Пәні: өзін-өзі тану. №19-20 сабақ
Мектеп №49
Мерзiмі: 24.01
Тақырып: «Атамекен – алтын бесік».
Құндылық:сүйіспеншілік
Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.
Мұғалiм:Джампеисова Б.Т.
Сынып 7
Сабақ мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.
Міндеті:
Білімділік мақсаты: Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік мақсаты: Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
|
Ресурстар:үнтаспа,
суреттер,нақыл сөздер
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру, топтастыру.
5 Т ережесін еске салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
2.Сергіту сәті: 2мин.
«Жақсы» тақырыбындағы ширату ойының ойнауды ұсынамын. (Балалар шеңберде тұрады.)
Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма?(Адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (Құшақтарын жаяды)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? ( Үйді бейнелейді)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? ( Айналады)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма? (Бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы (Алақандарын соғады)
3.Тыныштық сәтi. 2мин
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Біз бәріміз табиғат аясына шықтық.Күннің шуағы да ерекше. Алыстан тау жоталары көрінеді.Аққайыңның алтын түстес жапырақтары да көздің жауын алады. Ал қалың терек арасында өскен көк жасыл қарағайлар өз бейнесін айқындап ажарлана түскендей. Көк аспанға көз жіберсең қиқулап, үшбұрыш түзеп, жылы жаққа ұшып бара жатқан құстарды көресің. Табиғаттың осындай ғажаптарын көргенде ерекше сүйсінесің. Осындай сұлулық пен әдемілікке толы ортада бойыңа ерекше сүйсінесің. Осындай сұлулық пен әдемілікке толы ортада бойыңа ерекше шабыт, қуат алғаныңды сезінесің. Табиғаттың өзіне ғана емес , барша тіршілік иесіне сый жасайтынын түсініп, ерекше қуанышқа бөленесін. Адам қай жерде жүрсе де, қандай биіктерге көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке ол Атамекен. Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері қалыптасады. Атамекеннің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпаққа байланысты болатындығын барлығымызға мәлім. Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
4.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
1.Дәптермен жұмыс. \үй тапсырмасын тексеру\.
2.Мәтінмен жұмыс.
Ітопқа:Оқулықта оқушыларға азамат, азаматтық туралы Б.Момышұлының ой толғанысынан оқуға берілген.
-«Тізгін ұстау», «ат жалын тартып міну» деген сөз тіркестерінің мағынасынмқалай түсінесіндер?
-Сен, өз тізгініңді қалай ұстап жүрмін деп ойлайсың?
ІІтопқа: «Оқып үйренейік» айдарында берілген Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» шығармасын оқып береді. Мәтіндегі негізгі идеяны немесе түйінді сөздерді оқушыларға тапқызып, мағынасын талқылайды.
-Өлеңдегі «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» деген жолды қалай түсінесіңдер?
-Өздерің осы «Төрт ананы» сақтап, дамытуда қандай үлес қосып жүрсіңдер?
|
Сабақ барысын талқылау:
Жаттығу орындалады.
|
5. Жаңа сабақ: : «Атамекен – алтын бесік». 5мин.\сабақтың тақырыбың «Ай құрбым» клиппен ашамын\
- Балалар, сонымен бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз қалай аталады де ойлайсыңдар? – Атамекен алтын бесік. Атажұрт, атамекен, туған жер – өте кең ұғым. Ол халқымыздың атам заманнан бері мекендеп, сусын ішіп, өмір сүріп, өсіп - өніп келе жатқан кең жазира жері. Бұларға жеке - жеке тоқталатын болсақ, атажұрт - этникалық ұжымның, яғни ру, тайпа, елдің байырғы ата - бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп - өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені. Ал, атамекен ұғымы бізге араб тілінен келген екен."Ата" - көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау болса, мекен сөзі араб тілінде «мәкан» - орын, жай деген мағынаны білдірген. Бұл дегеніміз - туған жер, өңір, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «атақоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, «ата - бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіреді. Отан ұғымдарының баламасына айналған Атамекен еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Туған жер дегеніміз - әр адамның шыр етіп дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Әр адамзаттың бір ғана Отаны, яғни Атамекені болады. Алайда, қазіргі таңда кейбір адамдардың екі Отаны болады. Оған себеп, ғаламдану дәуіріне сәйкес басқа мемлекеттерде тұрып, сол елдің азаматтығын алып, өзінің екінші Отаны деп санайды.
Туған жер мен Атамекеннің айырмашылығына тоқталатын болсам: туған жер деп кіндік қаның тамған жерді айтамыз. Ал, атамекен – ата - бабамыздың білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті жері. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерінің, алып таулары мен жасыл желек жамыла сыңсыған орман - тоғайларының, кең - байтақ, ұлан - ғайыр даласының атаулары мың сан. Бұлардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен біте қайнасып, ғасырлардан ғасырларға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре. Халықтың ұшқыр қиялы, саналы ой, данышпандық зердесі мен ұлттық мінез - құлық болмысының көрінісі. Сонымен атамекен - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.
Жаңа ақпарат: Атамекен туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жиіп, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да атамекенмен тығыз байланыста болады. Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.
Дәйексөз.
І топқа:
Жаңа ақпараттың қорытындысы, түйіні ретінде мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады. Оқулықта берілген «Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың» деген дәйексөздің мағынасын түсіндіріп, Атамекен, туған жердің адам өміріндегі алатын орны туралы сұрайды.
ІІтопқа:
Мұғалім оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат» деген нақыл сөзін қолдана отырып, Атамекен туралы оқушылар пайымдаған ой-пікірлерін тереңдетіп, Отан, Атамекен, туған жер адамға ең қымбат құндылықтар екенін түсіндіруі тиіс.
|
І топқа
ІІ топқа
|
6.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.
Мұстафа Өзтүрік, Халифа Алтай сынды қандастарымыздың өз отанына оралуы жайлы әңгімелеп беру. (Бейнетаспадан көрсету)
«Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша Атамекенді қадірлей білу, мақтаныш ету, баланың өз болашағын атамекенмен байланыстыруы бағытында әңгіме жүргізіледі.
Атамекен ата-бабаның қоныс еткен мекені, Адам қай жерде жүрсе де, қандай биіктерге көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке – ол Атамекен. Мұғалім жаңа ақпаратты талдау барысында адамның бір ғана атамекені болатындығына, ал ғаламдану дәуіріне сәйкес басқа мемлекеттерде тұрып, сол елдің азаматтығын алып, сол елді өзінің екінші отаны санайтын жағдайлар да кездесетіндігіне назар аударғаны жөн.
Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері дамитындығын, Атамекеннің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпаққа байланысты болатындығын айтып әңгімелесуді түйіндейді.
І топқа:
-Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
-Адамның туған жері әрқашан атамекен болама?
-Адамда екі атамекен болама?
ІІ топқа:
-Атамекенің анасындай сүю үшін адам қандай болу керек?
-Туған жеріңде туып өскен қандай азаматтарды мақтан етесің?
-Сенің арман қиялыңда атамекеніне қандай орын берілген?
|
|
7.Мәтінмен жұмыс: 8мин
І топқа: Мәтінмен жүмыс.
Мағынаны тану кезеңінде түртіп алу әдісімен мәтінмен жұмыс жүргіземін
Ғ. Оралбаевтың атамекен туған жер туралы әңгімесімен оқу ұсынылады.
Бір шымшым топырақ.
Мәтінді оқып танысқаннан кейін сүрақтарға жауап беру
1. Атамекен адам үшін маңызы қандай ?
2. «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?
3. Өз атамекенің, туған жерін, Отанын туралы айтып беріңдер.
ІІ топқа:Оқушылардың атамекенді қадірлей білуі, оның адам үшін маңызын терең түсінуі үшін С.Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» романынан берілген үзінді оқылады да, сұрақтарды басшылыққа ала отырып, мәтінге талдау жасалады.
-Қария немересін атамекенге неліктен алыпбарғысы келді?
-Атамекен, атақоныс, атажұрт несімен қымбат?
|
|
8.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 5 мин.
І тапсырма:Шығармашылық жұмыс оқушылардың атамекен, туған жерге байланысты білетін халықтық ұғымдарды естеріне түсіріп, оған пайымдау жасап, өмірде қолдана алу мақсатында ұсынылды.
І топ: М.Шаханов туған жер туралы ойын оқып, талдау жасайды.
ІІ топ: Ш.Айтматов туған жер туралы ойын оқып, талдау жасайды.
ІІ тапсырма:
1-топ: «Менің ауылым» өлең шығару.
2-топ: «Менің ауылым» сурет салу.
9.Дәптермен жұмыс 5мин.
Дәптердегі 1,2-тапсырманы орындау.\І,ІІтоп орындайды\
|
|
10. «Жүректен жүрекке».Топпен ән айту. 3 мин.
Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалады.
|
|
11.Үй тапсырмасы. 2 мин мәтінді оқу, «Менің ауылым» тақырыбында эссе жазу.
|
|
10.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 2 мин.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |