Сабақ МҰҒалімге ақпарат  Тақырыбы: • Су, судың күйі, қасиеті Күтілетін нәтиже



бет8/15
Дата22.08.2017
өлшемі2,62 Mb.
#24587
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




20-слайд Жас дос!

Судың басқа да қасиеттерін анықтайтын қызықты тәжірибелер жаса.



Жасаған тәжірибелерің сәтті болсын!



21-слайд Сөздік

Газ – кеңістікке түгел жайылып, оны тегіс толтыратын зат (нәрсе).

Су буыұсақ су тамшыларының жиналып, газ тәрізді қалыпқа келуі.

Дәруіш – дүние қызығынан безген адам, диуана.







іі. лОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР БЛОГЫ




Мына кестені толтыра отырып, сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Су жайлы түсінігіңді жаз

Судың қандай күйлері болады?

Судың қасиеттерін жаз

Су – адамның тіршілігі үшін қажетті сұйық зат.

Су өсімдіктердің,

жануарлардың тіршілік ортасы.


Су қатты, сұйық және газ күйінде болады

Түссіз, мөлдір, сұйық күйінде пішіні жоқ, иіс жоқ, дәмі болмайды,

сұйық күйінде ағып кетеді, еріткіш.



Қорытынды:Жанды табиғаттың бәріне де су қажет.Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр.Су табиғатта негізінен сұйық күйде кездеседі. Сұйық күйіндегі су топыраққа сіңеді. Ол қатты, сұйық және газ күйінде болады. Ауа тәрізді судың да қасиеттері бар.





ііі. ЖАТТЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ БЛОГЫ





Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары

  1. Жұмбақты шеш.

Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді,

Аузы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік,

Айтыңдаршы, осыны кім біледі? (Су)

  1. Судың қасиеттерін жалғастыр:

Су түссіз, мөлдір, сұйық күйінде пішіні жоқ, иіс жоқ, дәмі болмайды,

сұйық күйінде ағып кетеді, еріткіш.

  1. Суды неге ерекше зат дейміз?

Су тіршілігі үшін қажетті.

  1. Жер бетіндегі судың құрылықтан көп екендігін қалай дәлелдей алар едің?

Ғарыштан қарағандағы ғаламшарымыздың көрінісінен.

  1. Қар, мұз, бу деген не?

Судың күйі

  1. Бу ауаның құрамына еніп не түзеді?

Бұлт

  1. Табиғатта су қайда кездеседі?

Бұлақ, өзен, көл, мұхиттарда.

  1. Шәйнектегі су қайнағанда азайып ортаяды. Неге?

Жоғары температурада су буға айналып ауаның құрамына еніп кетеді.
ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Тәжірибе жаса. Қорытынды шығар.

Қажетті заттар: стақан, түсті қағаздар жолағы, су.

Тәжірибе барысы:

  1. Стақанға су құй.

  2. Оған әр түсті қағаз жолақтарын кезекпен салып, оны судың түсімен

салыстыр.

Судың түсін қызыл, сары, көк деп айтуға бола ма?


Қорытынды: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІІ деңгей тапсырмалары

1.Венн диаграммасы арқылы судың қасиетін ауаның қасиетімен салыстырып, қасиетінің түрлерін ерекшеле.









іV. иНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ БЛОГЫ



Топтық жұмыс. Оқулықтағы тәжірибе арқылы судың қасиетін анықтап, қорытынды шығар.



І топ. Судың пішіні қандай?

ІІ топ. Судың дәмі қандай?

ІІІ топ. Судың иісі қандай?

ІV топ. Су сұйық күйде қандай қасиетке ие?

V топ. Су заттарды еріте ала ма?





V. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ БЛОГЫ




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



12 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:




• Судың табиғат пен адам өмірі үшін маңызы

Күтілетін нәтиже:




Білім

• Су–жанды табиғат тіршілігі үшін қажетті сұйық зат екенін есіне түсіреді. Судың маңызын біледі.




Түсінік

• Су адам өміріне, табиғат үшін өте қажет екенін түсінеді.




Қолданыс

• Адамның суға зиян келтіретін іс-әрекеттерін көрсетеді.




Анализ

• Суды ластайтын қайнар - көздерден зардап шегетін жанды табиғат заттарын айырып таниды.




Синтез

• Судың табиғат және адам өмірімен байланысын анықтайды.




Баға

• Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс деп ой түйіндейді.




Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат блогы. (10 мин)

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин)

ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы (10 мин)

V. Күтілетін нәтиже блогы (5 мин)

Оқыту әдісі:




• Танымдық, ішінара - зерттеушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




Бастапқы ақпарат береді, оқушыларға қажет болғанда көмектеседі, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын ұйымдастырады, қадағалайды.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:




• Белсенді танымдық.

