күндей күлімде","гүлдей жайна","гүлдей құлпыр", "таудай биік бол", "мөлдір бұлақтай таза бол", "айдай сұлу бол", "денсаулығың тастай мықты болсын"," асқар таудай бол","судай таза бол","аспандай ашық бол" деп тілектерін айтты. Оқушылар бұл сабақта белсенділік танытты.

Бұл жұмыс барысында оқушылар түрлі сұрақ қою әдістерін қолданды. Түрткі болу сұрағын оқушыдан жауап алу үшін, өткен материалға оралу үшін, оқушының жауабын түзету үшін қолдандым. Сынақтан өткізу сұрағын оқушыларға толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрып алдым. «Мысал келтіре аласың ба?» деген сұрақ тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады. «Көмектесе алатындарың бар ма?», «Кім толықтырады?» деген сұрақтарды басқа оқушыларға бағыттау арқылы қолданып, оқушыларды тақырып бойынша сөйлеуге талпындырады. Оқушыларға сұрақ қою арқылы өз бетімен жұмыс істеулеріне ықпал еттім. Осы сабақ барысында көп сөйлей қоймайтын оқушының өзі белсенділік танытты. Бұл сабақта әңгіме «Қонақжайлылық» тақырыбы болғандықтан, оқушылардан «Қонақ күте білеміз бе?» тақырыбы жайлы ауызша сауалнама алынды. Топтық жұмыс жасалды. Әр топқа тапсырмалар берілді. Топпен жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен пікір алмасты, жұмыс нәтижесі сәтті шыққан топ мүшелерінің көңіл-күйлері көтерілді. Бұл топтық жұмыста екінші топтың жұмысы өте жақсы бағаланды.

«Ара мен Шыбын» мысалы бойынша оқушылар өзара шағын топтарда өз ойларын ортаға салып, болжамдарын талқылады. Оқушылар «Егер ара еңбекқор болмаса, жұмысын тастап, шыбынға ілесіп кетер еді», «Егер мен шыбынның орнында болсам, жан-жағымды таза ұстар едім» , «Шыбын болсам, араны жақсылап қонақ етер едім» деген болжамдарын айтты.

Осы сабақта «Диалогтік оқыту» тәсілі әр кезеңінде көрініс тапты. Оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту керектігін өз жоспарыма енгіздім себебі рөлге бөлініп ойнауда кейбір оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға болатынын түсіндім.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:«Диалогтік оқыту»

2: СТО стр.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:«Диалогтік оқыту»

2:«Блоб ағашы»

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіругекөмектесетін не білдім?




САБАҚ ЖОСПАРЫ


САБАҚ:К.Сауғабаев «Нан туралы өлең»

Мектеп:№16

Күні: 15.04.2017ж.

Мұғалімнің есімі: Канафина Г.А.

СЫНЫП:4 «Б»

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Өлеңнің мазмұнын түсінеді

Нанның қасиеті, нанның қадірін , нанның жасалу технологиясын біледі.



Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтіннің мазмұнын түсінеді.Ас атасы-нан екенін біледі.





Оқушылардың басым бөлігі:Нанның қалай жасалатынын біледі




Кейбір оқушылар: Нан туралы тыйым сөздерді біледі, түсінеді.

Тілдікмақсат

Оқушылар:Сұрақтарға жауап бере алады,

... (істей) алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер:Нан-өмір,Дән-нәресте, Дән-тіршілік

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер:оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым

Талқылауғаарналғантармақтар:

Сізнеліктеннанды қасиетті деп санайсыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:мақал-мәтелдер жазу, өлең шығару бір шумақ

Алдыңғытақырып

Қолғабыс. Диалогті оқыту арқылы «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып өткен сабақты қайталау.

Ортада ыстық орындыққа бір оқушы отырады.Сұрақтың жауабын білмейтін болса, тұрып кетеді.




Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелердіжазыңыз)

Ресурстар


Басталуы


Психологиялық дайындық: Қадыр Мырза Әли

Не үшін?


-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін!

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін!

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

-Ал аяғың не үшін керек?

-Шетте жүрсем,

Туған жерге жету үшін!
Сыныпты топқа бөлу(дәнді дақылдармен)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ:Бидай

2-топАрпа

3-топ: Тары

4-топ Талқан




Психологиялық жаттығу,

«Ыстық орындық» ,СТО



Ортасы


«Ой қозғау» стратегиясын

пайдалана отырып, жаңа

сабаққа байланысты 4-топқа тапсырма беріледі.
1-топ: Нанның қасиеті

2-топ: Нан туралы мақал-мәтел

3-топ: Нан қандай еңбекпен келеді?

4-топ: Егін шаруашылығы туралы (эссе)

Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру арқылы сабақты ашу

Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналарұңғада,
Айналарнанға да.  (Бидай)

Кәрім Сауғабаев «Нан туралы өлең»

Өмірбаянымен таныстыру



Кәрім Жұмабекұлы Сауғабаев (20 қазан 1941 жыл, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Едірей ауылы - 25 қараша 2002 жыл) - журналист, ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1977).

1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы ҚазҰУ-ды бітірген. Ақынның балаларға арналған алғашқы өлең дер кітабы 1972 жылы жарық көрген. Тұнғыш жыр жинағы «Мойындау» 1972 жылы жарық көрді.

Жыр жинақтары: «Күдеріңді үзбе», «Балқантаудың басында» , «Үш қара оттары»

Сергіту сәті.

Мәтінмен танысу

Өлеңді мәнерлеп оқу

Талдау


Сұрақтар: - Осы өлеңдегі негізгі ой не?

- Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

- Нанның қандай пайдасы бар?

2.Сөздіктермен жұмыс:

Зәмзәмсу- «Әлемдегі ең жақсы су – зәмзәм суы. Оның жағымды дәмі бар, әрі ауруларға ем»

Пірім – пір деген сөздің сөздіктегі мағынасы ақсақал, қарт кісі деген мағынаны білдіреді.

Далбаса –құр, босқа, т.б


Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастырып жаз.

О,адамдар!

.... ..... ақтаңдар,

... ... баспаңдар.

... ... ...,

... ... сақтаңдар.





Постер құрастыру,сызба

Аяқталуы


«Ас атасы-нан»- деп бекер айтпаған.Нан –дастархан құты. Нан – тоқтық , нан-байлық. Дастархан басындағы әрбір түйір нан қаншама адамның еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, тастауға, басуға болмайды.

-Ендеше ,балалар, нанның қадірін біле жүрейік. «Нан болса ,ән болады». Себебі нан-әлемнің жарығы.


Кері байланыс«Бағдаршам»

Қызыл –түсінген жоқпын. Сары-әлі де сұрақтар бар. Жасыл-барлығы түсінікті.


Қосымша ақпарат


Саралау.

Бағалау.


Пəнаралық байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандайболды?

Мен жоспарлаған

саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандайтүзетулер

енгіздімжəне

неліктен?





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіругекөмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет