Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі48,35 Kb.
#25353
түріСабақ


бақтың тақырыбы: Модель және модельдеу.

Сынып 5




Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға модель және модельдеумен тақырыбымен таныстыру мен олар туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Модель және модельдеуді біледі.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Модель және модельдеу әдістерінің өмірде қолдануын біледі.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Модельдеу кезеңдерін біледі.

Тілдік мақсат:

Модельдеу, моделирование, model.

Ресурстар:

Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, көрсетілім.

Алдыңғы оқу:

Мәтіндік редакторындағы кестемен жұмыс.

Сабақтың жоспары

Сабақ барысы

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер:


Бағалау критерийлері



Ұйымдастыру кезеңі

(психологиялық ахуал қалыптастыру)

(1-2 минут)

Сыныпқы кіріп, оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

Оқушыларға бағалау критериларымен түсіндіру.

Үй тапсырмасын сұрау.

(13 – 14 минут)

Үй тапсырмасын қорытындылау.

1 - деңгей (білу, түсіну)



«Кім жылдам?» ойыны ( сұрақ-жауап әдісі)

1.Мәтіндік редакторға қандай программалар жатады?

2.M. Word редакторын қалай қосамыз?

3.Құжатты қалай құрамыз және қалай сақтаймыз?

4. Мәтінді қалай пішімдейміз?

5. Мәтіндерді ерекшеленетін қандай тәсілдерді білесіңдер?



Әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға 1 балдан береміз.

2 – деңгей ( қолдану, талдау).

  1. Мәтіндік редакторында кесте қалай құрылады?

  2. Кестедегі бағана мен жол дегеніміз не?

Әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға 2 балдан береміз.

3 – деңгей ( жинақтау, бағалау ).

  1. Компьютерде кестемен жұмыс істеу.

  2. Компьютерде сынып тізімінің кестесін дайындау.

Әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға 3 балдан береміз.

Жаңа сабақ

(20 – 21 минут)





«Ойлан, жұптас, пікірлес»  әдісі арқылы жаңа сабақтың материалдары мен таныстырамын.

Нұсқау.

1.Оқушылар тақырыпты оқулықтан оқып танысады ( жеке жұмыс ).

2. Оқушылар бір – бірімен тақырыпты талқылайды ( жұптық жұмыс ).

3. Оқушылар осы жаңа сабақ туралы түсінгенін айтады.





Сабақты бекіту

4 – 5 минут

1 – деңгей ( білу, түсіну).


  1. Модель дегеніміз не?

  2. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?

  3. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.

1 сұрақ – дұрыс жауабы – 1 балл.

2 – деңгей ( қолдану, талдау).

  1. Бір нысанның көптеген моделі болады, бұны қалай түсіндіресіңдер.

  2. «Үстел нысанын модельдеуге мысал келтіріңдер..

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға – 2 балл.

3 – деңгей ( жинақтау, бағалау ).

  1. «Найзағай» нысанын модельдеуге мысал келтіріңдер.

  2. Есепті модельдеудің екі типін атаңдар. Мысыл келтіріңдер.

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға – 3 балл.

Үйге тапсырма

(1 минут)

1 – деңгей (білу, түсіну)


§13 Модель және модельдеу.

  1. Әр оқушы өзінің үйіндегі бөлмесінің моделін сызып келіңдер.

  2. Геометриялық модельді қолдануға мысал келтіріңдер.




2 – деңгей ( қолдану, талдау)

  1. Сабаққа кешігу барысында жиналатын түсіктеменің сөздік моделін құрыңдар. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады.




3 деңгей (шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

  1. Мектеп ауласының ауданын есептейтін модель құрыңдар.

  2. «Математикалық модель» дегеніміз не?




Бағалау

(2 минут)


Өткен тақырып  бойынша білім, білік дағдысы.

Жаңа тақырыпты түсіну

Практикада қолданылуы

 Тапсырманың эстетикалық орындалуы

«5» - 9 – 12 балл

«4» - 6 – 8

«3» - 3 – 5

«2» - 0 - 2







Кері байланыс

(1 минут)



Оқушылар стикерге өз ойларын жазып «Білім ағашына» жапсырады.










Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет