Негізгі бөлім. Кіріспе (Шолып оқу) мәтінмен жұмыс «Ирек» әдісі көмегімен түсіндіріледі.
Тұздар дегеніміз – молекуласы металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Тұздарды қышқыл құрамындағы сутек атомдарының орнын металл атомдары немесе негіздегі гидроксотоптың орындарын қышқыл қалдықтары басқан өнім деп қарастыру қажет. Сол себепті тұздарды төмендегіше жіктейміз:
Орта тұздар – қышқыл құрамындағы барлық сутек атомдары металл атомдарымен алмасқан. KNO3, CaСl2
Орта тұздардың аталуы металл атауы мен қышқыл қалдығы атауынан тұрады.
Қышқыл тұздар – қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған. NaHCO3, CaHPO4 –кальций гидрофосфаты. Қышқыл тұздарды атау үшін қышқыл қалдығының алдына гидро сөзі қосылып айтады.
Негіздік тұздар – негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмаған. Zn(OH)Cl, Al(OH)SO4 негіздік тұздарға гидроксо сөзі қосылып айтылады.
Қос тұздар - қышқыл құрамындағы сутек атомдарының тобын екі түрлі металл атомдары басқан кезде түзіледі. KAl(SO4)2
Тұздар
Суда жақсы еритіндер
NaCl, KNO3
Ерімейтіндер BaSO4, MgCO3
Аз еритіндер CaSO4, PbCl2
Достарыңызбен бөлісу: |