Сабақ: Механикалық жұмыс Мектеп: №222 Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп



Дата22.02.2020
өлшемі42,01 Kb.
#58787
түріСабақ
Байланысты:
Қмж 7 сынып!

Сабақ жоспары


Сабақ: Механикалық жұмыс

Мектеп: №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп

Мұғалім: Айбасова Ақбота Қазақбайқызы

Сыныбы:

7 сынып


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

7.2.3.1. Механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну

7. 2.3.3. A=F·s формуласы бойынша механикалық жұмысты есептеу



Сабақтың мақсаты

Жаңа сабақтағы негізгі білімдер:

Механикалық жұмыстың анықтамасы

Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қажетті шарттар

Механикалық жұмыстың формуласы

Жұмыс бірліктері

Механикалық жұмыстың мысалдары

A=F·s формуласын қолданып механикалық жұмысқа есептер шығару


Тілдік міндеттер

Пәндік лексика және терминология

Орындалған жұмыс, механикалық жұмыс, күш, уақыт, механикалық қуат, жұмыстың орындалу шапшаңдығы,МВт,кДж.



Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Механикалық жұмыс орындалу үшін мына екі шарт орындалу қажет….

Қуаттың өлшем бірлігі….

«механикалықжұмыс» … деп

«күш»дегеніміз...;



«жол» дегеніміз …;

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Механикалық жұмыс

Механическая работа

Mechanical work

Күш

Сила

Force

Орын ауыстыру

Перемещение

Displacement

Жылдамдық

Скорость

Speed/velocity

Уақыт

Время

Time



Алдыңғы білім

Қысым. Гидростатикалық қысым. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Ресурстар

0-2 мин


Амандасу, балаларды түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру



3-25 мин


Жаңа сабақты меңгерту

Жаңа сабақты меңгерту үшін орындалатын шаралар:

Презентация бойынша мұғалімнің түсіндіруі; алдымен проблемалық сұрақ қою: күнделікті өмірдегі «жұмыс» және физикадағы «механикалық жұмыс» терминдерінің арасында қандай айырмашылық бар? Осы айырмашылықтарды өз сөздеріңмен жеткізіңдер.

Ғаламтор ресурстарымен жұмыс – Қазақстанның білім сайттарындағы материалдар мен бейне көрсетілімдерді пайдалану (http://Bilimland.kz)

Оқушыларды топтарға бөлу

1 топ сұрақтарға жауап береді

2 топ өз мысалдарын келтіреді

3 топ тақтада есеп шығарады

Оқушылардың материалды меңгергендігін тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Механикалық жұмыс деп қандай шаманы айтады?

  2. Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қажетті шарттарды атаңыздар

  3. Механикалық жұмыстың формуласы қалай жазылады?

  4. Жұмыстың ХБЖ-дегі өлшем бірліктерін атаңыздар

  5. Механикалық жұмысқа өз мысалдарыңызды келтіріңіздер

  6. A=F·s формуласынанан күшті анықтайтын және орын ауыстыруды анықтайтын формуланы қорытып шығарыңыздар

Презентация

http://Bilimland.kz


http://interneturok.ru/physics/7-klass/rabota-moshnost-energija/mehanicheskaya-rabota-moschnost-zotov-a-e
7 сыныпқа арналған физика оқулығы және есептер жинағы


26-35 мин

Сыныпта механикалық жұмыс тақырыбына есептер шығару, тапсырмалар орындау - формативтік бағалау

Қосымшалар -1-2-3

35-40 мин

Бағалау және рефлексия жүргізу:

  1. Мен бүгін жаңа не білдім?

  2. Мен нені түсіндім?

  3. Сабақта маған не ұнады?

