Сабақ: Менің отбасымдағы адамдар. Ә. Нұршайықов. «Немере» сынып: 2 а қатысқандар саны


Сөзжүмбақты шешкізу арқылы туыстық атауларды естеріне түсіру



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#90429
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1513911472 (1)

Сөзжүмбақты шешкізу арқылы туыстық атауларды естеріне түсіру.
(ОТБАСЫ) СЕМЬЯ- FAMELY


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Әзілхан Нұршайықов 15 желтоқсан, 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері . Қазақстанның халық жазушысы. Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы болған, 2011 жылы 89 жасында дүние салған.
Әзілхан Нұршайықов
Шығыс Қазақстан облысында туған
Ұлы Отан соғысына қатысқан
Жазушы

Әзілхан Нұршайықовтың «Немере» туралы мәтінін


3 топқа бөліп оқыту.


1-топ
Ақай әкесіне өкпелеп көрген жоқ еді. Өйткені әкесі оның сұрағанын беріп, тілегенін орындайтын. Осыған орай Ақайда сабақты жақсы оқитын. Бірақ ол мұны әкесіне айтып мақтанбайтын. Себебі әкесінің онымен сөйлесетін уақыты жоқ. Ақай алған бағаларын көрсетейін деп дәптерін аша бастаса – ақ, ол: «Жарайды, жарайды, мамаңа көрсет!» - деп қолын бір-ақ сілтейтін.
2-топ
Бір күні Ақайдікіне ауылдағы әжесі келді. Кешке үй іші тегіс үстел басына жиналған кезде әжесі: - Ал, Ақайжан, қалай оқып жатырсың? – деп сұрады. Ақай аузын ашып үлгергенше әкесі жауап берді. – Не қалайы бар, «оқу» деген аты болмаса, бұлардікі әлі былжырақ қой, - деді ол қолындағы газеттен көз алмай. Бұл жауап Ақайдың меселін қайтарып тастады. Өйтпегенде ше?! Ақай әжесіне дәптерлерін ашып, алып жүрген жақсы бағаларын көрсетейін деп отыр еді. Ол аузы бұртиып, әкесіне қарап еді, әкесі мұны елемегендей, әрі қарап кетіпті. Ақай ыза болып: «Өзі білмейді де...» - деп іштей күбірледі.


3-топ
Осы кезде көзі күлімдеп анасы орнынан тұрды. Ол кітап сөресінен үлкен бір кітапты алды да, ұлының алдына әкеліп қойды. – Ақайжан, айналайын, әжеңе «Қобыландыны» оқып берші жақсылап, - деді анасы. Ашуланып отырған Ақай алғашында көңілсіз бастағаны мен, лезде-ақ даусын түзеп алды. Нақышына келтіріп, мүдірместен заулата жөнелді. Немересінің бұл өнеріне сүйсінгендіктен, нұры тайған көзі жасаурап кеткен әже: - Адам болыпты ғой менің құлыным! – деп бауырына тартып, емірене сүйді.
Әр бөлімді оқи отырып мазмұндап өтеді.
Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Сұрақтар :
* Мәтінде қандай отбасы мүшелері аталған?
* Ақай сабақты қалай оқыды?
* Әкесі Ақаймен неге сөйлеспейтін ?
* Ақайдың үйіне ауылдан кім келді?
* Әжесі Ақайдан не сұрады?
* Ақай Қобланды жырын қалай оқыды?
* Әжесі Ақайдың қандай өнеріне сүйсінді?
* Әжесі, анасы Ақайды қалай еркелететін?

Сөзжұмбақ кестесі


«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.


Әр топтың мәтіні жазылған кеспе қағаздар





Дескриптор




Бағалау парақшалары

Сергіту сәті
2 минут

Би билеу




«Көңілді күн» биі



Соңы
8 минут

Мәтіндегі оқиғаға сәйкес кейіпкерлер арасында диалог құрату және сахналап көрсету.

Оқушылар суретпен жұмыс жасайды



Дескриптор

Шығарманың мазмұны бойынша немесе өз сөзімен мазмұндап, үзінді суреттер бойынша сахналайды.

Бағалау парақшалары

Кері байланыс



“Екі жұлдыз, бір тілек” арқылы топтар бірін-біріне бағалау жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет