Ортасы
5
Мин
5
5
(2минут)
5
5
|
ІІІ.Сабақтың тақырыбын, мақсатын және критерийін таныстыру.
Сөздікпен жұмыс.
Во дворе –аулада
доп-мяч
рисую-сурет саламын
ойнаймын-играю.
1-тапсырмада оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударамын.Берілген мәтін үлгісі арқылы жаңа сөздермен танысады және сөйлесу үлгісіне аудару.
Тыңдау арқылы оқушылар: Сен аулада не істейсің?деген сұраққа жауап береді: Мен аулада ойнаймын.Мен асық ойнаймын.Мен сурет саламын.Мен велосипед тебемін.Оқушылармен мәтінді тыңдау, қайталау жұмыстарын жүргіземін, осы сұрақ-жауап үлгілері негізінде өзінің аулада не істейтінін айтуға жаттығады.
Дескриптор.
-Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен аулада қандай ойын түрлерімен ойнайтынын айтты.
-Мәтін бойынша сұрақтар қоямын.
(Қ.Б). «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
2-тапсырмада оқушылар сұраққа жауап беріп, толықтырып айтуға жаттығады.Берілген сөздерді(футбол, асық, сурет, велосипед) тағы бір қайталайды, ойнаймын,тебемін, саламын етістіктерін пысықтайды.Оқушылар топта, жұпта бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.
Ширату жаттығу:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып ,
Біраз сергіп қаламыз.
Осыдан кейін оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударамын. Етістіктердің болымсыз түрін қалай айту керек екенін үйретемін. /асық ойнаймын, ойнамаймын, велосипед тебемін, теппеймін, сурет саламын, салмаймын / деп айтып жаттығады.
Оқушылардың назарын мына белгілерге /х, v/ аударады, бұл белгілер басқа да тапсырмаларында кездеседі, бірі болымды, екіншісі болымсыз етістікті білдіреді, яғни бір нәрсені істейтінін немесе істемейтінін көрсетеді.
3-тапсырмада оқушыларды толықтырып айтуға жаттықтырады. Алдында айтылып кеткен белгілердің сипаты бойынша оқушылар не істейтіндерін, не істемейтіндерін айтады. Оқушылардың жауаптары: Мен велосипед тебемін. Мен асық ойнамаймын. Мен сурет салмаймын. Мен футбол ойнаймын.
(Ж)4-тапсырмада арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына:Сен аулада не істейсің?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Содан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Бұл үлгіні алдыңғы сабақтарда үйренген сұрақтармен толықтыруға болады, яғни балалар бір-бірімен амандасады. Содан кейін бір-бірінен атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, аулада не істейтінін сұрайды.
(Мен аулада велосипед тебемін.Мен асық ойнаймын.Мен сурет саламын.Мен доп ойнаймын).
|