Сабақ Менің сүйікті жыл мезгілім Қазақ тілі



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі466,51 Kb.
#25672
  1   2
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

3 мектеп-гимназиясы» ММ




Ашық сабақ

Менің сүйікті жыл мезгілім

Қазақ тілі

6 «Б» сынып
2014 – 2015 оқу жылы


Мұғалім: Қабдырашова Айкүміс Қабимоллинқызы


Қостанай - 2015
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

3 мектеп-гимназиясы» ММ


Мұғалім: Қабдырашова Айкүміс Қабимоллинқызы

Күні: 18.04.2015

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті жыл мезгілім

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға жыл мезгілі туралы жалпы түсінік беру, оқушылардың сүйікті жыл мезгілдері туралы ойларын кеңейту. Етістікті қайталау.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: талдау,тұжырымдау,салыстыру,баяндау,шығармашылық

жұмыс, сұрақ- жауап.



Сын тұрғысынан ойлауын дамыту стратегиялары: кластер, сөзжұмбақ, Блум таксономиясы, Жигсо әдісі, «Синквейн» стратегиясы, диалог әдісі

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнетаспа, сызбанұсқа, үлестірмелі кеспелер, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сұрақ-жауап, диалогтік сөйлесу

-Сәлеметсіздер ме оқушылар?

-отырыңыздар

-көңіл-күйлерің қалай?

-бүгін ауа райы қалай?

-бүгін кезекші кім?

-бүгін кім жоқ?

-бүгін нешесі?

-аптаның қай күні?


  1. Оқушыларды 4 топқа бөлу

1-топ – қыс

2-топ – көктем

3-топ – жаз

4-топ – қыс



Бағалау парақтары, бүгін сендер көршілеріңді бағалап отырасыңдар, сабақтың соңында парақтарыңды тапсырасыңдар.

  1. Мен бүгін саған .... тілеймін! / зат есімді қайталау

Оқушылар тізбектеп бірінен-келесіге тілек айтады

Бақыт, жақсы баға, қуаныш, денсаулық, жақсы дос, сәттілік, ....



  1. Қораптың ішінде сендердің бір сыныптастарыңның фотосы бар, ол қандай оқушы?/Сын есімді қайталау

Қораптың ішін әр оқушыға көрсету, қорапта айна....

Соңынан оқушыларға, сендер өздеріңді қандай оқушы екендеріңді бағаладыңдар.



  1. Жаңа сабақ

  • Оқушыларға бүгін сабағымызға қандай мақсат қояйық?

  • Оқушы үш міндеті?



Сұрақ-жауап/ сан есімді қайталау

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

- Әр жыл мезгілінде неше ай бар?

- Ең суық ай?

- Ең ыстық ай?

- Жылдың соңғы айы, қыстың бірінші айы?

- Күн мен түн қашан теңеледі?

- Бір жылда неше ай бар?

-Бір жылда неше күн бар?

- Бір айда неше күн бар?

- Бір күнде неше сағат бар?

- Қар жауып, шаңғы теуіп, аққала жасайтын қай жыл мезгілі?

- Жапырақ сарғайып, жемістер мен көкөністер пісетін қай жыл мезгілі?

- Қар еріп, жылғалардан су ағып, күн шығатын қай жыл мезгілі?



- Далаға шығып, жеңіл киініп, суға шомылатын қай жыл мезгілі?

6. Шығармашылық тапсырма









  • Оқушылар өз жыл мезгілдерің топ бойынша қорғайды



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет