Қорытынды:Өзен мен көл жағалауының табиғаты әдемі. Ондай жерде жайқалған өсімдік, орман, тоғай өседі, қаптаған жануар тіршілік етеді. Суды адам шаруашылықта пайдаланады. Тұщы суды қорғауда мемлекет көп шаралар атқаруда.
ііі. ЖАТТЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ БЛОГЫ
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары Ребустен қандай мақал шығара аласың?
Теңіз тамшыдан құралады. Табиғат көркі - . . . .
Өзен, көл
Сөздер пайда болатындай, қатардағы текшелердің орындарын ауыстырып, сөйлем құрастыр: (Су – тазалық пен денсаулық көзі)
у
с
-
за
та
лық
пен
лық
сау
ден
зі
кө
Адам күнделікті өмірде суды қайда пайдаланады?
Ас әзірлеуге, жуынуға, кір жууға, мал мен егінді суаруға Адамдар қандай суды пайдаланады?
Тұщы Суды ластау көздерін ата.
Фабрика, зауыт, қоқыс, ферма, адам Суды сақтаудағы адамның әрекетін ата.
Табиғатты ластамау, лас суды өзен-көлдерге құймау, тұщы суды үнемдеу Өзен, көл жағаларындағы ағашты кесуге болмайды, неге? Дәлелде.
Суда және су жағасында тіршілік ететін құстар, жануарлар мен өсімдіктерге зиян келеді. ІІ деңгей тапсырмалары Суреттерді анықтап қара. Суды ластайтын қайнар - көздерді қарындашпен қоршап сыз.
ІІІ деңгей тапсырмалары Сөздерді оқы. Жанды табиғат пен суды ластау қайнар - көздерінің мағыналарын беретін сөздердің астын сызып, шыққан ұғымдарды тиісті кестеге толтыр.
І топ. Аулада мәшинесін жуып жатқан адам лас суды жерге төге салды. Аулада бетінде түрлі-түсті жұқа қабығы бар шалшық су қалды. Осындай шалшық су мен одан зардап шегетіндердің суретін сал.
ІІ топ. Өзен жағасында мәшинесін жуып жатқан адам лас суды өзенге қайта төге салды. Судың бетінде түрлі-түсті жұқа қабық бар шалшық су қалдықтар ағып кетті. Су бетіндегі шалшық дақтан зардап шегетіндердің суретін сал.
ІІІ топ. Суды қорғау үшін өзін не істей аласың? Суды қорғау белгілерді ойластырып суретін сал.
V. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ БЛОГЫ
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.