Сабақ
|
Мұхит ат.ЖОББМ
|
Тақырыбы:
|
Көпжақтардың бүйір және толық бетінің ауданы
|
Күні:
|
Искакова Ш
|
Сынып: 11 б
|
Қатысуы тиіс: 11
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
|
Оқушыларға көпжақтардың бүйір және толық бетінің ауданын табуды үйрету
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар призма, пирамида, параллелипипедтің бүйір беті мен толық бетінің ауданын табу формуласын біледі
|
Оқушылар призма, пирамида, параллелипипедтің бүйір беті мен толық бетінің ауданын табу формуласын пайдаланып есептер шығара алады
|
Оқушылар көпжақтардың қималарының ауданын таба алады
|
Тілдік мақсат.
|
Көпжақтардың анықтамасы
|
Пирамида, призманың жазбалары
|
Формуларады жатқа білу
|
Алдыңғы тақырып
|
Қиық пирамида
|
Жоспар
|
Басталуы
Қызығушылықты ояту
|
Оқушыларды оқушыларды 3 топқа бөлемін.
Пирамида, Призма, Параллелипипед
Геометриялық денелер туралы жұмбақтар
1) Дұрыс алты жақ ,
Атын ойлап тап. /куб/
2) Оқушы жәшік құрады,
Үш өлшемнен тұрады. / параллелепипед/
3) Табандары – көпбұрыш ,
Жақтары тіктөртбұрыш. /тік призма/
4) Египетте қаланған ,
Пифагордан нәр алған . /пирамида/
Оқушыларға көпжақтарды қайталауға арналған сұрақтарды беремін.
Пирамида деген не?
апофема деген не?
пирамиданың элементтерін ата
Қиық пирамида деген не?
параллелипипед деген қандай көпжақ?
Дұрыс пирамида деген не?
Призма деген не?
Дұрыс көпжақ деген не?
|
Үлестірме қағаз
|
Ортасы
Мағынаны тану
|
1 топ: Постер қорғау
2 топ: ТВ-шоу
3 топ: Менталді карта әдістері бойынша тақырыпты түсіндіріп шығады
Есептер шығару
1. Пирамиданың табаны - қабырғалары 40 см, 25 см, 25 см болатын тең бүйірлі үшбұрыш. Оның биіктігі 8 см және үшбұрыштың 40 см қабырғасына қарсы жатқан бұрыштың төбесі арқылы өтеді. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
2. Тік призманың табанының катеттері 15см және 20см болатын тікбұрышты үшбұрыш. Призманың үлкен бүйір жағы мен табаны бірдей. Призманың бүйір және толық бетінің ауданын тап.
3.Тікбұрышты параллелепипедтің диагоналдық қимасының ауданы 25см2. ал параллелепипедтің диагоналы см. параллелепипедтің биіктігін табыңдар.
Әр топ оқушылар шығарған есептерін талдап, түсіндіреді.
|
Үлестірме қағаз
1-топ.:
2 -топ:
|