Барлық оқушылар: Тақырыпты меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, талқылайды, күрделі тасырмаларды орындауға дағдыланады
Бағалау критерийлері
-функцияның анықталу облысын таады
- функцияның мәндерінің жиынын табады
Берілгендерді зерттеп, функцияның анықталу облысы мен мәндерінің жиынын сөзбен сипаттау, графикалық, кестелік және аналитикалық берілу тәсілдері арқылы табады.
Өтілген материалды қайталау
Функция дегеніміз не?
Функция қандай тәсілдермен берілуі мүмкін?
Тәуелсіз айнымалыныбасқаша қалай атауға болады?
Тәуелді айнымалыны қалай басқаша атауға болады?
Жазбаша дәптерде орындаңыздар
1.Функциялардың графиктерін пайдаланып, анықталу облысы мен мәндерінің жиынын анықтаңыз:
Жазбаша дәптерде орындаңыздар.
2.АВСсынық сызық – қандай да бір функцияның графигі, мұндағы және .Графикті салыңыз және график бойынша орындаңыз:
анықталу облысы мен мәндер жиынын;
1.Функция ұғымын еске түсірейік. Сандық функция деп берiлген жиыннан алынған әрбiр х санына тек бiр у саны сәйкестендiрiлетiн сәйкестiктi айтады. Сөйтiп, оны былайша белгiлейдi: y=f(x), мұндағы х – тәуелсiз айнымалы шама (функцияның аргументi), у – тәуелдi айнымалы шама деп аталады.
х-тiң қабылдайтын мәндерiнiң жиынын функцияның анықталу облысы деп атайды. әдетте оны Д деп белгiлейдi.
у-тiң қабылдайтын мәндерiнiң жиынын функцияның өзгеру облысы немесе функцияның мәндерiнiң жиыны деп атайды. Әдетте оны Е деп белгiлейдi.
Функцияның графигi деп жазықтықтағы координаталары (х,f(x)) болатын нүктелердiң жиынын айтады.
2. Функцияның берiлу тәсiлдерi Аналитикалық тәсiл. Функция математикалық формула арқылыберiледi.
Мысал: y=x2, y=lnx.
Таблицалық тәсiл. Функция таблица арқылыберiледi