Сабақ негізделген оқу мақсаты



бет1/2
Дата29.03.2017
өлшемі313,87 Kb.
#12650
түріСабақ
  1   2

Сабақ 56

Мектеп Қант зауыты

Күні 25.01.2016

Мұғалім есімі Қаупанова Айдана Ерікқызы

Тақырыбы:

Етістер.Өздік етіс.

Сынып 6б

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Оқушылар етістер туралы мағлұмат ала отырып, өздік етіспен танысады. Өздік етіске байланысты жаттығуларды орындауды үйренеді.

Оқу нәтижелері


Барлық оқушылар

Оқушылардың басым бөлігі

  • Мазмұны күрделенген мәтіндегі етістердің түрлерін таба біледі.

Кейбір оқушылар

  • Етістер түрлерін қатыстыра отырып өздігінен мәтіндер құрастыра алады және талдай алады.

Алдыңғы оқу

Сабақты етістік пен салт етістіктер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар




Басталуы

Психологиялық дайындық. «Жүрек лебізі» ойыны. Оқушылар жүректі бір-біріне ұсыну арқылы бір ауыз сөзбен ізгі тілектерін білдіреді. «Даналық ағашы» атты ойынды қолдана отырып, өткен тақырыпты пысықтау. Даналық ағаштың жапырағының артында үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді. Ақпарат құралдарын қолдана отырып, сабақты етістік пен салт етістікті қатыстырып құрастырған мәтіндерін талдату.

Қадағалау, бақылау, жұлдызшалармен ынталандыру

Ортасы

Мағынаны тану. «Ойлан, жұптас, талқыла».

Топтағы оқушылар өздік етіс бойынша ереже мәтінің оқиды, жұптасып отырған оқушылар бір-біріне түсіндіреді. Одан кейін топ ішінде бірлесіп, ортақ пікір қалыптастырып тірек сызбасын салады, қорғайды.

Өздік етіс -қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіреді. Мысалы: Самал ерте тұрып, өзі жуынды. Қызыл-жасыл киінген биші қыздар тойдың сәнін келтірді.

3. Қосымша түсінік. (Интерактивті тақтаны қолдану).

Тұлғалас формалар

1) -ын,-ін, - сөз тудырушы жұрнақтар. Мысалы: көр+ін, жу+ын.

2)-ын,-ін,¬ - өздік етіс жұрнағы. Мысалы: Балалар өздері ки+ін+ді.

- ы+н,-і+н – жалғаулар.

-ы,- і -тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, -н- табыс септігінің жалғауы.Мысалы: Сабағ+ы+н орындады.

«Формативті сұрау» әдісін қолдана отырып, тақырыпты қалай меңгергендігін тексеру. Интерактивті тақтадан оқушыларға бірнеше суреттерді көрсету арқылы әр топқа етістер мен өздік етістері бар мысалдар келтіруді ұсыну, талдау.

Жаттығу жұмыстарын жасату.

187-жаттығу. Қажетті жұрнақтарды жалғап,берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.

188-жаттығу. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар,қалай жасалғанын айтыңдар.

«Кім шебер». Берілген сурет бойынша өздік етісі бар мәтіндер құрастырыңдар.



Қадағалау, бақылау, ынталандыру.

Топтар өзара «бір жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау, өзін-өзі бағалау.


Топтар өзара бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Жұппен бағалау әдісі.



Аяқталуы

«Қарлы кесек» ойынын қолдана отырып, сабақты қорытындылау. «ББҮ» әдісін қолдана отырып, сабаққа кері байланыс алу. Бағалау парағы бойынша өздерін өздері бағалайды. Үйге: құрамында өздік етіс бар мақал-мәтелдерді тауып келу.

Өзін-өзі бағалау

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ құзыреттілігі


Бақылау, қадағалау, нұсқау беру

Қадағалау, бақылау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нәтижелері бойынша бағалау. Сабаққа кері байланыс алу. Сұрақ қою арқылы да бағалау.

АКТ қолдана отырып мәтін құрастыру. Бейнелеу өнері, әдебиет.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ оқу мақсатына сәйкес өткізілді.

Оқушылар етістер, олардың түрлерін ажырата білді. Етістерді қолданып мәтіндер құрастырып талдай білді.