Танымдық тапсырмалар:




• Сабақтың ЛТ, ЖБЕА және ИТр блогында беріледі.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:




• Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ЛТ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту;
ЖБЕА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ИТр блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




Логикалық ойлау, ой қорыту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, жұмысқа белсенді атсалыса білу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




• үнемді, суды ластау, қорғау, тұщы, ащы сулар

Ақпарат көздері:




1. Дүниетану. Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы.- Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013.-15 б.-3, 6-8 б.б.

2. Дүниетану: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған оқулық /Аймағамбетова Қ. А., Ким Н. А., Мырзақанова Г. Д. – Алматы: Алматыкітап, 2013.-104 б.

2. Дүниетану: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған оқулық /Аймағамбетова Қ.А., Идилова Т.С.– Алматы: Алматыкітап, 2009.-128 б.

3. Б. Л. Хаджиева. Дүниетану. Әдістемелік құрал. Жалпы білім беретін


11 жылдық мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Алматыкітап, 2009. – 112 б.(3 б.)

4. Дүниетану: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 1-сыныбына арналған оқулық /Аймағамбетова Қ.А., Идилова Т.С.– Алматы: Алматыкітап, 2012.-144 б.



Қосымша материалдар

1. Дүниетану: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық / К.Жүнісова, Қ.А.Аймағамбетова, З.Ф.Олейник–Алматы: Атамұра, 1998.-152 б.

2. Дүниетану: Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық /
К. Жүнісқызы, Аймағамбетова Қ. А., Н. Нұрахметов - Алматы: Атамұра,
2001.-160 б.

3. «Негеш» балалар энциклопедиясы./Дитрих А., Юрмин Г., Кошурникова Р. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы».-1995.-336 б. -214-215 бб.

4. Б. Л. Хаджиева. Мен әлемді зерттеймін. Жұмыс дәптері. Алматы: Алматыкітап, 2012.-36 б.

5. Қ. А. Аймағамбетова. Мен және бәрі, бәрі, бәрі...: Қоршаған ортамен таныстыру. –Алматы: «Аруна» баспасы.-76 б.(42 б.)

6. Ә. Ысқабаев. 777 жұмбақ.- Алматы: «Ана тілі», ЖШС, 2002. -136 б. – 13 б.

7. Менің алғашқы энциклопедиям. / Құраст.: А. Ү. Сужикова, Ф. С. Лекерова,


М. Қ. Солтанғазина. Алматы: Алматыкітап. -2007.- 392 б.

8. Дүниетану. Бастауыш сынып оқушыларына арналған қысқаша анықтамалық.


1-4 сыныптар. / Құраст. В. П. Слепнева, Ауд. Р. О. Рақымбек. – Көкшетау: Келешек – 2030, 2012. - 158 б.(39-40 б.б.)

9. Оқушы анықтамалығы. 1-4 сыныптар. Алматы: «Алматыкітап» ЖШС,


2012-640 б, (518-519 б.б.)

10. С. В. Кругликова. Дүниетану. Атлас - хрестоматия, 1-4 сынып. Алматы


«Pride Print», 2009.-26 б.-15 б.

11. Р. Б. Нұртазина, А. Д. Сейсенова. Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын! Алматы: Арман - ПВ. – 2006.- 14 б.

12. Орфографиялық сөздік / Құраст.: Н. Уәлиұлы, А. Фазылжанова,
Қ. Күдеринова, Ғ. Әнес. – Алматы: Тіл білімі институты, 2007. – 480 бет.

13. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.



Сабақты бағалау:




• Оқушының оқу іс-әрекеті ол сабақтың технологиялық картасындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ИТр блогындағы тапсырманы және үй тапсырмасын орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

Үй тапсырмасы:




• Су жайлы мақал-мәтел, жұмбақ, тақпақ немесе қызықты ақпарат тауып жаз.




САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ БЛОГЫ





Тақырып жоспары:

Еске түсіру. Су - тіршілікке қажетті сұйық зат.

1.Судың табиғаттағы маңызы.

2.Суды адам өміріндегі маңызы.

3.Судың ластану зардабы.

4.Суды таза сақтаудың ережелері.

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд

Сабақтың мақсаты






3-слайд

Тақырып жоспары






4-слайд Еске түсіру. Су - тіршілікке қажетті сұйық зат

Шөлдедің. Саған не қажет?



Шөлдегенде – су қажет!

Адам 5-7 күн ғана су ішпей жүре алады



Су – адамның тіршілігі үшін қажетті сұйық зат

Каталог: materialy -> bastaysh4
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
materialy -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
bastaysh4 -> Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы №120 жалпы орта мектебі кмм
bastaysh4 -> Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы №120 жалпы орта мектебі кмм
bastaysh4 -> Сабақ тақырыбы 63 + 37, 100 37 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
bastaysh4 -> «Алтыбақан» Қыз қуу
bastaysh4 -> Интеллектуалды ойын Бастауыш сынып мұғалімі: Г. Садирова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет