Тілдік мақсат
|
Оқушыларды математика тілінде сөйлей білу дағдысын дамыту:
Сабақ барысында, есеп шығаруда негізгі терминдерді қолдана отырып сөйлеу.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
ондық бөлшек; координаталық сәуле; бірлік кесінді; оннан бір бөлік;
жүзден бір бөлік; мыңнан бір бөлік...
Ондық бөлшек-Десятичный дробь-Decimal fraction
Координаталық сәуле-Координатный луч- Coordinate beam
Бірлік кесінді-Единичный отрезок- Unit interval
Диалогқа қажетті тіркестер:
-координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу үшін...
-координаталық сәуледе ондық бөлшектің бүтін бөлігін белгілеу...
- координаталық сәуледе ондық бөлшектің бөлшек бөлігін белгілеу...
|
Сабақтың басы
2 минут
7 минут
3 минут
3 минут
|
І. Ұйымдастыру:
І.І. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын қадағалау.
II.Білімді белсендіру.
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша оқушы білімін қайталау және бекіту.
1) Математикалық диктант.
1. үш бүтін оннан бір (3,1)
2. Бес бүтін оннан сегіз (5,8)
3. бір бүтін оннан бес (1,5)
4. нөл бүтін жүзден жетпіс (0,70)
5. Жеті бүтін жүзден жиырма бес (7,25)
6. нөл бүтін жүзден он алты (0,16)
7. үш бүтін мыңнан бір жүз жиырма бес ( 3,125)
8. бес бүтін жүзден он екі (5,12)
9. он бүтін жүзден жиырма төрт (10,24)
10. бір бүтін оннан үш (1,3)
2) Ауызша жаттығулар.
Ондық бөлшектерді оқыңдар: 0,2; 1,009; 3,26; 8,1; 607,8; 0,2345; 0,001; 3,07; 27,27; 0,24; 100,001; 3,08; 3,89; 71,007; 5,0023.
3) Ал енді есімізге түсірейік!
Координаталық сәуледе нүкте белгілеу үшін, қажетті... Координаталық сәуледе нүктені қандай әріппен белгілейміз? Нүктенің координатасын қалай жазамыз ? Бағалау критерийі: Оқушылар өткен тақырыпты жақсы меңгерген және берілген тапсырмаларды тез орындады.
|
|
Сабақ ортасы
10 минут
8минут
10 минут
|
ІІ. Жаңа материалмен жұмыс. 1)Проблемалық жағдай: Координаталық сәуле бойына 3,2 ондық бөлшегін белгілеу. Ж:Дұрыс шешімін тапқан жұптар тақтада шешімін белгілеп көрсетеді. 2)Сабақ мақсаты анықталады және берілген тапсырманы орындау дескрипторы құрылады: Оқу мақсаты: 5.5.3.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу; Дескрипторы: 1) Координаталық сәуле бойынан бірлік кесіндіні анықтау; 2) Координаталық сәуле бойына санның бүтін бөлігін белгілеу; 3) Координаталық сәуле бойына санның бөлшек бөлігін белгілеу; 3) Ж: Мысалдар шығару: Әрбір жұпқа екі мысалдан беріледі. Оқушылар өз есептерін шығарып болған соң,мұғалімнің берген үлгісі арқылы өз жұмыстарын және келесі жұптың жұмысын тексереді, құрылған дискриптор бойынша бағалайды. 1-ші жұптың жұмысы: 1) 2, 7; 2) 4, 25 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 2-ші жұптың жұмысы: 1) 3, 4; 2) 5, 18 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу;
3-ші жұптың жұмысы: 1) 1, 6; 2) 3, 12 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 4-ші жұптың жұмысы: 1) 8, 2; 2) 1, 37 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 5-ші жұптың жұмысы: 1) 4, 9; 2) 5, 43 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу;
|
Математика
5 сынып 2 бөлім, Т.Алдамұратова
|
Рефлексия Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшінпайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|