  4. Менің тобымның / немесе менің өзімнің осы сабақтағы әрекетім қандай болды? (Белсенді/белсенді емес)

  5. Мен осы сабақтағы өзімнің/құрбыларымның/топтағы қарсыласымның әрекеттеріне .... баға беремін

Қорытындылау:Оқушылар сабақты өздері қорытындылайды, өз ойларын ортаға салады, ең соңында мұғалім қорытындылайды

Үйге тапсырма беру: §53, 21 жаттығу

7 сыныпқа арналған физика оқулығы

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?


Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтар

Денсаулық: партада дұрыс отырып, көзді дұрыс қашықтықта орналастыруын қадағалау, көз жаттығуларын орындату -3 және 7 сабақтарда.

Жауапкершілік: жеке, топта, жұпта жұмыс жасау кезінде өз ісіне, сабаққа дайындығына жауапкершілікке баулу


Төмендегі қосымшада әр түрлі қиындықта келтірілген тапсырмаларды ұсынамын

Алдын ала дайындалған тапсырмалар мен сұрақтарды, бағалау критерийлері мен бағалау парақтарын пайдалану арқылы; оқушыларды өзін өзі бағалау және өзара бағалауы арқылы тексеремін және бағалаймын

АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша сайттармен жұмыс жасай алады

Ой толғау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқыту мақсаттары бағдарлама мен оқу жоспарына сай; оқушылар бүгінгі сабақта күнделікті өмірдегі «жұмыс» және «механикалық жұмыс» терминдерінің арасында қандай айырмашылық бар екенін, механикалық жұмысқа анықтама беруді, жұмыс жасалуы үшін қажеті шарттарды, жұмыстың ХБЖ-дег өлшем бірліктерін ажыратуды және түрлендіруді; механикалық жұмыстың формуласын қолданып есеп шығаруды үйренді. Осының барлығы олар өздерінінің әрекетіне рефлексия жасауда, өздерін, бірін бірі бағалау кезінде және сабақты қорытырндылауда көрініс тапты.

Мен өз уақытымды біршама ұтымды пайдаландым, себебі, сабақта оқушылар меңгеруге тиісті мәселелердің барлығы қарастырылды, жоспарлаған шаралар жүзеге асты, тапсырмаларды орындауға, рефлексия мен бағалауға уақыт жетті. Дегенмен, үйге тапсырма беруге уақыт тығыз болып қалды, сол себепті, үй тапсырмасы еш комментарийсыз берілді



Қорытынды

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:http://Bilimland.kz –Қазақстан сайтындағы материалдарды пайдалану уақытты үнемдеуге көмектесті
2:Оқушыларға алдымен проблемалық сұрақтар қою арқылы өздерінің ойларын тыңдай оытырып, жаңа тақырыпты өздері меңгеруге жағдай туғызу
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: оқушылардың математика пәнінен олқылықтары болмағанда есеп шығаруға көбірек уақыт бөлінуші еді


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1: Осының алдында сабаққа дайындықсыз келіп жүрген «Ә» деген оқушының сабаққа дайындығы, сабақтағы белсенділігінің артқаны байқалды; кейбір оқушылар әлі күнге ХБЖ-дегі негізгі бірліктерді шатастыратынын, кейбір оқушыларда математикалық амалдарды орындауда қателесулер кездесетінін байқадым

2:келесі сабақтарда оқушылардың кейбіреулерінен жоғарыда бақылаған/байқаған жағдайлар бойынша жұмыстар жүргізуім қажет болады






Формативті бағалаутапсырмалары




д

Ж

о

у

л

ь


с

Ұ

й

ы

қ




д

и

н

а

м

о

М

е

т

р




қ

а

т

а

ң

д

Ы

қ







С

е

к

у

н

д

І. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Механикалық жұмыс дегеніміз...?(денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы)

2.Механикалық жұмыстың формуласы?( A=F·s)

3.Механикалық жұмыс орындалу үшін шарттарды атаңыз?(денеге күш жұмсалу керек және дене бір орыннан екінші орынға ауысу керек)

4. 12 кДж-ды Дж-ға айналдырыңыз?(12·103Дж)

5.27мкДж Дж-ға айналдырыңыз?(27·10-6 Дж)

6.Механикалық жұмыстың өлшем бірлігі?(Джоуль)

7.A=F·s формуласынан күшті табыңыз?()

8.Механикалық жұмысқа мысал келтіріңіз?(,,,)

ІІ. Сөзжұмбақты шешіңіз.

1.Жұмыстың өлшем бірлігі?

2.Аққыштық,көлемін сақтау,пішінін сақтау қандай заттарға тән?

3.Күшті өлшейтін құрал?

4.Гук заңындағы k-деген қандай физикалық шаманы білдіреді?

5.Уақыттың өлшем бірлігі?


ІІІ. Есепті шығарыңыз:

Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді.Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады?

Берілгені: ХБЖ: Шешуі:

υ=72 км/сағ =20 м/с s= υ·t

F=2000 H A=F·s; A=F·υ·t

t=10 c


A-? А=2000·20·10=400000 Дж=40·103Дж
Оқушы білімін бағалау парағы

Бағалаукритерийлері

Дескрипторлар

Балл

Оқушы механикалықжұмысқаанықтамабереалады

Жұмыстыңанықтамасындұрысайтты/жазды

1

Оқушы механикалықжұмыстыңформуласынбіледі

Жұмыстыңформуласындұрысайтты/жазды

1

Оқушы механикалықжұмысжасалуыүшінқажеттішарттардыбіледі/жазады

Жұмысжасалуүшінқажеттішарттардыдұрысайтты/жазды

1

Оқушы жұмыстың ХБЖ-дегіөлшембірлігінбіледі/ХБЖ-не түрлендіреді

Жұмыстың ХБЖ-дегіөлшембірлігіндұрысжазды/айтты/ХБЖ-не дұрыстүрлендірді

1

Оқушы механикалықжұмысжасалатынжағдайларғаөзмысалдарынкелтіреді

Дұрысмысалдаркелтірді

1

Оқушы жұмыстыңформуласынанбасқашамалардыңформуласынқорытады

Математикалықсауаттылығымен, формуланыдұрысқорытты

1

Оқушы физикалықтерминдерді, атаулардыбілетіндігінқолданып, сөзжұмбақтышешеді

Сөзжұмбақтыдұрысшешті/5 терминдідұрысжазды

5

Оқушы жұмыстыңформуласынқолданаотырып, есептішығарады

Есепшартындұрысжазып, ХБЖ-не түрлендірді

1

Қажеттіформулалардыдұрысжазды

1

Есептеулердідұрысорындап, жауабыналды

1

Жалпы балл саны

14






Қосымша -2

Жұмыс және қуат тақырыбына арналған өз бетімен орыдауға арналғантапсырмалар.

Оқушыға нұсқаулық: Есепті шығармас бұрын есептің шартын жақсылап оқып шығыңыз. Егер сіз білмейтін сұрақ кездессе, міндетті түрде оқулықтағы параграфты оқып, сол сұрақтың жауабын тауып алыңыз. Оқулықтағы барлық анықтамалар мен ережелерді мұқият назар салып оқыңыз.

№1. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтергендегі ауырлық күшінің жұмысын есептеңдер.

№2. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

№3. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға-ыдыс шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?

№4. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?

№5. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.

№6. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен вагондарды тартып келе жатыр. Тепловоз вагондарымен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?

№7. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады?

№8-Тест. Қуат дегеніміз не?

А. Күш пен жол көбейтіндісі

В. Бетке перпендикуляр әсер ететін осы беттің ауданына қатынасы

С. Жұмыстың уақытқа қатынасы

Д. Күш пен уақыттың көбейтіндісі.

№9.-Тест. Жұмыстың орындалу тездігін/шапаңдығын сипаттайтын шама



А. Қуат

В. Күш


С. Энергия

Д. Жылдамдық



№10.Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс жасайды?

А. 1,8 кДж

В. 18 кДж

С. 180 кДж

Д. 3 Дж


№11.-Тест. Жұмысты қандай формуламен анықтайды?

А. Fs

В. Nv


С. Fv

D.F/s


Тест. 1 нұсқа
1.0,2 кН күштің әсерінен дене 10м – ге орын ауыстырғандағы атқарылған жұмыс

А) 2000 Дж В) 20000 Дж С) 200 Дж D) 2 МДж Е) 20 МДж

2.Жұмыс атқарылмайтын жағдай

А) шар жер бетімен домалап бара жатыр. В) кірпіш жерде жатыр. С) жүк машинасы жүкті көтергенде. D) балғаның денеге құлауы. Е) шаналарт аудан сырғанағанда.

3.Мотоциклші жүріпкележатқанда 60 Н кедергікүшінеиеболады. Мотоциклш і50 м орын ауыстырғанда кедергі күшінің атқарған жұмысы

А) 3000 Дж В) 1,2 Дж С) 100 Дж D) 110 Дж Е) 300 Дж

4.Дене шамасы 40 Н күшәсерінен вертикаль жоғары2 м қашықтыққаорынауыстырды. Күштіңатқаратынжұмысы

А) 120 Дж В) 80 Дж С) 40 Дж D) 0 Е) 60 Дж

5.Денегеәсерететінтеңәрекетті 50 Hкүш горизонталь бағытталған. Дене 20м/с жылдамдықпен жүрсе, 10с ішіндекүштіңатқарғанжұмысы

А) -1250 Дж, В) 1250 Дж С) 0 D) 3000 Дж Е) 1000 Дж



Тест. 2нұсқа

1.Двигателінің куаты 8 кВт-қатеңкөтергіш кран жүктітұрақты 6 м/мин жылдамдықпенкөтереді. Жүктіңмассасы (g = 10 м/с2)

А) 5 т В) 4,8 т С) 0,8 т D) 8 т Е) 6 т

2.Тегістеп өңдейтін станок тасыныңжұмыстықбетініңжылдамдығы 30м/с өңделетіндеталдітасқа 100 Н күшпенқысады, үйкеліскоэффиценті 0,2. Станок двигателініңмеханикалыққуаты

А) 600 кВт В) 0,6 кВт С) 6 кВт D) 60 кВт Е) 60 Вт

3.Адам біржұмыстыбіріншірет 15 минутта, екіншірет 45 минуттаорындады. Өндіретінқуаттарынсалыстырыңыз

А) N1=N2 В) N1=2N2 С) N1=0,5N2 D) N1=3N2 Е) N1=0,3N2

4.Қуаттың өлшембірлігі

А) Дж В) Вт С) Н D) Дж∙с Е) Н∙с

5.Салмағы 600Н адам вертикаль баспалдақпен 3 м-ге 2 с- та көтерілді. Адамныңкөтерілукезеңіндегіқуаты

А) 36 кВт В) 9 кВт С) 900 Вт D) 90 Вт Е) 360 Вт

6.Куаты 3 кВт-қатеңқозғалтқыш 5 с ішіндегіатқарғанжұмысы

А) 15 Дж В) 15 кДж С) 600 Дж D) 0,6 Дж Е) 60 Дж

7.Массасы 1,5 т автомобильдіңжылдамдығы 36 км/сағ. Оныңқозғалтқышының 10 с ішіндеістегенжұмысы мен қуаты

А) 1,5*106 Дж; 1,5*105 Вт. В) 1,5*106 Дж; 740 кВт С) 1,5*106 Дж; 1500 Вт D) 7,5*106 Дж; 8,5*105 Вт. Е) 2,5*106 Дж; 4,5*105 Вт.