Сыныпта оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасай білді. Өзара бағалау жұмыстары жүргізілді.

Сабақ бойынша жоспарлаған жұмыстарымның бәрі орындалды. Соның ішінде ақпарат құралдарды қолдана отырып өздігінен мәтін құрастыру, «Қарлы кесек» ойыны арқылы сабақты қорытындылау тиімді болды.

Сабақта таймерді қолданып, уақытты тиімді қолдану қажет деп ойлаймын.

Уақытты үнемдеу үшін сурет бойынша мәтін құрастыру барысында мәтіннің сөйлемдерін қысқарттым.





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Даналық ағаш» әдісін қолданып үй тапсырмасын сұрау табысты болды.

2. «Қарлы кесек» ойыны арқылы қорытындылау, «ББҮ» әдісін қолдана отырып, сабаққа кері байланыс алу тиімді болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін қолдану арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеріп, тірек сызба арқылы класстерді қолдана отырып, жаңа тақырып бойынша ережелерді айтып, мысалдар келтіріп сабақты өздігінен меңгеруі тиімді болды.

2. Өзара бағалау, «Бір жұлдыз,бір тілек», «Бағдаршам» әдістерін қолдану арқылы бағалау және жұлдызшалармен ынталандыру оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырды..

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. Сабақта уақытты тиімді қолдану үшін таймерді қолдану керек.

2.Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау барысында оқушылардың бір-біріне ұсынысты дұрыс айта білуге үйрету.



Бірінші(ілгері) деңгей мұғалімі Тулегенова Кульмира Сағымбековнаның рефлексивтік есебі.

Қаңтардың 25 күні Қаупанова Айдана Ерікқызы 6б сыныбында өткізген «Етістер. Өздік етіс» тақырыбында өткізген сабағына қатыстым. Сабақ жоспарын бірлесіп, кеңесе отырып жоспарладық. Айдана сабағын «Жүрек лебізі» әдісін қолдану арқылы оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра отырып бастады. Оқушылар жүректі бір-біріне ұсыну арқылы бір ауыз сөзбен бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. «Даналық ағашы» әдісін қолдана отырып, өткен тақырыпты пысықтады. Оқушылар ақпарат құралдарын қолдана отырып, үйден етістік пен салт етістікті қатыстырып құрастырып келген мәтіндерін сабақта талдай отырып, өздерінің ізденістерін, білімдерін көрсете білді. Мәтінді құрастыру барысында оқушылардың ақпараттық құралдарды тиімді қолданғаны байқалды. Сабақтың «Ойлан, жұптас, талқыла» бөлімінде оқушылар өз бетімен жаңа тақырыппен танысып жұптаса отырып бір-біріне түсіндіріп, одан кейін топ ішінде бірлесіп, ортақ пікір қалыптастырып тірек сызбасын салып, мысалдар келтіріп, топтар тақтада қорғады. Оқушылар өз ойларын жеткізіп айтып, нақты мысалдар келтіре білді. Мұғалім интерактивті тақтаны қолдана отырып, «Етістер. Өздік етіс» тақырыбына нақты мысалдарды келтіріп, қосымша түсініктер берді.



Мұғалім сабақта «Формативті сұрау» әдісін ұтымды қолдана отырып, оқушылардың ой өрісін дамытты. Оқушылар сурет бойынша етістер мен өздік етістері бар сөйлемдер құрастырып, оларды талдады. Оқулықпен де жұмыс жасап 187 жаттығуда сөздерден өздік етіс құрастырып, 188 жаттығуда өздік етісті анықтай білді. «Кім шебер» ойнынында берілген сурет бойынша өздік етісі бар мәтіндерді оқушылар жақсы құрастырды. «Қарлы кесек» ойынын қолдана отырып, сабақты қорытындылап, «ББҮ» әдісін қолдана отырып, сабаққа кері байланыс алынды. Оқушылар сабақ барысында өзара бағалау, «Бір жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» әдістерін қолданды. Мұғалімнің оқушыларды жұлдызшалармен ынталандыруы оқушылардың сабаққа қызығушылығын қалыптастырды. Сабақ соңында бағалау парағы бойынша өздерін өздері бағалау жүзеге асты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет