Смайликтер арқылы топтарға бөлу.
1-топ «Көңілді достар»
2-топ «Тапқыр достар»
3-топ «Білгір достар»
-Өткен сабақта қандай жаңа сөздер естеріңде қалды?
-Қане сол сөздерді үш тілде айтайық.
Өткен сабақты еске түсіру «Қар көшкіні»
Достар туралы муьтфильмнен үзінді көрсету.
Мультфильм кімдер туралы?
Олар қандай достар?
Жаңа сөздермен таныстыру.
Үш тілде хормен айту.
Достар-Друзья-Friends
Жақсы дос-Хороший друг-Good friend
Жеке жұмыс. Сенің досың бар ма?
Досың туралы айтып бер.
Оның аты кім?
Өзара бағалау. «Қол шапалақтау»
Жұптық жұмыс Тапсырма № 1 Сурет бойынша берілген сөздермен сөйлем құрастыру.
Керекті сөздер:бұл,оның аты,жаста,оқиды,бірге ойнаймыз,бірге барамыз,жақсы.
Смайликтермен топтар бірін-бірі бағалайды.
Сергіту сәті. «Қызыл гүлім-ай»
Топтық жұмыс.Сурет бойынша мәтін құрастыру.
-Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Барлық достар жақсы дос бола ала ма?
-Сендер қандай доссыңдар?
Ойлау деңгейі
|
Критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Білу,түсіну
Қолдану
|
Дос сөзінің мағынасын біледі,сурет бойынша жақсы достың іс-әрекетіне баға бере алады.
Сурет бойынша мәтін құрай алады.
|
-суретті талда
-сурет бойынша достардың іс-әрекетіне баға бер.
-сендер суреттегі қандай достың іс-әрекетімен келісесің?
4 сөйлемнен тұратын мәтін құра.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақта.
|
Бағалау «Бағдаршам»
Ойын: : «Ренжістік, достастық»
— Балалар, бүгін біз «Ренжістік, достастық» ойынын ойнаймыз.
— «Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар. Содан кейін «Достастық» деген бұйрық берілгенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрыласыңдар (3 рет қайталау).
«Дос болайық, бәріміз!» әнін тыңдату.
Үй жұмысы. «Дос болайық, бәріміз!» әнінің сөздерін жаттау.
|