Қосымша -3

Бөлім/тақырып

Бөлім 7.3 С: Жұмыс және қуат

Оқу мақсаты

7.2.3.1.механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну; 7. 2.3.2. қуаттың физикалық мағынасын түсіну;

7. 2.3.3. A=FS формуласы бойынша механикалық жұмысты есептеу



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну/қолдану/анализ, синтез/бағалау/математикалық сауаттылық

Бағалау критерийлері

Оқушы жұмыстың физикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді; қуаттың физикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді; жұмыстың және қуаттың формулаларын қарапайым есептерді шығаруда қолданады

Тапсырма:

  1. Механикалық жұмыс деп қандай шаманы айтады?

  2. Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қандай шарттар орындалуы керек?

  3. Қуат дегеніміз не?

  4. Қай дененің қуаты көп екенін анықтау үшін нені білу жеткілікті болады?

  5. 1 гектар жерді өгіз жеккен соқамен, ат жеккен соқамен, тракторға тіркелген соқамен жыртуға болады. Қай жағдайда жер жылдам жыртылады? Қай жануардың /механизмнің қуаты көп болады?

  6. 0,2 кН күштің әсерінен дене 10м – ге орын ауыстырғандағы атқарылған жұмысты есептеңіздер

  7. Төмендегі жауап нұсқаларының ішінен жұмыс атқарылмайтын жағдайды көрсетіңіздер:

А) шар жер бетімен домалап бара жатыр; В) кірпіш жерде жатыр; С) кран жүкті көтеріп барады; D) балғаның денеге құлады; Е) шаналар таудан сырғанап барады

Төменде келтірілген кестені толтырыңыздар


Шама атауы

белгіленуі

формуласы

бірлігі

Өлшеу құралы- бар болса

Жұмыс













Тұрақты күштің жұмысы













Ауырлық күшінің жұмысы













Қуат













Бірқалыпты қозғалыстағы қуат















Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

Оқушы кестенің әр жолын дұрыс толтырады

кестенің әр жолын дұрыс толтырды

5

Оқушы жұмыстың/қуаттың анықтамаларын біледі

Жұмыс пен қуаттың анықтамаларын дұрыс жазды

2

Оқушы жұмыстың физикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді

Оқушы физикалық терминдермен жеткізіп түсіндірді

1

Оқушы қуаттың физикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді

Оқушы әр жағдайды дұрыс түсіндірді

1

Оқушы жұмыстың және қуаттың формулаларын қарапайым есептерді шығаруда қолданады

Сұрақтарға дұрыс жауап берді/есептерді дұрыс шығарды

4



Бөлім/тақырып

Бөлім 7.3 С: Жұмыс және қуат

Оқу мақсаты

7.2.3.1.механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну;

7. 2.3.2. қуаттың физикалық мағынасын түсіну;

7. 2.3.3. A=FS, N=A/t, N=Fυ формулалары бойынша механикалық жұмыс пен қуатты есептеу


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну/қолдану/анализ, синтез/бағалау/математикалық сауаттылық

Бағалау критерийлері

Оқушы жұмыстың/қуаттың физикалық мағынасын біледі және түсінеді; қуаттың/жұмыстың формулаларын әр түрлі есептерді шығаруда қолданады

Тапсырма:

№1. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтергендегі ауырлық күшінің жұмысын есептеңдер

№2. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

№3. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға-ыдыс шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?

№4. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?

№5. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.

№6. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?

№7. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады?



Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

Оқушы жұмыстың/қуаттың физикалық мағынасын біледі және түсінеді;

Жұмыстың жалпы формуласын біледі

1

Ауырлық күші жұмысының формуласын білді және қолданды

1

Қуаттың формуласын есеп шығаруда дұрыс қолданды

1

қуаттың/жұмыстың формулаларын әр түрлі есептерді шығаруда қолданады

Жұмыстың/қуаттың формуласын әр жағдай үшін дұрыс қолданды/

1

Барлық есептеулерді дұрыс орындады

7


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет