Сабақ Мектеп мұғалімі. Бұл тақырыпты оқып-үйрену үстінде сіздер таңдап


Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер



бет7/92
Дата14.07.2020
өлшемі463 Kb.
#75191
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92
Байланысты:
02.Педагогикалык шеберлик лекция

Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер

Мектеп –ұлттық мәдениетті сақтау кепілі, тәрбие ордасы,Сондықтан ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер, ұйымдастырушылық шеберлік қажет. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» – деп айтқанындай, ұстаз үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу–тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу мұғлімге тікелей байланысты. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет